Толағай ауылы

       

Толағай  ауылында 32 аула,  118  адам тұрады,  оның  ішінде  69   адам  экономикалық  белсенді,  49  басқа  категориялы  адамдар.

      

Толағай  ауылы  бойынша  1 негізгі мектеп  және 1 ФАП бар.

Ауылдық кірістері   

       2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін ауылдық округ бюджетіне Толағай  ауылынан, 202 мың 597 теңге қаржы түсті, оның ішінде жеке тұлғалардың                     мүлік және жер салығы –  21 мың 917 теңге, жеке тұлғалардың көлік салығы –   180 мың 680 теңгені құрады.

 

                                            Мал шаруашылығы

       Толагай ауылы бойынша 3 - шаруашылық мал шаруашылығымен және                1 шаруашылық егін шаруашылығымен айналысады.  

       2024 жылдың 1 қаңтарға мал санағы бойынша Толагай ауылында  Ірі қара мал - 821 бас,   ұсақ мал - 626 бас,  жылқы – 248 бас  және  528 - құс тіркелген.

                                              

                                              2024 жылға жоспар:

  1. қосымша көше жарығын орнату;
  2. балалар ойын алаңын жайластыру;
  3. Толағай ауылында сумен жабдықтау жиелерін салу жұмыстрына смета әзірлеу.
Толағай ауылы
Дата публикации
27 февраля 2024