Денсаулық сақтау
Биғаш ауылдық округінде 1 фельдшерлік пункті халыққа қызмет көрсетеді, 1 фельдшер жұмыс жасайды . Жыл басынан 2024 жылдың 10 айында дүниеге 8 нәресте келді.
0 ден 14 жасқа дейінгі балаларға орталық ауруханасында 31 балаға екпе жасалды. Жыл басынан скрининг мамографиядан 24 әйел өтті. 2024 жылы сәуір айында Көкпекті ауруханасынан жылжымалы медициналық комплекс келіп, ауыл тұрғындары флюрографиядан өтті.Келген мамандар медициналық кызметтерін көрсетті.