Округте бір ауылдық клуб және кітапхана бар. Ауылдық клуб үйі қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.
Округте 1 шағын футбол алаңы, мектеп түлектерінің тарту еткен волейбол ойнау алаңы, Жастар саябағы, Уоркаут спорттық кешені және балалар ойнау алаңы бар. Ауыл жастары бос уақыттарын осы нысандарда өткізеді.
Соңғы төрт, бес жылда мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған түлектер «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында ауылдың көріктенуі мен абаттануына ат салысуы дәстүрге айналған. Осы мақсатта 2001 жылғы мектеп түлектері өз қаражаттары есебінен 3,0 млн. теңгеге «Воллейбол ойнау алаңын» тарту етсе ағымдағы жылы 2002 жылғы мектеп түлектері 2,0 млн. теңге қаржыға «Workayt» балаларға арналған спорт жаттықтыру құралдарын сыйға тартты. 2024 жылы мектеп түлектері Ту тұғырын қойып берді.