GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Все материалы
Мемлекеттік қызметтер
07 ноября 2025
Азаматтар енді өз өтінімдерінің орындалу барысын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылай алады

Азаматтар енді өз өтінімдерінің орындалу барысын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылай алады

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру үдерісі аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасына жаңа мүмкіндік қосты. Енді азаматтар мемлекеттік қызметке берген өтінімдерінің мәртебесін нақты уақыт режимінде көре алады.

Өтінім мәртебесін көру үшін қолданушы қосымшадағы «ХҚКО қызметтері» немесе «Арнайы ХҚКО қызметтері» бөлімін таңдап, өтінім нөмірін енгізуі керек. Бұл жаңашылдық қызмет көрсету процесін барынша ашық етіп, азаматтарға өтінімнің қай сатыда тұрғанын және нәтижені қашан алуға болатынын нақты білуге мүмкіндік береді. Ең бастысы – енді өтінім мәртебесін білу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ.

Жаңа функция азаматтардың уақытын үнемдеп, мемлекеттік қызметтерге деген сенімді арттырады. Әр қолданушы өз өтінімінің қаралу кезеңін көріп, кез келген өзгеріс туралы жедел хабардар бола алады.

«Өтінім мәртебесін бақылау жүйесін енгізу – мемлекеттік қызметтерді жаңғыртудың маңызды қадамы. Бұл шешім ашықтықты арттырып, халыққа қызмет көрсетудің қолайлылығын күшейтеді. Мұндай цифрлық бастамалар Президент Жолдауында айтылған цифрлық трансформация міндеттерімен үндесіп, мемлекеттік қызмет сапасын жаңа деңгейге көтереді», – деді Арман Кенжеғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы.

Қосымшада сонымен бірге электронды қолхаттарды сақтау және көру мүмкіндігі іске қосылған. Бұл қолхат – өтінімнің қабылданғанын немесе қызметтің көрсетілгенін растайтын ресми құжат. Ол автоматты түрде «Тапсырыс тарихы» бөлімінде сақталады.

Мемлекеттік корпорация алдағы уақытта да азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта жылдам әрі ыңғайлы түрде ұсынуға бағытталған жаңа цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастырады.

Мемлекеттік қызметтер
24 октября 2025
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдеу тәртібі өзгерді.

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдеу тәртібі өзгерді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін алғаш рет алу қызметі енді «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді болғанын хабарлайды.   

Енді алғаш рет жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтар өтінішті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тікелей «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Жүйе медициналық анықтамасының бар-жоғын, автомектепті аяқтау туралы куәлігін және шектеулердің болуын мемлекеттік деректер базасы арқылы автоматты түрде тексереді.

Өтініш жіберілгеннен кейін азамат өзіне ыңғайлы уақытта теориялық және практикалық емтихандарға жазыла алады. Осылайша, мемлекеттік баж төлемі емтихандарды сәтті тапсырған соң мамандандырылған ХҚКО бөлімінде төленеді. Бұл тәсіл рәсімдеу процесін оңтайландырып, азаматтар үшін анағұрлым қолайлы жағдай жасайды.

Пилоттық жоба Ішкі істер министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығы аясында жүзеге асып жатыр. Құжат жүргізуші куәліктерін беру тәртібін жаңартып, цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге бағытталған.

Қазіргі уақытта жаңа қызмет еліміздің барлық өңірінде қолжетімді. Пилоттық жобаның мерзімі 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін белгіленген. Осы кезеңде қызметтің тиімділігі мен қолайлылығы бағаланып, талдау нәтижесінде жаңа тәртіпті тұрақты түрде енгізу мәселесі қаралады.

Жаңа рәсімдеу форматы жүргізуші куәлігін алғаш рет алатындар үшін бұл процесті бұрынғыдан да жеңіл, ыңғайлы және қолжетімді етті.

Сонымен қатар, «ЦОН» мобильді қосымшасы болашақ жүргізушілерге қосымша мүмкіндіктер ұсынады: қолданушылар теориялық және практикалық емтихандарға, сондай-ақ сынақ емтиханына жазыла алады. Бұдан бөлек, қосымшада көлік сатып алу-сату шартын рәсімдеу, автокөлік тарихын тексеру және өзге де электрондық қызметтерді пайдалану сияқты пайдалы функциялар қамтылған.

Мемлекеттік қызметтер
24 октября 2025
«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

 Қазақстан демографиялық қартаю дәуіріне аяқ басып келеді және ғасырдың орта тұсына қарай ол демографиялық қартаю деңгейі өте жоғары елдер санатына енеді: республика халқы санының 2050 жылдың соңына қарай 26,5 млн адамға дейін өсуі мүмкін екенін ескерсек, елдің әрбір алтыншы тұрғыны 60 жастан асады – егде жастағы адамдардың үлесі халықтың жалпы санының 18,8% құрайды.

Бұл ретте БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушылардың саны 2025 жылдан 2050 жылға дейінгі кезеңде 4 есеге артады - 520 мыңнан 2 млн-ға дейін. Бұл деректер "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) жариялаған "2024 жылғы актуарлық есепте" (бұдан әрі – есеп) келтірілген. Онда Қазақстанның зейнетақы жүйесін одан әрі дамытуға байланысты кешенді актуарлық есептеулер мен болжамдардың нәтижелері көрсетілген.

Демографиялық өзгерістердің зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне салатын  салмағы айтарлықтай. Сондықтан мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі – халықаралық стандарттарға сай келетін және лайықты зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ететін зейнетақы жүйесін қалыптастыру. Жүйенің тиімділігі есепте талданып, болжанатын бірқатар көрсеткіштер бойынша бағаланады. Ұсынылған жылдық актуарлық есеп мемлекеттік органдар, сарапшылар және жалпы жұртшылық үшін маңызды деректер көзі саналады.

Демографиялық трендтер 

Есептің бірінші бөлімінде демографиялық өзгерістер және олардың зейнетақы жүйесіне әсері сипатталған. Есепте 2025 жылдың басындағы демографиялық жағдай және стохастикалық және детерминистік модельдерді қолдана отырып жасалған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді болжамдар келтірілген. Жалпы тенденциялар – өмір сүру ұзақтығы артады, туу деңгейі төмендейді – болжам бойынша 2050 жылға қарай халықтың құрылымындағы егде жастағы азаматтардың үлес салмағы өседі, ал еңбекке қабілетті халықтың саны азаяды. Бұл өзгерістер зейнетақы жүйесінің жинақтаушы компонентінің рөлін арттыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі

Есептің екінші бөлімі Қазақстанның қолданыстағы көпдеңгейлі зейнетақы моделін сипаттауға, оны халықаралық рейтингтерде бағалауға, сондай-ақ барабар зейнетақы табысын қалыптастыру үшін зейнетақы жарналарының оңтайлы мөлшерлемелерін талдауға арналған. Республикада Қаржы нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастырудың бастауында тұрған сарапшылардың жүйені одан әрі жетілдіру жолдары туралы пікірлері келтірілген.

Зейнетақы ағындарына болжам

Үшінші бөлімде зейнетақы ағындарын модельдеу және болжау нәтижелері, атап айтқанда KazPRESTO кешенді актуарлық моделі және оның болжамды нәтижелері, демографияны, еңбек нарығын, міндетті зейнетақы жарналарының 10% есебінен зейнетақы төлемдерін модельдеу көрсетілген. Болжамды есептеулер жинақтаушы жүйедегі зейнетақы ағындарының ұзақмерзімді перспективада тұрақты өсуін көрсетеді. Сонымен қатар, жинақтарды мерзімінен бұрын пайдалану саясатын бақылау, жарналардың жүйелілік деңгейін арттыру, халықты зейнетақы жүйесімен қамту, сондай-ақ инвестициялық басқарудың тиімділігін арттыру қажеттілігіне, әсіресе нақты табыстылығы төмен болған кезде баса назар аударылады.

БЖЗҚ-ның жылдық актуарлық есебі – Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамытудың ағымдағы жай-күйі мен ұзақмерзімді перспективаларын кешенді бағалауға мүмкіндік беретін маңызды құжат. Ондағы тұжырымдар зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын және зейнетақы төлемдерінің лайықтылығын арттыруға бағытталған тиімді шешімдерді әзірлеу үшін негіз болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мемлекеттік қызметтер
10 октября 2025
Кәмелетке толған азаматтарға қамқоршылар туралы цифрлық құжат eGov Mobile қосымшасында қолжетімді болды

Кәмелетке толған азаматтарға қамқоршылар туралы цифрлық құжат eGov Mobile қосымшасында қолжетімді болды

eGov Mobile мобильді қосымшасында кәмелет жасына толған азаматтарға қамқоршылық жасайтын тұлғалар туралы мәліметтері бар цифрлық құжат қолжетімді болды. Бұл құжат «Е-Собес» ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде жасалады, онда тіркелген барлық қамқоршылар, қорғаншылар және олардың қамқорлығындағы азаматтар туралы мәліметтер сақталады.

Құжатта келесі деректер қамтылған: қамқоршының ЖСН мен ТАӘ, туған күні, сондай-ақ қамқорлығындағы азаматтың ЖСН мен ТАӘ, туған күні, қамқоршыны тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні, сонымен қатар «Жарамды күні» туралы ақпарат бар. Құжаттың түпнұсқалығын растау үшін QR-код қарастырылған: оны сканерлеген кезде бір тәулік бойы жарамды цифрлық нұсқасы ашылады.

Құжат «Цифрлық құжаттар» бөлімінде «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басқаннан кейін, заңды өкіл мәртебесі расталған қолданушыларда автоматты түрде пайда болады.

Қамқоршы мәртебесін ресми түрде растау қажет болатын жағдайларда – мемлекеттік төлемдерді алу, банкке, медициналық мекемелерге және басқа ұйымдарға жүгіну кезінде – бұйрықтың электрондық нұсқасы қажет болуы мүмкін.

Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile мобильді қосымшасына кіріп, авторизациядан өтіп, «Цифрлық құжаттар» бөліміне өту;
  • «Отбасы» санатынан қамқоршылық немесе қорғаншылық туралы мәліметтермен танысу;
  • егер құжат көрсетілмесе – «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басу қажет.

Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ынтымақтастығымен жүзеге асырылды.

Қамқоршылар мен қорғаншылар енді қамқорлығындағы азаматтардың мүлкін басқаруға рұқсатты eGov Mobile арқылы рәсімдей алады

Қамқоршылар мен қорғаншылар енді қамқорлығындағы азаматтардың мүлкін басқаруға рұқсатты eGov Mobile арқылы рәсімдей алады

Қамқоршылар мен қорғаншылар енді қамқорлығындағы азаматтардың мүлкі мен әлеуметтік төлемдерін басқаруға рұқсат алу қызметін тек eGov.kz порталынан ғана емес, eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы да пайдалана алады.

Қызмет сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі әрекетке қабілетті деп танылған кәмелетке толған азаматтардың заңды өкілдеріне арналған. Ол тегін көрсетіледі және зейнетақы мен жәрдемақыны алу, мүлікті сату сияқты түрлі әрекеттер үшін рұқсат рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияның арқасында өтінішті толтыру кезінде кейбір деректер автоматты түрде жүктеледі. Бұл өтініш беру үдерісін жеңілдетіп, қателік жасау ықтималдығын төмендетеді.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile мобильді қосымшасына кіріп, «Қызметтер» – «Жеңілдіктер, жәрдемақы және зейнетақы» бөлімін таңдау қажет;
  • «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкіне иелік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуына рұқсат ету» қызметін таңдау;
  • өтініштегі қажетті жолдарды толтыру;
  • басқару түрін таңдап, тиісті ақпаратты толтырып, «Келесі» батырмасын басу;
  • қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен өтінішті растау қажет.

Өтініш қаралғаннан кейін жеке кабинеттегі «Қызметті көрсету тарихы» бөлімінде электрондық түрде бұйрық немесе дәлелді бас тарту көрсетіледі. Шешім бес жұмыс күні ішінде беріледі.

Қызмет eGov.kz порталында да қолжетімді. Іске қосылған сәттен бастап бұл қызметті 460-тан астам рет пайдаланды.

Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы ынтымақтастық аясында іске қосылды.

Поликлиникаға тіркелуді eGov.kz пен eGov Mobile арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Поликлиникаға тіркелуді eGov.kz пен eGov Mobile арқылы онлайн рәсімдеуге болады

1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін Қазақстанда медициналық ұйымдарға тіркеу науқаны өтеді. Осы кезеңде азаматтар өз поликлиникасын ауыстыруға мүмкіндік алады. Бұл рәсімді толықтай онлайн режимде – eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы, медициналық ұйымға бармай-ақ орындауға болады.

Қызмет поликлиникаға тіркеліп, учаскелік дәрігерді таңдауға мүмкіндік береді. Таңдалған дәрігерге сәйкес медициналық қызмет көрсету аумағы жүйеде автоматты түрде көрсетіледі. Науқан қорытындылары келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Алдыңғы ұйымнан тіркеуден шығару жаңа өтінім расталғаннан кейін автоматты түрде жүзеге асырылады.

Науқаннан тыс уақытта да поликлиниканы ауыстыруға болады. Бұл басқа елді мекенге қоныс аударғанда, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырғанда, сондай-ақ поликлиника қайта ұйымдастырылған немесе жабылған жағдайда мүмкін. Мұндай жағдайда қызметті жылына бір рет қолдануға болады.

Қызметті eGov.kz порталында пайдалану үшін:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Денсаулық сақтау» бөлімін ашу қажет;
  • «Поликлиникаға тіркелу» қызметін таңдап, қажетті өрістерді толтыру қажет;
  • өтінімге қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен қол қою қажет;
  • «Көрсетілген қызметтер тарихы» бөлімінде белгіленген уақыт ішінде өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысуға болады.

Қызметті eGov Mobile қосымшасында пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіп, «eGov мемлекеттік қызметтері» – «Денсаулық сақтау» бөліміне өту қажет;
  • «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» қызметін таңдап, қажетті деректерді енгізу қажет;
  • қызметті қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен растау қажет;
  • өтінімнің өңделу мәртебесін «Қызметтер тарихы» бөлімінен қадағалауға болады.

Қызметтің жоғары сұранысқа ие екенін статистика да дәлелдейді. 2024 жылы тіркелу қызметін 3,6 млн-нан астам рет пайдаланды: олардың 2 905 013-і eGov.kz порталында, 722 198-і eGov Mobile қосымшасында рәсімделді. 2025 жылы (шілде айына дейін) портал арқылы 1 135 628, ал мобильді қосымша арқылы 1 046 354 өтінім қабылданды.

Әдеттегідей ең жоғары белсенділік науқан кезеңінде байқалады. Мәселен, 2024 жылы қыркүйекте – 495 мың, қазанда – 502 мың, қарашада – 159 мың өтінім тіркелген.

Еске саламыз, қызмет арқылы кәмелетке толмаған балаларды және 18 жастан асқан әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарды олардың қамқоршылары онлайн түрде поликлиникаға тіркей алады.

Жаңарту ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өзара ынтымақтастығының аясында жүзеге асырылды.

14 апреля 2025
Көкпекті ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең ауқымды сенбілік өтті

Еліміз бойынша қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде Көкпекті ауданында ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Аталған сенбілікке аудан бойынша 2200-ден астам тұрғын, 63 мекеме (оның ішінде 14 кәсіпорын нысандары) белсене атсалысты. Сонымен қатар, жұмыстарға 36 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Сенбілік барысында:

  • 1800-ден аса аулалар тазартылды;
  • 47 тонна қоқыс шығарылды;
  • 15 саябақ пен 26 арық тазартылды.

Бұл шара аудан тұрғындарының экологиялық мәдениетке деген жоғары жауапкершілігін көрсетіп отыр. Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаны қорғап, туған өлкеміздің тазалығын сақтауға бағытталған.

Сенбілік жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

10 апреля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы активтері бір жыл ішінде 4,18 трлн теңгеге артты

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 22,68 трлн теңгеден асты. Соңғы 12 ай ішінде зейнетақы активтері шамамен 4,18 трлн теңгеге (немесе 22,6%) артты.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары 2025 жылдың 1 наурызына 21,71 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсімі – 21,4%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 650,69 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,3%. Өткен 12 ай ішінде ең үлкен өсімді (42,8%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – 8,14 млрд теңге.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 310,13 млрд теңгеден асты.

Кіріс

2025 жылдың алғашқы 2 айында салымшылардың шоттарына 497,33 млрд теңгеден аса зейнетақы жарнасы түсті (өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 19,9% немесе 82,46 млрд теңгеге артық).

МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.03.2025 жылға дейін шамамен 416,04 млрд теңге (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% артық) түсті, МКЗЖ  - 22,41 млрд астам теңге (өсім 10,8%), ЕЗЖ – 600,34 млн теңге (өсім 17,2%).  2025 жылдың 2 айындағы ЖМЗЖ  көлемі – 58,28 млрд теңге.

Төлемдер мен аударымдар

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары шамамен 260,32 млрд теңгеден асты. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 129,49 млрд теңгеге немесе 99% көп.

Шамамен 157,89 млрд теңге - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ).

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 36,98 млрд теңгеден асады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 18,8% жоғары. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін орташа айлық төлем – 35 616 теңге.

Сондай-ақ, осы кезең ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 11,93 млрд аса теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – шамамен 5,99 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 551,18 млн аса теңге, жерлеуге төлемдер – шамамен 1,85 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 45,13 млрд теңге аударылды.

ЖЗШ саны

2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 17,36 млн бірлік. Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 наурызына  12,53 млн бірлікке жуықтады. Оның ішінде: 11,16млн - МЗЖ бойынша, 724,04 мыңы - МКЗЖ бойынша, 444,64 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.

Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  4,83 млн бірліктен асты. 

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

28 февраля 2025
Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылу енді тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы мүмкін

Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылу енді тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы мүмкін

Енді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өткізілетін теориялық және тәжірибелік емтиханға тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы ғана жазылуға болады. Бұл жаңашылдық азаматтарға ыңғайы болу үшін және сыйбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «ХҚКО» қосымшасының барлық қолданушысы екі факторлы аутентификациядан өтеді: алдымен – биометриялық идентификация, сосын 1414 нөмірінен келіп түскен SMS-коды арқылы өзінің жеке басын растайды. Одан кейін жүргізуші куәлігіне үміткер  «Теориялық емтиханға жазылу» немесе «Тәжірибелік емтиханға жазылу» батырмасын таңдайды. Бұдан соң қызмет алушыға 1414 нөмірінен хабарлама келіп түседі. Айта кету керек, SMS хабарлама Мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөміріне жіберіледі. Қосымша арқылы емтиханға жазылу үшін алдын ала мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, өтінім нөмірін алу қажет екенін ескертеміз.

Бұл сервис емтихан уақыты мен емтихан тапсыру кестесіндегі өзгерістер туралы пайдаланушыларға хабарлап отырады. Бұл ақпаратты ыңғайлы түрде және дер кезінде алу мүмкіндігін едәуір арттырады.

Еске салайық, емтиханға жазылу бұрын  booking.gov4c.kz сайтында жүзеге асырылатын, алайда «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы қызметті кеңейтілген ауқымда алу үшін сайттағы брондау функциясы өшіріледі.Десек те,  сайт пайдаланушыларға емтихан тапсыру сәтінің трансляциясын онлайн режимде көрсету үшін өз жұмысын жалғастыра береді.

Аталған қосымша ХҚКО-ға бару уақытын брондауға, электронды кезек үшін талон алуға, қызықтырған халыққа қызмет көрсету орталығының орналасқан мекенжайын табу және өзекті сұрақтармен танысуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, «ХҚКО» қосымшасын Google Play және App Store арқылы жазып алуға болады.

28 февраля 2025
Бірыңғай байланыс орталығында рекорд: бір күнде 120 мың өтініш өңделді

2024 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы КЕ АҚ-ның Бірыңғай байланыс орталығы 27 миллионнан астам өтініш өңдеді. Күн сайын Бірыңғай байланыс орталығы 1414 нөміріне келіп түскен қоңырауларды, Telegram-дағы EgovKzBot 2.0 чат-боты мен support@goscorp.kz электронды поштасына жолданған хабарламаларды, сондай-ақ «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы жүргізілген бейнеқоңырауларды қоса алғанда 30 мыңнан 90 мыңға дейін өтініштерді қабылдайды. Жуырда орталықтың 2011 жылдан бастап жұмыс істеген барлық кезеңінен бері ең жоғары көрсеткіш тіркелді – бір күнде 120 мың өтініш қабылданды.

Ең көп қойылатын сұрақтар – ЭЦҚ беру және кері қайтарып алу, салық пен есептік көрсеткіштердің сомасын анықтау, ҚР азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін беру.

«Бірыңғай байланыс орталығы өз қызметін бастаған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінде негізгі буынға айналды. 2024 жылы Бырыңғай байланыс орталығына 27,1 миллион өтініш келіп түсті, ал қызмет алушылардың консультациялық көмек сапасына қанағаттану деңгейі 96,8 пайызға жетті. Біз Бірыңғай байланыс орталығының жұмыс процестерін жетілдіруді жалғастырып, мемлекеттік қызметтерді алу ісін одан әрі жеңіл әрі қолжетімді ететін боламыз» – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясының Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

2024 жылы Бірыңғай байланыс орталығы ЭЦҚ бойынша 1 023 354 өтініш, төлқұжаттарды беру бойынша 367 428 өтініш, жеке куәліктерді беру – 228 693, cалық төлеушілерді тіркеу бойынша 114 082 өтініш, бала туғанға жәрдемақы тағайындау бойынша 81 902 өтініш, бала күтімі бойынша 1,5 жасқа дейінгі әлеуметтік төлемдерге 67 979 өтініш, көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы бойынша 64 544 өтінішке жауап берді.

Еске салайық, Бірыңғай байланыс орталығы 1381 мемлекеттік қызмет бойынша кеңес береді. Қазақстан азаматтары үшін кез келген байланыс операторы арқылы барлық өтініштер тегін қабылданады

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы