Көкпекті ауданы бойынша мәдениет ұйымдары туралы 2025-2026 жылдарға
АҚПАРАТ
Ауданда қазіргі уақытта:1 мәдениет үйі, 12 ауылдық клуб, 1 аудандық тарихи-өлкетану мұражайы тұрақты түрде жұмыс атқарады. Аудандық Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйі мен Үкіліқыз ауылдық клубы, аудандық тарихи-өлкетану мұражайы «Мәдениет орталығы» КМҚК-ның теңгерімінде. Қалған 11 ауылдық клуб ауылдық округ әкімдіктерінің теңгерімінде.
Аталған мекемелер аудан халқының рухани сұранысын қамтамасыз етумен қатар, ұлттық мәдениеттің сақталуы мен дамуында маңызды рөл атқаруда.
Мәдениет ошақтарында тұрақты түрде 50 үйірме жұмыс атқарады. Үйірме қатысушылар саныы: 559 адам.
Аудандық тарихи-өлкетану мұражайында 2025 жылы 105 экскурсия, 19 тақырыптық көрме, 19 ауқымды іс-шара өткізілді. Келушілер саны: 739 адам. Экспонаттар саны: 3923 дана.
2025 жылы аудандық мәдени ошақтарда 332 атаулы күндер мен мемлекеттік мерекелерге арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді. Қатысушылар саны: 22706 адам. Атап айтсақ: Ескі жаңа жыл,Ескендір Хасанғалиевтың 85 жылдық мерейтойына арналған тақырыптық кеш, «Есіңде ме сол бір кез» атты ретро концерт, Алғыс айту күні, «Толағай сұлуы» атты аудандық сайысы, «Ата мұра-ұрпаққа мирас» атты қолөнер көрме жәрмеңкесі, Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылуының 36 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, 8 наурыз, Бородулиха ауданындағы «Елден сәлем» атты Көкпекті ауданының мәдени күні, Көкпекті ауданындағы Бородулиха ауданының мәдени күні, 14-22 наурыз күндері «Наурызнама» тұжырымдамасы, Әз-Наурыз, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы, Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы, Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жылдығы, 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Балалар күні, «Абай елі – өнер кеніші» облыстық көркемөнерпаздар байқауы, Рәміздер күні, Полиция күні, Мемлекеттік қызметкерлер күні, Домбыра күні, Астана күні, 11-12 шілде «Көркейген өлке –Көкпекті» атты спорт және мәдениет фестивалі, 4-10 тамыз күндері Абай күніне арналған танымдық іс-шаралар, Жастар күні, Ұстаздар күні, Отбасы күні, Төтенше жағдайлар Министрлігінің 30 жылдығы, «Ас атасы-нан» жәрмеңкесі, Әлеуметтік сала қызметкерлері күні, Кәсіпкерлер күні , Қарттар күні, Қаржыгерлер және Ұлттық валюта- Теңге күні, Ауыл шаруашылығы күні,Тәуелсіздік күніне арналған еске алу кештері, «Көкпекті барысы»іс-шарасы және т.б.
2026 жылдың басынан мәдени ошақтарда 150 іс-шара өткізілді. Келушілер саны: 9367 адам. Атап айтсақ: Ескі жаңа жыл,Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған тақырыптық кеш, «Есіңдеме сол бір кез» атты ретро концерттің 20 жылдығына және «Толағай» вокалды аспаптық ансамблінің 55 жылдығына арналған дәстүрлі ретро концерт, Алғыс айту күні, 8 наурыз, «Толағай сұлуы» атты аудандық сайысы, «Ата мұра-ұрпаққа мирас» атты қолөнер көрме жәрмеңкесі, Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылуының 37 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 31 жылдығы, 8 наурыз, 14-22 наурыз күндері «Наурызнама» тұжырымдамасы, Әз-Наурыз, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-тұғырым,Қазақстан мақтанышым» атты Көкпекті орталығының мекемелері мен ұйымдары арасында көркемөнерпаздар байқауы, Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына, ақын Күләш Ахметованың 80 жылдығына және этнограф, фольклортанушы Әбібәкір Ахметжановтың 170 жылдығына арналған "Сөз өнерінің саңлақтары" поэзия кеші, «Абай елі-өнер кеніші» атты облыстық көркемөнерпаздар байқауы және т.б.
Жетістіктері мен марапаттары:
2025 жылы Көкпекті ауданының өнерпаздары «Абай елі - өнер кеніші» көркемөнерпаздар байқауына қатысып, 1 000 000 теңге сертификат иеленді.
2025 жылдың 29 сәуірінде Семей қаласында өткен "ArtOPEN-2025" II облыстық хореографиялық өнер бойынша конкурс –фестиваліне Көкпекті ауданының Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің "Балауса" би топтары қатысты. "Балауса" кіші би тобы жүлделі 3 орын иеленді.
Қайратұлы Нұрлан «Үздік жүргізуші» номинациясына ие болды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық ұйымдардың Республикалық Фестиваль-байқауының Абай облыстық турында Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің ұжымдары «Халық аспаптары» номинациясы бойынша «Толағай сазы» фольклорлық ансамблі 2 орын, «Халық биі» номинациясы бойынша «Балауса» орта би тобы 3 орын жеңіп алды.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Н.Б.Тоянкенов, К.Н.Аткешова, К.С.Садвакасова «Қазақ мәдениетінің қайраткері» төс белгісімен марапатталды.
2026 жылы Абай облысы мәдениет басқармасының ұйымдастырылуымен өткізілген «Руханият - 2026» облыстық сыйлығының «ҮЗДІК БИ ӨНЕРІ» аталымын Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің хореографы Оспанова Нарқыз Елубекқызы жеңіп алды.
Материалдық-техникалық база:
Материалдық техникалық базаны нығайту мақсатында 2025 жылы Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің жаздық сахнасына 12 200 000 теңгеге ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді, 14 669 840 теңгеге музыкалық аппаратура жаңартылды, 2 374 400 теңгеге Электр генераторы, 13 975 000 теңгеге театр креслолары, 1 900 000 теңгеге сахналық киімдер алынды.
2026 жылы материалдық техникалық базаны нығайту мақсатында аудандық бюджеттен Үкіліқыз ауылдық клубының шатырына ағымдағы жөндеуге 3 789 657 теңге және клуб ғимаратының ішіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1 786 400 теңге қаражат бөлінді.