«Биғаш ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Түсіндірме хат        

 «Биғаш ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Түсіндірме хат        

Аудандық мәслихаттың «2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті туралы» шешімі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған.

2025 жылға арналған ауылдық округтің бюджеті жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген субвенциялар мен нысаналы трансферттерді есепке ала отырып 111 033,0 мың теңге қарастырылды.

2025 жылға арналған бюджетке салық түсімдері бойынша ауылдық округ бюджетінің меншікті кірістері 7 338,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде салықтық түсімдер 7 238,0 мың теңгені, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 100,0 мың теңгені құрайды.

2025 жылға Биғаш ауылдық округі бойынша Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан бөлінген субвенциялар мен трансферттер сомасы 103 695,0 мың теңгені құрайды.   

2025 жылға арналған ауылдық округтің бюджетінде бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде бюджет шығыстарының сомалары көзделген:

124 001 "Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бағдарламасы бойынша - 34 856,0 мың теңге. Шығындарға 3 мемлекеттік қызметшінің және 7 техникалық персоналдың еңбекақысы, сонымен қатар жалпы сомасы 34 548,0 мың теңгені ұстау шығындары кіреді. Бюджеттік сала қызметкерлері үшін жұмыс берушінің қосымша міндетті зейнетақы жарналарын енгізуге облыстық бюджеттен 278,0 мың теңге сомасында трансферттер бөлінді, сондай - ақ ең төменгі жалақының ұлғаюына байланысты азаматтық қызметшілердің жалақысын арттыруға республикалық бюджеттен 30,0 мың теңге бөлінді.        

124 008 "Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру" бағдарламасы бойынша - 1 730,0 мың теңге, оның ішінде электр энергиясы қызметтерін төлеуге 1 326,5 мың теңге және ұстау бойынша қызмет көрсетуге 403,5 мың теңге. Шығыстарға Биғаш, Егінбұлақ ауылдарында қоқыс төгу және қоқыс шығару кіреді.

124 009 "Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша - 1 500,0 мың теңге. Шығыстарға Биғаш, Егінбұлақ ауылдарында қоқыс төгу және қоқыс шығару кіред.    

124 011"Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру" бағдарламасы бойынша – 71 347,0  мың теңге. Шығындарға баннерлер жасау, қоршауларды, ағаштарды әктеу және сырлау, гүл отырғызу, мерекелік іс-шараларға ауылды безендіру сияқты ауылды абаттандыру жұмыстары кіреді.

Биғаш ауылындағы воркаут, балалар алаңы, шағын футбол алаңының құрылғылары-35 236,0 мың теңге;

Биғаш ауылындағы "Кіндікті" өзенінде жағалауды нығайту және арна санау жұмыстары – 26 920,0 мың теңге;

Биғаш ауылындағы Көкпекті өзенінің арналық жұмыстары - 8121,0 мың теңге;

Елді мекендерді абаттандыруға және көгалдандыруға-1 070,0 мың теңге.

124 013 "Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша Биғаш, Егінбұлақ ауылдары бойынша автомобиль жолдарын ұстау - 1 600,0 мың теңге.

Биғаш  ауылдық   округінің әкімі                                            К. Ахметкалиев                                                          

                                       

 

 «Биғаш ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Түсіндірме хат        
Дата публикации
14 апреля 2025