Көкпекті ауданының мәдениет ұйымдарының желісі 52 бірлікті құрайды. Оның ішінде 2 мәдениет үйі, 29 ауылдық клуб, 19 кітапхана, 2 тарихи-өлкетану музейі және Тілдерді оқыту орталығы қызмет көрсетеді.
Аудан көлемінде тіркеуде тұрған 19 тарихи – мәдени ескерткіш бар, олардың ішінде археологиялық ескерткіш – 13, қала құрылысы және сәулет ескеркіші – 6.
Мәдениет мекемелерін кадрлық қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып табылады. Қазіргі таңда, мәдениет қызметкерлерінің жалпы санының 15 % жоғарғы білімі, 48 % орта білімі бар. Қажетті мамандар көркемдік жетекші, домбырашы, қыл қобызшы мамандықтары қажет.
Бүгінгі күні 17 шығармашылық топ қызмет атқарады, оның ішінде 3 топта «Халықтық» атағы бар, олар «Толағай» ВИА, «Асыл мұра» этнографиялық клубы, «Іңкәрім – ай» триосы.
2020 жылдың жарты жылдығында мәдени ошақтарда 261 мәдени-көпшілік іс-шара өткізілді, қатысқан адам саны - 68 805 адам.
2020 жылдың төтенше жағдай уақытында Көкпекті ауданының мәдениет ошақтарымен 60 онлайн концерт өткізілді. Көрермендер саны : 4500 адам.
2019 жылғы аудан кітапханалардың жалпы кітап қоры 393082 мың дана кітапты құрайды, оның ішінде 112638 мың данасы мемлекеттік тілде, орыс тілінде – 280074, басқа тілде – 370. «ИРБИС» электрондық каталогта -5800 дана кітап. Келушілер саны -55530, оқырмандар саны -7200. Электрондық үкімет порталы бойынша -7 ауылдық кітапхана қызмет көрсетеді. (Миролюбовка, Көкжайық, Үлгілімалшы, Сарыбел, Құлынжон, Үлкен-Бөкен, Тассай)
Аудандық кітапханада Пушкин атындағы облыстық кітапхананың Америка орталығымен бірге онлайн сабақтар өткізілді. Бұл шараға Көкпекті орта мектебінің және Шайжүнісов орта мектебінің 9 – 10 сынып оқушылары қатысты.
14 ақпан күні «Көкпекті толағайы» балабақшасында «Растим читателя» бағдарламасы аясында «Ертегі оқып өсеміз» атты кітап әлеміне саяхат өткізілді.
20 ақпан күні Көкпекті аудандық кітапханасы қызметкерлері оқырмандарға Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған "Абай тұтас бір әлем" тақырыбында ашық кітап көрмесін насихаттады.
25 ақпан күні Құлынжон ауылдық кітапханасында Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында "Абай-дара, Абай-дана қазақта" атты тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
28 ақпан күні Көкпекті ауданының тарихи- өлкетану мұражайына «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында әлемге әйгілі ойшыл, философ, математик физик, астроном, ботаник, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл –Фарабидің 1150 жылдығына арналған танымдық – көрме өткізілді.
13 наурыз күні Көкпекті ауданының 90 жылдығына орай энциклопедия дайындау мақсатында ауданымызға қызметтік сапармен Серікқазы Қорабаев - әдебиеттанушы, ғалым, филология ғылымының кандидаты, доценты және энциклопедияшы баспагер Серікбек Арғынғазин аудандық кітапхана келіп, ұжымымен кездесу өткізді.
Наурыз айынан бастап Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында өтіп жатқан «Мен батырдың ұрпағымын» челленджға видеороликтер ұсынылды.
Журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы, «Көкпекті» журналының жауапты хатшысы Қ. Малгаждаровпен «Ономастика және өлкетану бағыттары» тақырыбында онлайн кездесу әлеуметтік желіде тікелей эфирде өтті. Бұл шараға облыстық және көптеген аудан кітапханалары қатысты. Көкпекті аудандық кітапхана 1-мамыр, 7 мамыр – оқырман назарына бейнероликтер ұсынылды.
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Көкпектіліктер соғыс жылдарында» атты онлайн кітап көрмесі ұсынылды. «Менің туған өлкем» атты сурет көрмесі өткізілді. 31 мамыр – саяси құғын сүргін еске алу күніне орай «Алаш және әдебиет» бейнеролик көрсетілді.
2020 жылы жалпы аудан музейлерімен 29 іс – шара өткізілді, оның ішінде экскурсия – 62, көрме – 17, слайд көрсетілімі – 46, кездесулер – 5 ұйымдастырылды. Аудан музейлерінің қорында барлығы 4731 экспонат бар. Оған келушілер саны 943 адамды құрады.
Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 6 тамыздағы №234 қаулысымен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылды. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 09 тамыздағы № 272 қаулысына сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
2020 жылы 128 мемлекеттік қызметкер мемлекеттік тілді оқуға тартылды. Мемлекеттік қызметкерлер жеделдете оқытудың 5 деңгейлік жаңа кешендік бағдарламамен оқытылады, әрбір деңгейдің оқу мерзімі 8 ай, яғни 100 сағат. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында қысқа мерзімді екі айлық «Тілашар» курстары Көкпекті және Самар ауылдарында ұйымдастырылып, оқытылуда. Жалпы тілашар курсында 125 тыңдаушы тартылды. Тілашар курсын тәмәмдаған тыңдаушыларға курс соңында куәлік табысталды.
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамызындағы № 209 қаулының 2 пунктін орындау мақсатында, «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасы аясында Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді оқыту орталығында 2015 жылдың 01 қазан айынан бастап ағылшын тілін үйрету курсы ашылды.
2020 жылы ағылшын тілі курсына 135 мемлекеттік қызметші және 125 азаматтық қызметшілер оқытылуда. Oxford University Press бағдарламасына сәйкес ағылшын тілі курсы аяқталғаны жөнінде Beginner деңгейін оқып меңгергені үшін 30 мемлекеттік және азаматтық қызметкерге сертификат табыс етілді.
2019 жылы Қазтест жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуге 34 мемлекеттік қызметші қатысса, сертификаттық тестілеуге 14 мемлекеттік қызметші қатысып, 8 мемлекеттік қызметші сертификатқа ие болды.
Елбасы Н. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстанның 2025 жылға дейін кезең –кезеңмен латын әліпбиіне көшіру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру» атты дөңгелек үстел «Латын қарпі –келешектің кілті» атты ашық сабақ, «Латын әліпбиіне көшу –болашаққа жол», атты акция өткізілді.
Қазіргі уақытта «Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін оқытуға» арналған 36 сағаттық бағдарламасымен оқытылады. Курс соңында арнайы сертификат табысталады. Ұйымдастырылған курсқа өрт сөндіру бөлімі, педагогикалық – психологиялық түзеу кабинеті және оңалту орталығы қызметкерлері оқытылуда.
2019 жылы 11 желтолқсанда облыстық ономастика комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша Көкпекті ауданы бойынша 62 әкімшілік-аумақтық бірліктері атаулары өзгертілді.
Ауданымыздағы 23 білім мекемелерінің атауы өзгерту жөніндегі құжаттар облыстық ономастика қомиссиясының отырысына және Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданады.