Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

 

 

 

 

 

«Абай облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округі әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау  нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

 

           Тассай ауылы                                                                                   15 қаңтар 2024ж.

 

Тассай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы  8 қаңтардағы «Абай облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 3 өкімінің негізінде 2024 жылғы 11 қаңтарда құрамында  Е.Мазыбаев, А.Букумбаев, С.Кайкибаева, Б.Бектемиров, А. Ракишев бар жұмыс тобы  «Абай облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. (бұдан әрі аппарат)

 

  1. Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық және құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ауылдық округ әкімі Тассай ауылдық округі әкімі аппаратының

нормативтік құқықтық және құқықтық актілеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

 2023 жылдың есептік кезеңінде Тассай ауылдық округі әкімі аппаратында негізгі қызмет бойынша 84 өкім, жеке құрам бойынша 45 өкім қабылданған. Жүргізілген талдау көрсетілген актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоқ екенін көрсетті.

 

  1. Аппаратың ұйымдастыру-құқықтық, құжаттамалық қамтамасыз ету және кадр жұмысы бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

2.1.Персоналды басқару

Аппарат қызметкерлерінің штаттық саны бойынша – 11 бірлікті, нақты саны - 9 бірлікті құрайды.

Мемлекеттік қызметшілердің өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында аппарат барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді мемлекеттік қызметшілердің жеке істеріне тігілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулермен таныстыру бойынша жұмыс жүргізді. 

Жыл сайын аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері мен олардың жұбайлары табыстары туралы декларация тапсырады, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада көзделген қаржылық бақылау шарасы болып табылады

 

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында аппаратта «сенім телефоны» жұмыс істейді. «Сенім телефоны» туралы хабарландыру Тассай ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының стендінде орналастырылған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің мәтіні стендте орналастырылған және барлық мемлекеттік қызметшілер кодекстің мәтінімен қол қойғызып танысқан.

 

 

 

 

 

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі Көкпекті ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына сәйкес мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқарған адамдардың  мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, бұл ретте анықталған адамдардың жеке мүдделері олардың лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін. Тассай ауылдық округі әкімінің  аппаратында мүдделер қақтығысы фактісі болған жоқ.

 

  • Мемлекеттік қызмет көрсету.

     Тассай ауылдық округі әкімінің  аппаратында 5 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:  

1.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

2.Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

3.Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп  не бөліп төлеу арқылы сату;

4.Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;

  1. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.

 

2023 жылдың 12 айында 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

Мемлекет меншігіндегі, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу, мемлекеттік қызмет е-лицензия бағдарламасы арқылы көрсетілді,  заң бұзушылық орын алған жоқ.

 

2.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Аппарат рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.

 

2.5. Бақылау функцияларын іске асыру

 Аппарат бақылау функцияларын іске асырмайды.

 

2.6.Аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:

«Абай облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде барлығы 65 мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның ішінде баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алулар – 21, бір көзден алу тәсілімен өткізілмеген сатып алулар - 28, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен - 16, қателіксіз жүзеге асырылды.Негізгі келісімді қолдану арқылы кнкурс - 0. Рейтингтік - балдық жүйе бойынша конкурс - 0;

2023 жылы ауылдық округ әкімі аппаратына мемлекеттік сатып алу порталында камералық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушыллықтарды жою туралы 3 хабарлама жолданды, хабарламалар негізінде жұмыстар жүргізіліп, заң бұзушылықтар жойылды.

Осыған байланысты, мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылатын сатып алулар сыбайлас жемқорлық  фактілерін тудыруы мүмкін және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себебі болып табылатыны анықталады.

 

 

 

 

 

 

2023 жылғы қаңтар – желтоқсан кезеңінде мемлекеттік мекеменің қаржы – шаруашылық қызметіне жүргізілетін  тексерулер туралы хабарламалар болған жоқ.

 

2023 жылдың 12 айындағы жағдай бойынша Тассай ауылдық округі әкімінің  атына түскен өтініштер саны өтініштер мемлекеттік – 2, мекемде  қарастырылып заңға сәйкес орындалды.

       Тассай ауылдық округі әкімінің  азаматтарды қабылдау кестесін әкім бекітеді және Көкпекті ауданы әкімінің сайтында орналастырылады.

 

        Аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша, мемлекеттік сатып алу веб порталымен жұмыс барысында сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептермен жағдайлардың туындау мүмкіндіктері анықталды.

 

Ұсынымдар:

 

  1. Округ әкімі аппаратының статистіне Мемлекеттік сатып алу тақырыбы бойынша оқыту семинарларына қатысу ұсынылады.
  2. Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығына және бухгалтерлік есептің жүргізілуіне тұрақты бақылау жүргізу;
  3. Көзделген өкілеттіктер шегінде әкім аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың профилактикасы бойынша жұмысты жандандыру;
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін интернет-ресурстарда орналастыру.

 

 

Тассай ауылдық округінің әкімі                                                                    Е. Мазыбаев

 

 

Дата публикации
29 февраля 2024