Көкпекті ауылдық округінің 2024 жылы атқарылған жұмыстар және ауылдық округтің әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат

Көкпекті ауылдық округінің 2024 жылы атқарылған жұмыстар және ауылдық округтің әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат

 

Көкпекті ауылдық округі аудан орталығында орналасқан.  Жер аумағы 151 736 га құрайды.  Округте аула саны 1544. Халық саны 5887 адамды құрайды, оның ішінде экономикалық белсенді халық 2819 адам. 2024 жылы 47 отбасына, барлығы 244 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

Қоғамдық ақылы жұмыстарға 8 тұрғын тартылып, округтегі аббаттандыру, көріктендіру жұмыстарына жіберілді.

2024 жылы  дүниеге 108 сәби келіп,  демографиялық жағдайдың тұрақтылығын көрсетті. 

Ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылық жерлерінің көлемі – 96653 га, оның ішінде егістік – 22020 га, шабындық 5723 га, жайылым – 67391 га. 

Округ бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарына  12444 бас ірі қара,  ұсақ  мал 11715 бас, жылқы  2772 тіркелген. 

Округте 104 шаруа қожалық тіркелген. 2024 жылы округте  Лизингке сатып алынған техникалар туралы ақпарат 26/895 711 200 тг.

Округтегі жер және мүлік салығын төлеушілер саны – 1380 адам.

Білім беру

Жалпы білім беру мектептері 2 жалпы орта және 3 негізгі орта.

Оқушылар саны - 1136

Мәдениет және спорт

Округте бір аудандық Мәдениет үйі және аудандық кітапхана бар, Дене шынықтыру және сауықтыру орталығы бар.

Шағын кәсіп саласындағы тіркелген заңды тұлғалар

Тіркелген кәсіпорындар саны-481                 Болжам- 500

Белсенді жұмыс істейтіндер саны-232           Болжам- 270

 

2024 жылы атқарылған жұмыстар

  • Көкпекті ауылдық округының ішкі жол шұңқырлары жөнделді 20 млн теңге,
  • Қайырымдылық айлығында көп балалы отбасылар мен мұқтаж жандарға 73 тонна көмір, 40 қап картоп таратылды. 1 млн 890 мың, теңге, 500 мың теңге,
  • Қарттар күніне арналған «Ардақтайық, құрметтейік қарттарды!» атты мерекелік шара өткізілді, 700 мың теңге
  • Ажа және Шәріптоғай ауылдарының жалпы ұзындығы 4,5 шақырым ішкі  жолдарына қалындығы            20 см  ПГС материалдарын төсеу, тегістеу жұмыстары жүргізілді, Шәріптоғай  ауылының  ішкі жолдарының ұзындығы 2,5 км тегістеу жұмыстары жүргізілді, демеушілік есебінен жұмыстар атқарылды. 43 млн теңге
  • Ажа, Шәріптоғай, Толағай ауылдарына 180 үнемді жарықтандыру бағаналары құрылды. 19 млн теңге
  • Ажа ауылында «Workout» және балалар алаңы салынды 6 млн теңге
  • Көкпекті ауылдық округінде 425 дана шам жарықтарын құрып, оның ішінде 313 дана ескі шам жаңартылды.
  • Бармақ батыр көшесі 18 пәтерлі үй маңында спорттық көп функциялы алаңы құрылды.
  • «Ұлы дала елі» алаңында меркелік безендіру жүргізілді.
Көкпекті ауылдық округінің 2024 жылы атқарылған жұмыстар және ауылдық округтің әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат
Дата публикации
21 января 2025