Биғаш ауылдық округінің 2024 жылы атқарылған жұмыстары және ауылдық округтің
әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы ақпарат.
Биғаш ауылдық округі аудан орталығынан 37 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер аумағы24813 га құрайды. Округте аула саны 98. Халық саны 330 адамды құрайды. оның ішінде экономикалық белсенді халық 179адам, 16 жасқа дейінгі балалар 105,
2024 жылы дүниеге 8 сәби келіп, демографиялық жағдайдың тұрақтылығын көрсетті.
Ауыл шаруашылығы
Ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылық жерлерінің көлемі – 147197 га, оның ішінде егістік – 19470 га, шабындық 6895 га, жайылым – 120832 га. Өткен жылғы егістік көлемі – 3924 га құрады.
Жыл сайын мал басының өсу қарқыны байқалады. 2025 жылдың 1 қаңтарына 3000 бас ірі қара /100 пайыз өсім/, қой-ешкі 2300 бас /100 пайыз өсім/, жылқы 1470 /100 пайыз өсім/ тіркелген.
Округте 42 шаруа қожалығы тіркелген. Мал шаруашылығымен және егін шарушылығымен айналысады.2024 жылы 10 айда инвеситиция 108 064 000 тенгені құрады. «Ерке» Ш/Қ комбайн Еssil КЗС 730 ЖЗК- 5-2 жаткасымен, культиватор ,сеялка, «Сай-Ел»ШҚ Копесов Жанатбек LOYOL тракторын агробизнес арқылы сатып алды . 15 отбасына шабындық, егістік, жер комиссиясының шешімімен жер бөлініп берілді. Берілген жерлердің шешімі аудандық басылым бетіне жарияланды.
Ветеринария саласында
1мал дәрігері, тағы қосымша 2 санитар келісім шартпен жұмыс атқарады. Көктемде ІҚМалдан 3000 бас,ҰМалдан 2300 бастан бруцеллезауруына тексеріс жүргізілді. 6 бас ірі қара оң нәтиже көрсетті. Ұсақ малдан ауру анықталған жоқ.Күз уақытында 2400 ІҚМалдан 1 бас оң натиже берді. Ұсақ малда анықталған жоқ. Ящур,Нодулярный дерматит,Сибирская язва,Пастереллез ауруларына карсы екпелер егілді. Ауру анықталған үйлерге нұсқамалар беріліп, дезинфекция жасалды, анықталған малдар арнайы орынға өткізілді. Сондай-ақ басқа да жоспарлы емдеу-сауықтыру, алдын-алу екпелері уақытында толықтай жүргізілді. 10 бас иесіз қаңғып жүрген иттер жойылды.
Салық
Округтегі жер және мүлік салығын төлеушілер саны – 113 адам.
Көлік салығын төлеушілер – 62 адам.
2024 жылға жоспарланған салық түсімдерінің мөлшері 940 мың теңге, орындалғаны 970 мың теңге. Түскен түсімдер округті аббаттандыруға, көше шамдарын ауыстыруға, жолдарды қардан тазалауға т.б жұмыстарға жұмсалады.
Білім беру
Ауылдық округте 1негізгі мектеп оқушыларға білім береді:
Биғашмектебінде оқушылар саны- 52, мектеп алды даярлық тобы мен шағын орталықтағы балалардың саны-33, мұғалімдер саны- 18.Биғаш негізгі мектебіне ремонтқа 2024 жылы 34 млн. теңге жұмсалды оның 37бала қамтылды.
Оның ішінде 13 бала аз қамтылған және көп балалы отбасынан 24 оқушы бастауышсынып оқушылары.
Денсаулық сақтау
Биғаш ауылдық округінде 1 фельдшерлік пункті халыққа қызмет көрсетеді, 1 фельдшер жұмыс жасайды . Жыл басынан 2024 жылдың 10 айында дүниеге 8 нәресте келді.
0 ден 14 жасқа дейінгі балаларға орталық ауруханасында 31 балаға екпе жасалды. Жыл басынан скрининг мамографиядан 24 әйел өтті. 2024 жылы сәуір айында Көкпекті ауруханасынан жылжымалы медициналық комплекс келіп, ауыл тұрғындары флюрографиядан өтті.Келген мамандар медициналық кызметтерін көрсетті.
Әлеуметтік қорғау
2024 жылы округ бойынша 4 отбасына жаңа форматтық атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуде. Мүміндігі шектеулі 1 балаға әлеуметтік қызметкер аптасына 2 рет барып көмек көрсетеді. Жеке кәсіпкер тарапынан қайырымдылық көмектер көрсетіледі. Қоғамдық ақылы жұмыстарға 4тұрғын тартылып, округтегі аббаттандыру, көріктендіру жұмыстарына жіберілді.Жаңадан медициналық пункт бой көтеріп, пайдалынуға берілді.
Мәдениет спорт саласы
Биғашауылдық округінде 2 мәдениет қызметкерлері қызмет жасайды.Жастардың бос уақытын ұйымдастыру және жоспарлау мақсатында жұмыс атқарады.Жаңа жыл кештері, наурыз, қарттар күндеріде 2 ауылдада жоғары деңгейде ұйымдастырылды.2024 жылы Аудандық аудан әкімінің жүлдесіне арналған спартакиадада 9 ауылдық округ арасында 17 спорт түрінен Биғаш ауылдық округі командасы IV орынға ие болды.
Қоғамдық құқық тәртібі
2024 жылы Биғаш ауылдық округі бойынша, әкімшілік құқықбұзушылық үшін 18хаттама толтырылды. Қараусыз жүрген малдар.
Шағын және орта кәсіпкерлік
Азық түлік сатумен айналысатын, жолаушы тасымалы жүзеге асыратын кәсіпкерлер тіркелген. Әкімшілік тарапынан күнделікті тұтынатын тауар бағасын реттеу мақсатында арнайы комиссия жұмыстарын атқарады. Шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер тарапынан көмектер көрсетіліп тұрады.
Сумен жабдықтау және су тарту.
«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Биғаш ауылының тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Лайф Строй инвест» мердігер компаниясымен су құбырларын тарту жұмыстары қолға алынып, 555, 639 млн теңгеге сметалық құжат жасалып, 2023 жылы көктем айында басталған 2024 жылы бітпей қалды. Барлығы су құбырының ұзындығы 9 шқ 803 метр.Басты магнистраль 7шқ 46 метр.2шқ 40 метр аулаларға тарту. Казіргі уақытта магистраль толық тартылды. 73 үйдің 50 үйіне фундаментқа дейін, 20 үйге қашасына дейін тартылды. Насос станциясы іске қосылмады 2025 жылы толықтай аяқтау жоспарда.
Абаттандыру.
2024 жылы ауданның елді мекендерін абаттандыру бағдарламасы аясында елді мекендерді одан әрі абаттандырубойынша жұмыстар жүргізілді.Аудандық бюджеттен 60 млн 28 мың теңге бөлініп, келесі жұмыстар атқарылды.
1.Көше жарықтандыру тіректерін орнату жұмыстары жүргізілдіЕгінбулак, Биғаш ауылдарында
2.56 миллионға Биғаш Көкпекті автотрассасына қиыршык құм төгіп, грейдерлеп, каток жүргізу жұмыстары атқарылды.Егінбұлақ Бигаш автотрассасына,Биғаш ауылының ішкі жолдарына жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді.Егінбулак ауылына радиотелефондық байланыс желісінің жабдығы орналастарылып,электрлық сымдары тартылып қосылды.Енді байланыс тарелкаларын орнату жұмыстары істеледі.
2025 жылға жоспарланған жұмыстар:
1.Ауылды көріктендіру, абаттандыру және санитарлық тазарту,ауыл ішіндегі қираған ғимараттардың орнын тегістеп шығару.
2.Биғаш ауылындағы әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу. Сметалық құжаттары 33млн ға 3 құжат дайындалып бюджеттік тапсырыс берілді.
3.Биғаш және Егінбұлақ елді мекеніне қосымша жарықтандыру бағандарын орнату жүргізілді.
5.Мал қорымын жаңарту
6.Радиотелефондық байланыс желісінің жабдығын орналастыруҚаракезен учаскесінде.