Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сыбайлас жемқорлықпен күрес — әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті

 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес — әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл — Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатындағы ең басты басымдықтардың бірі. Еліміздің дамуын тежейтін бұл кеселмен күресу тек арнайы органдардың ғана емес, ең алдымен әрбір мемлекеттік қызметшінің тікелей міндеті мен азаматтық парызы болып табылады. Мемлекеттік аппараттың тазалығы мен ашықтығы — халықтың билікке деген сенімінің негізі. Мемлекеттік қызметші — билік пен бұқара арасындағы алтын көпір. Сондықтан әрбір лауазымды тұлға өз міндетін атқару барысында жоғары этикалық стандарттарды сақтауға тиіс. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдар әрбір қызметкерден заңдылықты, әділдікті және адалдықты талап етеді. Мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген өкілеттіктерді жеке мүддесі үшін пайдаланбауы, лауазымдық жағдайын асыра сілтемеуі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеуі керек. Қазіргі таңда жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметте үлкен реформалар жүріп жатыр. Қызметтерді цифрландыру және процестердің ашықтығы сыбайлас жемқорлықтың туындау мүмкіндігін айтарлықтай азайтты. Алайда, заңдардың тиімділігі әрбір маманның ішкі мәдениеті мен ар-ожданына тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметшілердің бойында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне қарсы ішкі иммунитет пен мүлдем төзбеушілік (нулевая терпимость) қалыптасуы қажет. Әрбір қызметкер өз жұмыс орнында жемқорлық деректерін көрген жағдайда, оған бейжай қарамай, заң шеңберінде әрекет етуге міндетті. Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлықтан ада мемлекеттік аппарат құру — Әділетті Қазақстанның басты мақсаты. Мемлекеттік қызметшінің тазалығы, кәсібилігі мен Отанға деген адалдығы жемқорлықты жеңудің ең басты құралы болып табылады. Әрбір маман өз жауапкершілігін терең сезінгенде ғана біз қуатты, дамыған және құқықтық мемлекет қалыптастыра ала

 

Документы
Заң
24 февраля 2024
Абай облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округі әкімінің аппараты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң
Новости
Полезные материалы
Сыбайлас жемқорлықпен күрес — әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы