2026 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Көкпекті ауданы бойынша барлығы - 315 өтініш келіп түсті.
Келіп түскен өтініштердің бөлінісі төмендегідей:
- аудан әкімі аппаратына –158 өтініш;
- дербес бөлімдерге – 76 өтініш;
- ауылдық округ әкімдіктеріне – 81 өтініш.
Келіп түскен 315 өтініштің құрылымы төмендегідей:
- жер қатынастары мәселелері бойынша – 33;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша – 26;
- жеке қабылдауға жазылу бойынша – 68;
- балабақша төлеміне қатысты – 3;
- мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша – 1;
- сұраулар – 178;
- әлеуметтік сала бойынша – 6.
Азаматтарды жеке қабылдау туралы
Бекітілген кестеге сәйкес Азаматтарды қабылдау орталығының жұмысы тұрақты түрде ұйымдастырылуда.
2026 жылдың 7 айында 23 жеке қабылдау өткізіліп, 69 азамат қабылданды.
Оның ішінде:
- аудан әкімі – 21 қабылдау, 67 азамат;
- аудан әкімінің орынбасарлары – 1 қабылдау, 1 азамат;
- аппарат басшысы – 1 қабылдау, 1 азамат.
Жеке қабылдаулар барысында көтерілген негізгі мәселелер тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер қатынастары, электрмен жабдықтау, жұмыспен қамту және материалдық көмек көрсетуге қатысты болды.
Тұрғын үй мәселелерін қарау құзыреті «Отбасы банк» АҚ-ға берілгеніне қарамастан, азаматтардың аталған мәселе бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүгінуі жалғасуда.
Аудан әкімінің қабылдауында болған барлық азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, есепті кезеңде Азаматтарды қабылдау орталығында дербес бөлім басшылары 37 азаматқа жеке кеңес берді.