РҚАО ескертпесі!
Осы Заңның күшіне ену тәртібімен 27-баптан танысыңыз.
Пайдаланушылардың назарына!
Сіздің ыңғайлылығыңыз үшін РҚАО-ның ыңғайлылығы үшін МАЗМҰНЫ жасалды.
Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға бағытталған.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда қамтылған кейбір ұғымдарға түсініктеме
Осы Заңда қамтылған ұғымдардың келесі мағынасы бар:
1) әкімшілік және шаруашылық функциялар – ұйымның балансындағы мүлікті басқару және оған билік ету құқығы, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі;
1-1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам – Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және басқа да заңдарында белгіленген мемлекеттік функциялар мен мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін белгіленген лауазымды атқаратын адам, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес саяси мемлекеттік лауазымды немесе "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымын атқаратын адам;
2) лауазымды адам – мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша үкімет өкілінің функцияларын жүзеге асыратын немесе ұйымдастырушылық-басқарушылық немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
2-1) мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам – аталған ұйымдарда тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
3) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам — мемлекеттік қызметтегі адам, мәслихат депутаты, мемлекеттік қызметке тағайындалғанға дейін мемлекеттік қызмет лауазымында көзделген міндеттерді уақытша орындайтын адам, сондай-ақ офицерлер корпусындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшінің әскери лауазымына уақытша тағайындалған немесе оның міндеттерін уақытша орындайтын адам;
Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ескертпесі!
4) тармақша Қазақстан Республикасының 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңымен өзгерту үшін көзделген (01.01.2025 жылдан бастап күшіне енеді).
4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген адам — жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адам; Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, сондай-ақ сайланған жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесіне кандидат ретінде тіркелген азамат; кәсіби тұрақты негізде өкілеттіктерді жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі, оның еңбегі Қазақстан Республикасының бюджетінен төленеді; жергілікті өзін-өзі басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, оның еңбегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінен төленетін қызметкер; мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды қоса алғанда, сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу туралы шешімдер қабылдауға уәкілетті немесе мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты, көрсетілген ұйымдарда дербес құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын адам, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасына сәйкес әрекет ететін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметкерлері, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері;
5) Мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұнда аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық міндеттерін орындамауына және/немесе тиісінше орындамауына әкелуі мүмкін;
6) Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген адамдардың заңсыз пайдалануы,