Теректі ауылдық округі бойынша 2024  жылы атқарылған  жұмыстар туралы ақпарат

Теректі ауылдық округі бойынша 2024  жылы атқарылған  жұмыстар туралы ақпарат

Теректі ауылдық округі аудан орталығының солтүстік батысынан 44 шақырым жерде орналасқан, жалпы аумағы 49 540 га  жерді алып жатыр. Ауылдық округте 171 аула, тұрғындарының саны 710 адам, оның ішінде 321 экономикалық белсенді халық.

Ауыл шаруашылығы

Теректі ауылдық округі бойынша 57 шаруа қожалықтары және 1 «Қасымжан» ЖШС тіркелген. Шаруа қожалықтары егін және мал шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылық мақсатында 49540 га  құрады. Оның  ішінде егістік 10 475 га, шабындық 5 200 га, жайылым 34 109 га жер бар.Халықтың жеке аулаларында және   шаруа  қожалықтарында мүйізді ірі қара – 2900 бас, ұсақ мал – 5051 бас, жылқы - 908 бас,  тіркелген. 2024 жылы ауылдық округке 15 400 000 тг көлемінде инвестиция тартылды.

Ветеринария саласында

Ветеринария саласында 2 маман қызмет етеді. Округте барлық малдар серологиялық тексерістен өткізілген. Тексеріс қорытындысы бойынша 16 бас ірі-қара малдан және 22 бас ұсақ малдан оң нәтиже шықты және дер кезінде ауру анықталған малдардың көзі түгелдей жойылды. Ауру анықталған үйлерге нұсқамалар беріліп, дезинфекция жасалды. Сондай-ақ басқа да мал ауруына қарсы профилактикалық іс – шаралар (ящурь, сибирка, т.б екпелер )толығымен жасалды. 10 ит тексерілді, оң нәтиже шыққан жоқ.

Білім

Округте Қойгелді Аухадиев атындағы орта мектебінде 110 бала білім алып отыр, оның ішінде: 37 бала бастауыш сынып оқушылары. 28 мұғалім және 22 - жұмысшы жұмыс істейді. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдау үшін мектепте 1 газель автокөлігі бар. Мектепте аз қамтылған толық емес, көп балалы отбасынан шыққан 50 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. Биылғы жылы «Мектепке жол » акциясы бойынша 60 000 теңге көлемінде 14 оқушыға материалдақ көмек көрсетілді. Сонымен қатар округте мектепке қарасты 1 шағын орталығы жұмыс істейді. Шағын орталықта 33 бала тәрбиеленіп отыр. 11 қызметкер жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау.

Округте 1 ауылдық  дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Ұжымда

7 медицина қызметкерлері қызмет етеді. Амбулаторияның 1 жедел жәрдем автокөлігі  бар. Дәрігерлік амбулатория қыс мерзіміне қарай отынмен толық қамтамасыз етілген. 

Әлеуметтік қорғау

Ауылдық округ бойынша 18 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған 17 көп балалы аналар  бар. Округте аз қамтылған және көп балалы отбасыларға қызмет көрсету мақсатында  1 ассистент қызмет етеді. 2023 жылы ауылдық округ бойынша 4 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, «Мәнсәп» орталығы арқылы жылы 6 адам қоғамдық  жұмысқа тартылды.

Шағын және орта кәсіпкерлік

Теректі ауылдық округінде 4 дүкен бар. Барлығы аралас тауарлар сататын дүкендер. Екі кафе халыққа қызмет көрсетеді

Абаттандыру

2024 жылы  Теректі ауылдық округінде аймақты дамыту, абаттандыру, көгалдандыру мақсатында «Жастар саябағы» саябағындағы  гүлзарларға гүл отырғызылып, жаз айларында күтіліп, бапталды. Теректі ауылы жастарының және  әкімшілік  қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен мешіттің манайындағы  және  «Жеңіс  саябағының» маңайы тазартылды. Көктем айынан бастап жаз бойы үнемі сенбіліктер өткізіліп санитарлық тазалықтар жүргізіліп, мекеме, ұжымдардың маңайларына санитарлық тазалықтар жасалып отырды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Бөгенбай батыр, М.Мақатаев,  Ақсуат, Маметек көше жолдарына асфальт төселді. Ағымдағы жылы аулымызда көп балалы аналарға арналған екі пәтерлі екі үй салынды және жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

 

 

Теректі ауылдық округі бойынша 2024  жылы атқарылған  жұмыстар туралы ақпарат
Дата публикации
22 января 2025