Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
2025-2026 жылдарға Көкпекті ауданының білім беру саласы бойынша ақпарат

Білім бөлімінің бюджеті 2025-2026 оқу жылында 5,8 млрд.теңгені құрайды.

Көкпекті ауданы білім бөліміне қарасты 18 мектеп (11 орта мектеп, 4 негізгі мектеп, 3 бастауыш мектеп, ), 7 балабақша (3 мемлекеттік (1 Абай атындағы балабақша-мектеп кешенінде орналасқан), 3 жекеменшік), 1 қосымша білім беру мекемесі(«Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК) бар.

Оқушылар контингенті 2162 оқушыны құрайтын болады:

1-4 сыныптар –879 оқушы

5-9 сыныптар - 1019 оқушы

10-11 сыныптар – 264 оқушы

11 сынып оқушыларын – 112 оқушы құрайды.

1 сыныптарында 217 оқушы.

Мектепалды даярлық сыныбына 220 тәрбиеленушілер.

Шағын жинақталған (МКШ) мектептер саны- 14

Көкпекті ауданында бала саны 500 ден жоғары 1 мектеп жұмыс істейді:

2025-2026 оқу жылын 11 сыныптағы 132 түлектер бітірді соның ішінде 14 түлекке «Алтын белгі» төс белгі және 11 түлекке үздік аттестат табысталды.

ҰБТ 10 мамыр 10 шілде аралығында электрондық форматта өтеді Түлектер тестілеуді екі рет тапсыра алады. Биыл 132 түлектің 111-і ҰБТ-ға қатысуды жоспарлап отыр. 

195 оқушы 9 сыныптағы түлектері, соның ішінде 45 түлек үздік аттестаттың табысталды.

9-сыныптың 3 түлегі әртүрлі ауруларға байланысты қорытынды аттестаттаудан босатылды. (Көкпекті ом, Аухадиев атындағы ом, Әуезов атындағы ом).

2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін аудан бойынша мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамту 98%.  (Кезекте тұрған  бала  саны- 33).

Ауданда 6 балабақша бар (3-мемлекеттік, оның ішінде 326 бала, 3 -жекеменшік,оның ішінде  170 бала);

Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған мектеп жанындағы 10 шағын орталық ашылған. Оның ішінде 168 бала. Балабақшадағы орын жетіспеушілігі жоқ.

Жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

2026жылы Көкпекті ауданында жетім балалармен ААҚҚБ (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) - 13. Жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша барлық қамқорлықтағы балалар тұрғын үйге кезекте тұр. Ай сайын аудандық білім бөлімі тарапынан мемлекеттік қызмет негізінде әр қамқоршыға 10 АЕК көлемінде жәрдемақы тағайындалған.

2026 жылы Преображенка орта мектебіне, Көкжайық орта мектебіне және Шәріптоғай негізгі мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 44083,1 мың теңге қаражат бөлінді.

2026 жылы Биғаш негізгі мектебі, Преображенка орта мектебі, Амангелді атындағы орта мектебі, Жансүгіров атындағы орта мектебі және аухадиев атындағы орта мектептеріне 36300,0 мың теңгеге жаңа парталармен орындықтар сатып алынды.

Пәндік кабинеттер (физика, химия, биология, STEM) сатып алу

2025 жылы 3 мектепке жаңа модификациялық кабинеттер сатып алынды. Келесі мектептерге: Көкпекті орта мектебі, А.С.Пушкин атындағы орта мектебіне  – биология кабинеттері, Қ.Аухадиев  атындағы орта мектебіне физика кабинеті. Жаңа модификациялық кабинеттер мектептерге 100%  жеткізілді. “Қазақстан халқына” қоғамдық қорының қолдауымен білім беру инфрақұрылымын жаңғырту бағытында шағын жинақты мектептерге, атап айтқанда, Шәріптоғай, Романовка және Биғаш негізгі мектептерінде заманауи үлгідегі әмбебап оқу кабинеттері жабдықталды. Қосымша 2025 жылы 37,9 млн теңгеге мектептерге жаңа парталар алынды.

Ауданымыздағы 18 мектепте демеушілердің қолдауы арқылы 28 кабинет ашылды.

Ыстық тамақтың ұйымдастырылуы туралы

Көкпекті ауданының 18 білім беру мекемелерінде ыстық тамақ ұйымдастырылған. Оның ішінде тегін ыстық тамақпен 1-4 сыныптарда – 879 оқушы, әлеуметтік осал топтар 5-11 сыныпта 351 оқушы қамтылған.

Оның ішінде шағынжинақты  4 мектепте  (Воздвиженка шағын комплектілі, Гагарин атындағы бастауыш мектебі, Үшкөмей бастауыш мектебі, Романовка негізгі мектебі) кейтеринг (привозной) 40 оқушыға ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Кадрлар

Мектептерде 595 педагог жұмыс істейді, олардың ішінде жоғары білімі барлар – 505, арнаулы орта білімі барлар – 90. Жаңа форматтағы мұғалімдердің санаттары бойынша дерек: педагог-шебер – 1, зерттеуші – 107, сарапшы – 156, модератор – 190, педагог – 141.

Білім беру ұйымдарының басшылары кадр тапшылығын жабу мақсатында белгілі бір шаралар қабылдап жатқанымен, педагог кадрлардың жетіспеушілігі мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Қазіргі уақытта орыс тілі мен әдебиеті және математика, музыка пәндерінің мұғалімдері жетіспейді.

Оқушылардың жетістіктері:

Білім беру ұйымының оқушылары облыстық және республикалық деңгейдегі олимпиада, байқаулар және жоба қорғау бойынша жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

  • Облыстық деңгейде 94 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
  • Республикалық деңгейде 3 оқушы озат атанып, жоғары дәрежедегі марапаттарға ие болды.

Педагогтердің жетістіктері:

Педагогтер де өз кәсіби шеберліктерін дәлелдеп, түрлі деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларға белсене қатысып жүр.

  • Облыстық деңгейде 15 педагог жүлделі орындарға ие болды, бұл олардың біліктілігінің жоғары екенін көрсетеді.

Оқушылардың спорттағы жетістіктері

Оқушыларымыз республикалық, облыстық Панкратион, Nomad MMA, Қазақ күресі, Еркін күрес, Дзюдо, Таэквондо, Армрестлинг, Жазғы және қысқы көпсайыс, Тоғызқұмалақ, Бес асық бес табан және Садақ атудан Республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды:

Көкпекті ауданының білім бөлімі спорттық іс-шаралар мен жаттығуларды үздіксіз ұйымдастырып, мектеп оқушыларының спорттық қабілеттерін дамытуға зор ықпал етіп отыр. Аудан оқушылары спорттық белсенділіктерін көрсетіп облыстық, республикалық деңгейде жоғары жетістіктерге қол жеткізіп келеді. 

Спорт түрі

Республикалық

Облыстық

таэквандо

8

24

бокс

-

4

Дзюдо

-

15

Қазақ күресі

-

12

Еркін күрес

3

113

Волейбол

-

2 команда

Футзал

-

3 команда

Білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, 2025-2026 оқу жылының қыркүйек айынан бастап оқушылар арасында түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Ұлттық мектеп лигасы (ҰМЛ) аясында аудандық деңгейде волейбол, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес тас, шахмат, футзал және футболдан жарыстар өткізілді.

Атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер бойынша келесі көрсеткіштерді атап өтуге болады:

  1. 2026 жылдың қаңтар айынан бастап аудан мектептері ҰМЛ-ның облыстық кезеңіне қатысты;
  2. Облыстық жарыс қорытындысы бойынша волейболдан ұлдар командасы 5-орынды, тоғызқұмалақтан аудан құрамасы 4-орынды иеленді;
  3. Ұлттық мектеп лигасының облыстық жарысында І. Жансүгіров атындағы орта мектептің 5-6 және 9-11 сынып оқушыларынан құралған команда жүлделі 3-орынға ие болды;
  4. «Үздік ойыншы» аталымы бойынша Пушкин атындағы орта мектептің оқушылары Дулатқызы Шұғыла мен Кабдиев Надир үздік деп танылды.

Аудан мектептерінде дене шынықтыру пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес, 3-тоқсанда шаңғы дайындығына 16 сағат бөлінген. Барлық білім беру ұйымдары қажетті шаңғы құралдарымен толық қамтылған. Оқушылардың сабақ уақытында және сабақтан тыс мезгілде шаңғы тебуіне жағдай жасалған.

Білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 2026 жылдың ақпан айында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:

  1. Теректі ауылы, Қ. Аухадиев атындағы орта мектебінің базасында 18 ақпан күні өткен оқушылар арасындағы аудандық шаңғы жарысына ауданның 10 мектебінен 90-нан астам оқушы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Орта мектептер арасында:

  • І орын: Қ. Аухадиев атындағы орта мектебі (жаттықтырушысы: М. Сайлаух ан);
  • ІІ орын: Преображенка орта мектебі (жаттықтырушысы: А. Мизамитов);
  • ІІІ орын: Үлкенбөкен орта мектебі (жаттықтырушысы: Е. Тегісшіл).

Негізгі  мектептер арасында:

  • І орын: Романовка негізгі мектебі (жаттықтырушысы: М. Каусов);
  • ІІ орын: Куйбышев негізгі мектебі;
  • ІІІ орын: Шәріптоғай негізгі мектебі (жаттықтырушысы: Р. Насибуллин).
  1. 19 ақпан күні өткен мұғалімдер арасындағы аудандық спартакиада бағдарламасы аясында шаңғы жарысына ауданның 11 мектебінен 40-тан астам педагог қатысты. Командалық есептегі нәтижелер бойынша:
  1. І орын: Романовка негізгі мектебі;
  2. ІІ орын: Преображенка орта мектебі;
  3. ІІІ орын: Үлкенбөкен орта мектебі.

2025 жылдың қорытындысы бойынша аудандағы 8 мектепке (І. Жансүгіров, Үлкенбөкен, Преображенка, Қ. Аухадиев, А. Пушкин атындағы орта мектептер, Абай атындағы мектеп-балабақша кешені, Биғаш және Шәріптоғай негізгі мектептері) жалпы құны 1 776 626 теңге қаражатқа спорттық құрал-жабдықтар сатып алынды. Ағымдағы 2026 жылы 3 300 000 теңге қаражат бөлініп, ауданның 16 мектебіне қажетті спорттық жабдықтар алу жоспарлануда.

Қосымша білім беру

Көкпекті ауданында балалар шығармашылығын дамыту мақсатында қызмет атқаратын 1 қосымша білім беру мекемесі бар.Оқушылар шығармашылық сарайы бүгінде 1080 баланы қосымша біліммен қамтып отыр. Мекемеде 5 бағыт бойынша: көркем-эстетикалық, музыкалық-эстетикалық, спорт-туризм, әлеуметтік-педагогикалық және техникалық бағыттарда 60 үйірме табысты жұмыс істеуде.Соның ішінде 8 ауылдық округтегі филалдарымен бірлесе жұмыс жасайды. Атап айтсақ: Тассай, Көкжайық, Үлгілі-Малшы, Үлкен-Бөкен, Шәріптоғай, Теректі, Хутор  және Биғаш ауылдық округтерінде 19 үйірмелерде 361 бала  қосымша білім алуда. Көкпекті ауылындағы  41 үйірмеде  719 бала қамтылған. Оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.

Қосымша білім беру саласында жүргізілген жүйелі жұмыстар мен шығармашылық бағыттағы жобалар нәтижесінде оқушылар түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, жоғары жетістіктерге қол жеткізді.

Облыстық деңгейде – 78 оқушы жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Республикалық деңгейде – 56 оқушы жүлдегер атанды;

Халықаралық деңгейде – 25 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

 

Инклюзивті білім беру

Көкпекті ауданы бойынша 2025 жылы Тарбағатай ауданының ПМПК деректері бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар 207 бала бар(0 – ден 5 жасқа дейін - 41 бала, 166 мектеп жасындағы бала). Ауданда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін 18 жалпы білім беретін мектептің ішінде 12 мектепте жағдай жасалған. Оларда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 45 оқушының 15сі үйде оқытумен қамтылған. Инклюзивті сыныптарда оқытатын мұғалімдер саны-165. Педагогтар инклюзивті білім беру курсынан кезең - кезеңімен өтуде,  қазіргі таңда курсты аяқтаған мұғалімдер саны - 82ні құрайды. "Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын" іске асыру мақсатында 4 білім беру мекемесінде, атап айтқанда “Жансүгіров атындағы орта мектебі” КММ, “Куйбышев атындағы негізгі мектебі” КММ, “Биғаш негізгі мектебі” КММ және “Көкпекті-Толағайы” бөбекжай-балабақшасы” КМҚК тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған сәулеттік жағдайларды бейімдеу бойынша жұмыс жүргізілді.

Ж.Шайжүнісов орта мектебінде инклюзивті кабинет жұмыс жасайды, ал Көкпекті орта мектебінде биылғы оқу жылында ашылады.

Документы
Ақпарат
08 июля 2026
Көкпекті ауданы білім бөлімі бойынша АҚПАРАТ
Ақпарат
28 мая 2025
2024-2025 жылға Көкпекті ауданының білім беру саласы бойынша ақпарат
Тізбе
18 февраля 2025
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету үшін 2025 жылға арналған сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
1
Химия, география пән мұғалімдеріне арналған аудандық семинар-практикум өтті
10
Қазақстан - зайырлы мемлекет
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы