Ауыл шаруашылығы
Ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылық жерлерінің көлемі – 23 582 га, оның ішінде егістік – 1050 га, шабындық 6 100 га, жайылым – 17 482 га. Жыл сайын мал басының өсу қарқыны байқалады. 2025 жылдың 1 қаңтарына 8810 бас ірі қара, қой-ешкі 3143 бас, жылқы 3671 тіркелген. Округте 24 шаруа қожалық, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс жасайды.