Тассай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы атқарылған жұмыстар және ауылдық округтің әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат
Тассай ауылдық округі аудан орталығынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер аумағы 132 811 га құрайды. Округте аула саны 303. Халық саны 1083 (былтырғы жылы 1088 адам) адамды құрайды. Оның ішінде экономикалық белсенді халық 526 адам, 16 жасқа дейінгі балалар 276, қалған 206 зейнеткерлермен мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алушылар.Негізінен округ тұрғындары мал шаруашылығымен және Зайсан көлінің жағалауында орналасқандықтан балық аулаумен шұғылданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету.
Тассай ауылдық округі әкімінің аппаратында 5 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:
1.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
2.Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
3.Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;
4.Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
5.Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
Биылғы жылдың он айында округ бойынша 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде барлығы «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» туралы мемлекеттік қызмет.
Ауыл шаруашылығы
Ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылық жерлерінің көлемі – 36 179,04 гектар, оның ішінде тыңайған жерлер – 15 237 гектар, жайлымдар – 20 275,03 гектар, алқаптар – 666, 78 гектар.
Округте 22 шаруа қожалық, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелген.
Олар бұл күнде жан –жақты жетілуде, мал басын көбейтуді жолға қойған.
Жеке меншіктегі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және шаруа қожалықтарында Ірі қара малы, әсіресе жеке меншік тұрғындарда жылқы, ірі қара мал бастары жылдан - жылға артып келеді.2024 жылдың 12 айында 9179 бас ірі қара /4,5 пайыз өсім/, қой-ешкі 4135 бас /12,4 пайыз өсім/, жылқы 4128 /14,0 пайыз өсім/ тіркелген.
Тассай ауылдық округінің әлеуметтік – экономикалық даму қарқынын арттыру мақсатында Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көрсетіліп отырған үлкен қолдаудың бірі «Бизнестің жол картасы-2020», «Ауыл аманаты», «Ауыл - ел бесігі»бағдарламасы.Аталған бағдарлама аясында 2024 жылы округте 4 қожалық 66 млн. 400 мың теңгенің инвестициясын құрайтын ауылшаруышылығы техникаларын алды, яғни 3 қожалық МТЗ-82 тракторы мен шөп престеу құрылғысын алған болса, қалған 1қожалық шөп шабу мен жинауға, орауға қажетті құрылғылар сатып алды. Ағымдағы жылы инвестиция көлемін өсіру мақсатында қожалықтар ауылшаруашылығы техникаларын жеңілдікпен лизинг арқылы алуда.
Тұрғындардың белсенді экономикалық саны 526 адам, өзін-өзі қамтитын- 271 адам. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға 1 ассистент қызмет көрсетеді. Осы 10 айда 20 отбасына, барлығы 94 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Қоғамдық ақылы жұмыстарға 5 тұрғын тартылып, округтегі аббаттандыру, көріктендіру жұмыстарына жіберілді.
Білім беру
Білім беру саласы бойынша ауылдық округте 2 мектеп бар, 1 – округ орталығы Тассай ауылында орналасқан М.Әуезов атындағы орта мектебі және Үшкөмей ауылындағы бастауыш мектеп.
Сондай-ақ, Тассай ауылында М. Әуезов атындағы орта мектебі жанындағы толық күн режиміндегі 1 «Балбөбек» шағын орталығы жұмыс істейді. Ондағы тәрбиеленуші балалар саны- 39 бала.2024 жылы мектепті 10 оқушы бітірді. Ұлттық тестілеу қортындысы бойынша орта балл – 72,5 % құрады, жоғары оқу орындарына грантқа 3түлек түскен, 5түлек колледжге грантқа түсті, 1-еуі оқуға барған жоқ.
Денсаулық саласы бойынша
Ауылдық округте бір дәрігерлік емхана бар, медициналық құралдармен жабдықталған. Онда 1 жоғарғы төрт орта білімді медбике халыққа медициналық қызмет көрсетеді, және салауатты өмір салтын сақтау жөнінде ақпараттар мен жас аналарға арналған бұрыштар орналастырылған. Дәрігерлік емханада күндізгі екі койкалық стационар жұмыс істейді. Бір жедел жәрдем автокөлігі бар.
Мал дәрігерлік қызмет саласы
Округте 4 мал дәрігері жұмыс істейді. Ветеринарлық жұмыстардың барлығы мемлекеттік тапсырыс бойынша жүргізіледі. Ветеринарлық жұмысқа тұрғындардан арыз-шағым түскен жоқ. Ауыл тұрғындарымен мал сату, сатып алу туралы түсінік жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Көктемгі ветеринарлық алдын алу іс-шаралар жоспары бекітілген мерзімде орындалды. 2024 жылы округте 4644 бас қой ешкіден және 9096бас ірі қара малынан қан сынамасы алынған оның ішінде ірі қара малынан 70 бас, ұсақ малдан 5 бас бруцеллез ауруына «оң» нәтиже көрсетті. Оң нәтиже көрсеткен барлық малдар жойылды. 2024 жылы аса қауіпті мал аурулары тіркелген жоқ. Жоспарға сәйкес малдарға ветеринарлық төлқұжат беріліп, құлағына сырға салынып, компьютерлік базаға енгізілді.
Тәртіп сақтау бойынша
Ауылдық округте тәртіп сақтау құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша комиссия жұмыс істейді, комиссия төрағасы учаскелік инспектор полиция аға лейтенанты Салықов Ернат Бүркіткұлы. Ауылдағы әртүрлі әкімшілік тәртіп бұзған азаматтар ақсақалдар, әйелдер кеңесінің қатысуымен қаралады. Биылғы жылы округ бойынша 3 қылмыс тіркелді, 3 материалдық іс Көкпекті аудандық сотында қаралып тиісті шаралар қолданылды. 2023 жылы 12 ай ішінде әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 236 әкімшілік іс материалдары тіркелген, оның ішінде 196 –сы жол ережесін бұзғандар, қалғаны ұсақ бұзақылар барлығына хаттамалар толтырылып айып пұл салынып ескерту жасалынды.
Салық жиналымы.
Ауылдық округ бойынша өзіндік және қосымша салық көздерін іздестіру және алгоритімді орындау мақсатында 2024 жылдың12 айына 4млн 267 мың теңге салық түсіп отыр. Салық түсімінің негізгі көзі көлік салығы құрайды, яғни 4 165 мың теңге көлік салығынан, 102 мыңтеңге жер-мүлік салығынан түскен.
Ауылды жерлерді абаттандыру жөнінде ағымдағы жылы округте Ауыл Ел бесігі бағдарламасы аясында мемлекеттік бюджеттен 120 млн. теңгеге Тассай ауылының 4 көшесі орташа жөндеуден өтіп, асфальтталды. Және де 4 млн. 769 теңгеге Ауезов, Габдуллин көшелеріне 18 түнгі жарық шамдары орнатылып, 45 фонар ауыстырылды.
Мәдениет және спорт
Мәдениет пен спорт егіз! Екеуі де өнердің екі буыны. Округте бір ауылдық клуб және кітапхана бар. Клуб үйі қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған, барлық мерекелік іс-шаралар жоғарғы деңгейде өткізіліп отырады. Соңғы төрт, бес жылда мектеп түлектері «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында түлектердің ауылдың көріктенуі мен абаттануына ат салысуы дәстүрге айналған, осы мақсатта биылғы жылы түлектер ту тұғырын орнатып берді. Ауыл жастары салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жастар арасында жаяу жүгірістен, суда жүзуден, бильярд ойнаудан, футбол, волейболдан жарыстар ұйымдастырылып жоғарғы деңгейде өткізіліп отырады.
Бүгінгі күні ауылдық округте біршама жұмыстар атқарылды, дегенімен алда шешімін табуды қажет ететен мәселелер атқаратын шаруалар баршылық.
- Ауылдарды аббаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жалғастыру.
- Тассай мен Үшкөмей аулдары арасындағы 9 шқ жолды орташа жөндеуден өткізу.
Әрбір адам сөзі мен ісінен айнымайтын саналы азамат болса, елде әділдік орнайды». Ауылдың дамуы - еліміздің дамуы. Күш – жігеріміз бен қайратымыз талмай ауылымызбен еліміздің даму жолында әлі де жұмыс жасап, еңбек етеміз деген сенімдемін. Тыңдағандарыңызға рахмет!