Жер аумағы 132 811 га құрайды. Ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылық жерлерінің көлемі – 23 582 га, оның ішінде егістік – 1050 га, шабындық 6 100 га, жайылым – 17 482 га.
Әкім аппараты жер қатынастары саласында 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
3) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;
4) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
5) Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру.