Көкпекті ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген
2022 жылғы «16» қыркүйектегі № 295
Орын
Мемлекеттік мекеменің
«Абай облысы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1, «Абай облысы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
«Абай облысы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкім аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады
3, «Абай облысы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
«Абай облысы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жүзеге асырады.
«Абай облысы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6, «Абай облысы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің ережесін, оның құрылымын Абай облысы Көкпекті ауданының әкімдігі бекітеді.
«Абай облысы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі: Индекс 071013, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Көкпекті ауданы, Үлгілімалшы ауылы, Ленин көшесі, 8 үй, телефон нөмірі 8 (72348) 25-895.
«Абай облысы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Абай облысы Көкпекті ауданының әкімдігімен құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады.
«Абай облысы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
10, «Абай облысы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2-тарау. Негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тапсырмалар:
Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешу.
Функциялары:
1) Абай облысы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:
Жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиыны мен жиналысын шақыру уақыты, орны туралы және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды;
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін жоспарлауды және оның орындалуын қамтамасыз етеді;
Жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есеп береді;
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың муниципалдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
Мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға оны кейіннен баланстан есептен шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін ұстаудың және оның сақталуын қамтамасыз етудің мерзімін белгілейді;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің меншік құқығын (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) қорғауды жүзеге асырады;
Сенімгерлік басқарушының жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;
Мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Абай облысы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша:
Өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруге шешім қабылдайды және оны жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындауды және жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның (шаруашылық жүргізу немесе қазыналық кәсіпорын құқығындағы) түрін айқындайды;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен келісім бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
Мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) міндетті көлемдерін айқындайды;
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, келіседі;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың муниципалдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың муниципалдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Абай облысы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:
Мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
Мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иеленуге және жүзеге асыруға;
Мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық дерекқорларын пайдалануға;
Шарттар, келісімдер жасасуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтары бар.
Ауылдық округ әкімі аппаратының өз құзыреті шегінде міндеттері:
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және әкімдігінің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындауға;
Жоғары тұрған басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды.
3-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру
3-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру
«Абай облысы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін әкім басқарады.
Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің өкілеттіктері:
Әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
Қызметкерлерді еңбек шарты бойынша Қазақстан Республикасының Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген бюджет және (немесе) түсімдерді үнемдеу есебінен қабылдайды;
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді;
Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің авариялық тұрғын үй құрылысын ұйымдастырады;
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде ауыл халқына микрокредит беруге жәрдемдеседі;
Заңдармен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Әкiмнiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкiмнiң орынбасары болуы мүмкiн.
Әкім әкім орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес белгілейді.
Әкім «Абай облысы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын өз құзыретімен орындауын қамтамасыз етеді.
4-тарау. Ауылдық округ әкімі аппаратының мүлкі
20, «Абай облысы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Абай облысы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
«Абай облысы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік ауылдық округтің коммуналдық меншігіне жатады
22, Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Абай облысы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуі мүмкін.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23, «Абай облысы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
1
Жарияланған күні
18 тамыз 2026 10:04
Жаңарту күні
2026 жылғы 18 тамыз
Түрі
Ақпарат
Жарияланған
Абай облысы Көкпекті ауданы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты
Бағыттар
Бизнес және кәсіпкерлікҚоғамдық қызығушылық тудыратын өзге де ақпарат
Әлеуметтік желілер
GOV.KZ
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы
NITEC
Қазақстан Республикасының Конституциясы
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
2024 - 2029 жылдарға арналған жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заң
Ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру қағидалары
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен белгілер
Экран дикторы
2026 © Барлық құқықтар қорғалған