Статистикалық ақпараттар және көрсеткіштер.
Үлкенбөкен ауылдық округінде 3 елді мекен бар: Үлкенбөкен, Ақтас, Жансары. Орталығы – Үлкенбөкен ауылы. Халық саны 1503 адам құрайды, оның ішінде экономикалық белсенді халық - 872 адам.
Округ тұрғындары мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысады. Жер аумағы - 82 457 га құрайды.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер 75 658 га, оның ішінде: егістік 15 456 га, шабындық 4920 га, жайылым 54 906 га. Округ бойынша 55 шаруа қожалығы, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелген.
Халықтың жеке аулаларында және шаруа қожалықтарында мүйізді ірі қара – 3964 бас, ұсақ мал – 4464 бас, жылқы - 3047 бас тіркелген.