Үлкенбөкен ауылдық округінің 2024 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат

Үлкенбөкен ауылдық округінің 2024 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат

Үлкенбөкен ауылдық округі аудан орталығынан 22 шақырым  қашықтықта орналасқан.  Жер аумағы 82 457 га құрайды.  Округте аула саны 422. Халық саны 1480 адамды құрайды, оның ішінде экономикалық белсенді халық 872 адам. 2024 жылы 48 отбасына, барлығы 282 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Қоғамдық ақылы жұмыстарға 8 тұрғын тартылып, округтегі аббаттандыру, көріктендіру жұмыстарына жіберілді.2024 жылы  дүниеге 18 сәби келіп,  демографиялық жағдайдың тұрақтылығын көрсетті.

Ауыл шаруашылығы

Ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылық жерлерінің көлемі – 75658 га, оның ішінде егістік – 15456 га, шабындық 4920 га, жайылым – 54906 га.  Округ бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарына  5 046 бас ірі қара,  ұсақ  мал 6 139 бас, жылқы  2 785 тіркелген. 

Округте 50 шаруа қожалық тіркелген. Округтегі  10 мал бордақылау алаңында 310  бас ірі қара мал, 60 бас жылқы борадақылануда. 2024 жылы округте 3 шаруа қожалығы - 113 млн. 600 мың теңгенің инвестициясын құрайтын ауылшаруышылығы техникаларын алды.

Округтегі жер және мүлік салығын төлеушілер саны – 432 адам. Көлік салығын төлеушілер – 367 адам.

 

Білім беру

Ауылдық округте екі мектеп оқушыларға білім береді:

 «Үлкенбөкен орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме, оқушылар саны - 193,  41 мұғалім;  Жансары елдімекенінен  7 оқушы, Көкжайық  ауылдық округінің Қарамойыл елдімекенінен 5 оқушы ПАЗ автокөлігімен күнделікті мектепке тасымалданады. 2024 жылғы қазан айында облыстық бюджеттен 25 млн. теңгеге жаңа ПАЗ автокөлігі берілді.

Ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша орташа балл – 74,4 % құрады, жоғары оқу орындарына грантқа  12 түлек түсті,  11 түлек колледжге грантқа түсті.

«Шығыс Қазақстан Облыстық Ерекше режимдегі ұстайтын арнайы мектеп-интернаты», жұмысшылар саны 52.

Сондай-ақ, Үлкенбөкен ауылында  толық күн режиміндегі бір жеке меншік  «Құралай» балабақша жұмыс істейді. Ондағы тәрбиеленушілер саны - 58  бала, мектепке дейінгі тәрбиелеумен 25 бала, жұмысшылар саны 25.

 

Мәдениет және спорт

       Округте бір ауылдық клуб және кітапхана бар. Ауыл жастары салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жастар арасында қазақша күрес, жаяу жүгірістен, волейбол секциялары жұмыс жүргізеді.

       2024 жылы – Үлкенбөкен ауылының тұрғыны, Тұқышев Дидар Есетұлы - V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қазақша күрес бойынша жеңімпазы.      

           

2024 жылы атқарылған жұмыстар

- Үлкенбөкен ауылының Қали Жолжақсынов, Осипова, Пушкина, Кенесары көшелеріндегі 110 жарық тіректері мен шамдары– 11 833,0 мың теңгеге орнатылды (Үлкенбөкен ауылының 100% көшесі жарықтандырылды);

- Үлкенбөкен ауылында 10 екіпәтерлік тұрғын үйлер салынып, жалпы 20 пәтер желтоқсан айында қолданысқа берілді.

- 2024 жылы қоқыс үйіндісі жиналды және қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

-  50 түп шырша және 120 петуния гүлдері отырғызылды.

- 2025 жылғы көктем мезгілінің су тасқынына қарсы – су құбырлары қоқыстан тазаланып  және су жиналатын жерлерден арықтар тартылды.

 

2025 жылға жоспарланған жұмыстар:

          Үлкенбөкен және Жансары ауылдарында балалар ойын алаңын құрылысын жүргізу;

            Үлкенбөкен ауылындағы ұзындығы 2,3 шақырым болатын көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

          Округте аббаттандыру-көріктендіру жұмыстарын жалғастыру.

 

Үлкенбөкен ауылдық округінің 2024 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат
Дата публикации
21 января 2025