2025–2026 оқу жылында спорт мектебінде 825 тәрбиеленуші дене шынықтыру және спорт үйірмелерімен тұрақты түрде қамтылды.
Бекітілген оқу-жаттығу жоспарына сәйкес бокс, еркін күрес, классикалық волейбол, дзюдо, футбол, футзал, таэквондо (ITF), таэквондо (WT), қазақ күресі және жүзу спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу сабақтары жүйелі түрде өткізілді.
Спорт мектебінің тәрбиеленушілері облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен түрлі турнирлерінде жоғары нәтижелер көрсетіп, мектептің абыройын арттырды.
Жас спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және патриоттық тәрбие беру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, ата-аналармен және білім беру ұйымдарымен тығыз байланыс орнатылып, тәрбиеленушілердің спортпен тұрақты айналысуына қолайлы жағдайлар жасалды.
ортом.