Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер:
Есепте 2024 жылдың 12 айында Абай облысы Көкпекті ауданының Биғаш ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы мәліметтер қамтылған.
Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыру нысандарының бірі, ол қызмет алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіпте жүзеге асырылады және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, сондай-ақ тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді ұсынуға бағытталған.
Абай облысы Көкпекті ауданының Биғаш ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру»;
«Елді мекен шегінде нысан құрылысы үшін жер учаскесін беру»;
«Сауда-саттықты (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»;
«Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату»;
«Жер учаскесін алуға кезекке қою».
2024 жылдың 12 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 1.
Мемлекеттік корпорация «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы көрсетілген қызметтер саны – 0.
Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін қызметтер саны: тегін – 0, ақылы – 0.
Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 1. Барлық қызметтер электрондық форматта көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер саны – 0.
Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет – «Сауда-саттықты (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу».
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты келесі көздерден алуға болады:
ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратында орналасқан ақпараттық стендтерден;
Көкпекті ауданы әкімі аппаратының ресми сайтынан – www.gov.kz;
Биғаш ауылдық округі әкімдігінің Instagram парақшасынан;
1414 бірыңғай байланыс орталығынан.
Ауылдық округ әкімдігі ғимаратындағы стендте мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат орналастырылған:
«Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңы;
мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары;
қажетті құжаттардың тізімі және олардың толтырылу үлгілері;
белгілі бір қызметті көрсететін мамандар туралы мәліметтер.
Ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратында 1 «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Есепті кезеңде бұл бұрыш арқылы 20 электрондық қызмет көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларының жария талқылауы туралы ақпарат:
Мемлекеттік органдар қызметі туралы есептер жария талқылау үшін Көкпекті ауданының ресми сайтында орналастырылады. Әрбір тұрғын бұл есептермен танысып, пікір қалдыра алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.):
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында халықпен 1 рет түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:
Биғаш ауылдық округі әкімі аппараты барлық мемлекеттік қызметтерді ережелерге сәйкес көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен мамандар жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша):
2024 жылдың 12 айында Абай облысы Көкпекті ауданының Биғаш ауылдық округі әкімі аппаратында тіркелген шағымдар болған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері:
Ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер бойынша есептік деректерді ай сайын уақытылы тапсырады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген бақылау нәтижелері:
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері:
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізілген жоқ.
Қызмет алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету, мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды уақытылы орналастыру мақсатында келесі іс-шаралар жоспарланған:
Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістерді бақылау;
Аудан әкімі аппаратының ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі (Instagram) ақпараттық стендтерді жаңарту;
Қызмет алушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша бейнероликтер, буклеттер дайындау;
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Ауылдық округ әкімі аппаратының
2024 жылдың 12 айындағы
мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша қызметі туралы есепке
Қосымша
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Шағым берушінің деректері |
Шағымның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қаралған күн |
Қарау нәтижелері бойынша құжаттың № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |