Ауылдық округте екі мектеп оқушыларға білім береді:
«Үлкенбөкен орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме, оқушылар саны - 193, 41 мұғалім; Жансары елдімекенінен 7 оқушы, Көкжайық ауылдық округінің Қарамойыл елдімекенінен 5 оқушы ПАЗ автокөлігімен күнделікті мектепке тасымалданады. 2024 жылғы қазан айында облыстық бюджеттен 25 млн. теңгеге жаңа ПАЗ автокөлігі берілді.
Ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша орташа балл – 74,4 % құрады, жоғары оқу орындарына грантқа 12 түлек түсті, 11 түлек колледжге грантқа түсті.
«Шығыс Қазақстан Облыстық Ерекше режимдегі ұстайтын арнайы мектеп-интернаты», жұмысшылар саны 52.
Сондай-ақ, Үлкенбөкен ауылында толық күн режиміндегі бір жеке меншік «Құралай» балабақша жұмыс істейді. Ондағы тәрбиеленушілер саны - 58 бала, мектепке дейінгі тәрбиелеумен 25 бала, жұмысшылар саны 25.