Көкпекті ауданы білім бөлімі бойынша АҚПАРАТ

Көкпекті ауданының білім бөліміне қарасты 18 мектеп, 6 балабақша (оның ішінде 3 мемлекеттік және 3 жекеменшік), сондай-ақ 1 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Жалпы оқушылар саны – 2152.

2026 жылғы жағдай бойынша Көкпекті ауданында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 13 бала бар. Оның ішінде 1 бала патронаттық тәрбиеде тәрбиеленуде. Барлық балалар тұрғын үй алу кезегіне қойылған.

2025 жылы Көкпекті ауданының білім беру ұйымдарында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 137 670,0 мың теңге бөлініп, 9 білім беру ұйымында тиісті жұмыстар атқарылды. 3 мемлекетттік балабақшада материалдық техникалық базасы толығымен жаңартылды.

Үш мектепке жаңа модификациялық кабинеттер сатып алынды. Сонымен қатар ауданның 18 мектебінде демеушілердің қолдауымен 35 кабинет ашылды.

Көкпекті ауданының барлық 18 білім беру ұйымында ыстық тамақтандыру ұйымдастырылған. Тегін ыстық тамақпен 1–4 сыныптардың 888 оқушысы және әлеуметтік осал санаттағы 5–11 сыныптардың 352 оқушысы қамтылған.

Аудан мектептерінде 595 педагог қызмет атқарады. Оның ішінде 36 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 2025 жылы аудан мектептеріне 34 жас маман жұмысқа қабылданды.

2025–2026 оқу жылында педагогтер арасында спорттың 12 түрі бойынша спартакиада өткізілді. Облыстық деңгейдегі жарыстарда 300 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Пәндік олимпиадалар бойынша 110 оқушы республикалық деңгейде жоғары нәтижелер көрсетіп, түрлі дәрежедегі марапаттарға ие болды.

Аудандық, облыстық және республикалық деңгейлерде 17 семинар, 35 олимпиада, 15 оқулар және 1520 конкурс өткізілді.

Көкпекті ауданында балалар шығармашылығын дамыту мақсатында 1 қосымша білім беру ұйымы – Оқушылар шығармашылық сарайы жұмыс істейді. Қазіргі таңда мекеме 1080 баланы қосымша біліммен қамтып отыр. Мұнда көркем-эстетикалық, музыкалық-эстетикалық, спорттық-туристік, әлеуметтік-педагогикалық және техникалық бағыттар бойынша 60 үйірме жұмыс істейді.

 

 

 

Көкпекті ауданында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 207 бала тіркелген. Оның ішінде 0–5 жас аралығында – 41 бала, мектеп жасындағы – 166 бала.Ауданда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін 18 жалпы білім беретін мектептің 12-сінде қажетті жағдайлар жасалған. Аталған мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 45 оқушы білім алуда, оның ішінде 15 оқушы үйде оқытумен қамтылған.

2025–2026 оқу жылын 130 түлек аяқтайды. Оның ішінде 14 оқушы – «Алтын белгіге», 11 оқушы үздік аттестат алуға үміткер.

2026–2027 оқу жылында болжам бойынша 1-сыныпқа 240 баланы қабылдау жоспарлануда.

Алдағы кезеңде Әуезов атындағы орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ Преображенка, Биғаш, Шәріптоғай және Көкжайық мектептерінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындау жоспарланған.

Сонымен қатар Көкпекті, Ж.Шайжүнісов атындағы және Преображенка орта мектептері үшін мектеп автобустарын сатып алу жоспарлануда.

Дата публикации
08 июля 2026