Білім
Округте Қойгелді Аухадиев атындағы орта мектебінде 106 бала білім алып отыр, оның ішінде: 36 бала бастауыш сынып оқушылары. 28 мұғалім және 34 - жұмысшы жұмыс істейді. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдау үшін мектепте 1 газель автокөлігі бар. Мектепте аз қамтылған толық емес, көп балалы отбасынан шыққан 57 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. Биылғы жылы «Мектепке жол » акциясы бойынша 119 000 теңге көлемінде 10 оқушыға материалдақ көмек көрсетілді.Округте бір шағын орталық жұмыс істейді. Шағын орталықта 2 топ ұйымдастырылған. «Еркетай» және «Сәулетай» топтары . Барлығы тәрбиеленушілер саны- 33 бала.