«2025-2027 жылдарға арналған Көкпекті ауылдық округінің бюджеті туралы» Түсіндірме хат

«2025-2027 жылдарға арналған Көкпекті ауылдық округінің бюджеті туралы» Түсіндірме хат

«2025-2027 жылдарға Көкпекті ауылдық округінің бюджеті туралы» аудандық мәслихат шешімі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауындағы тапсырмаларын орындауға бағытталған.

Көкпекті аулдық округінің 2025 жылға арналған бюджеті, мың теңгені құрайды. Соның ішінде, меншікті кірістері – 63 050,0 мың теңге, субвенция көлемі – 376 982,0 мың теңгені құрайды , капиталдансатудантүскентүсімдер550,0мыңтеңгесомасында.

2025 жылға арналған ауылдық округтің бюджеті жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген субвенциялар мен нысаналы трансферттерді ескере отырып, 440582,0 мың теңге сомасында көзделеді.

Бюджеттік бағдарламалар қимасында бюджеттің шығыстар сомасы қарастырылады:

124 001 015 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтеріне» - 72 941,0 мың теңге:

Еңбекақы–71771,0мыңтеңгесомасында.

Бюджеттік сала қызметкерлері үшін жұмыс берушінің қосымша міндетті зейнетақы жарналарын енгізуге облыстық бюджеттен 1070,0 мың теңге сомасында трансферттер бөлінді, сондай - ақ ең төменгі жалақының ұлғаюына байланысты азаматтық қызметшілердің жалақысын арттыруға республикалық бюджеттен 100,0 мың теңге бөлінді.

 

124 008 015 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» - 30 000,0 мың теңге.

Электр энергиясына төлем (көшелерді жарықтандыру) – 21590,0 мың теңге;Электр желілерін ұстауға – 8410,0 мың теңге.

 

124 009 015 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 12 000,0 мың теңге қаражат жоспарлануда. Бөлінген қаражат шеңберінде келесі жұмыстар іске асырылатын болады:

Көп қабатты үйлердің маңындағы қоқыстарды шығару жұмыстарына – 4000,0 мың теңге;

Қатты қалдықтар полигонын итермелеп жинау жұмыстарына –             8000,0 мың теңге.

 

124 011 015 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша, 305 641,0 мың теңге.

Көкпекті ауылында кешенді балалар алаңын орнату-45 089,0 мың теңге;

Көкпекті ауылындағы Арка құрылысы 67 254,0 мың теңге;

Ауданның Көкпекті ауылында көпбалалы отбасылар үшін 10 323,0 мың теңге – 66 жаңа пәтер сомасына балалар алаңын орнату;

Көкпекті ауылындағы субұрқақты ағымдағы жөндеу - 29 905,0 мың теңге;

Көкпекті ауылындағы Көкпекті өзенінің арнасын тазарту жұмыстары - 2380,0 мың теңге;

Көкпекті ауылын абаттандыруға-100 000,0 мың теңге;

Абаттандыру қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу (30 адам) – 34443,0 мың теңге;            Жиектер мен тіректерді сырлау және әктеу және т.б. – 5000,0 мың теңге;Көкпекті ауылдық округінде қардан тазалау және шығару – 11247,0 мың теңге.

 

124 013 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасына 20 000,0 мың теңге.

Қысқы жолдарды күтіп ұстауға – 17 250,0 мың теңге;

Жазғы жол жөндеу – 2 750,0 мың теңге.

 

Көкпекті ауылдық округінің әкімі                                                  Б. Нугыбаев

 

Бас маман есепші                                                                               А. Тлегенова

«2025-2027 жылдарға арналған Көкпекті ауылдық округінің бюджеті туралы» Түсіндірме хат
Дата публикации
14 апреля 2025