Ауданның әкімшілік шекарасындағы аумағы 1457,5 мың гектарды құрайды, оның 799,9 мың гектары ауыл шаруашылығы жерлеріне, 172,5 мың гектары елді мекендерге, 3,3 мың гектары өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер, арнайы жерлер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – 13,9 мың га, орманды жерлер – 72,8 мың га, су қоры 109,1 мың га және босалқы жер 285,7 мың га.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер негізінен шаруа қожалықтарын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін кеңейту және нығайту үшін босалқы жерден жер телімдерін қосымша беру есебінен 44,5 мың гектарға өсті.
Ауыл шаруашылығы алқаптарының құрамында ауыл шаруашылығы жерлері 799,9 мың га, оның ішінде егістік – 209,8 мың га, тыңайған жерлер – 1,7 мың га, шабындықтар – 53,4 мың га, жайылым – 520,3 мың га жерді алып жатыр.