GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Все материалы
23 апреля 2026
Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 38-5 «2026-2028 жылдарға арналған Қ. Аухадиев атындағы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 38-5 «2026-2028 жылдарға арналған Қ. Аухадиев атындағы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

  1. Көкпекті аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған            Қ. Аухадиев атындағы ауылдық округінің бюджеті туралы» 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 38-5 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған Қ. Аухадиев атындағы ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 146 107,0 мың теңге:

салықтық түсімдер – 13 163,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 220,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 132 724,0 мың теңге;

2) шығындар – 148 289,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 2 182,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –             2 182,7 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –2 182,7 мың теңге.»;

 

27 ноября 2025
2024-2025 жылдарға Воздвиженка орта мектебінің білім беру саласы бойынша ақпарат

2024-2025 жылдарға Воздвиженка орта мектебінің білім беру саласы бойынша ақпарат

 "Воздвиженка ШЖМ" КММ бойынша 2024-2025 оқу жылы.

"Воздвиженка ШЖМ" КММ - бастауыш мектеп. 1-4 сынып.

Аралас мектеп.

Бюджет - 63 млн 010 мың теңге

2024-2025 оқу жылында-15 оқушы + 3 мектеп алды даярлық тобы оқушылары.  Барлығы 18 оқушы.

Білім сапасы 75 %

Педагогтердің сапалық құрамы 8 адам:

Жоғары білімі бар - 6, арнаулы орта білімі бар -2.

Педагог-сарапшы-4, педагог-модератор 1, педагог-педагог -3.

Мектепте инклюзивті білімі бар 3 бала бар. Оның 1-і үйде оқыту ЛУО диагнозы, 2, 3 және 4 сынып оқушылары.

Мектеп 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Тамақ термоспен жеткізіледі . Келісімшарт ЖК "Амангелді"-мен жасалынған.

Мектепте электрмен жылыту үшін жылу теплофондары орнатылған. Ағымдағы жөндеу 2023 жылы ғимараттың электр жүйесін ауыстыру бойынша жүргізілді.

27 ноября 2025
2024-2025 жылдарға Преображенка орта мектебінің білім беру саласы бойынша ақпарат

2024-2025 жылдарға Преображенка орта мектебінің білім беру саласы бойынша ақпарат

 

Мектеп бюджеті  2024-2025 оқу жылында 370,804,400.00 теңгені құрайды.

 

Оқушылар контингенті 178 оқушыны құрайтын болады:

 

1-4 сыныптар –52 оқушы

5-9 сыныптар - 97 оқушы

10-11 сыныптар – 29 оқушы

11 сынып оқушыларын – 8 оқушы құрайды.

1 сыныптарында 13 оқушы.

 

Мектепалды даярлық сыныбына 24 тәрбиеленушілер.

 

Биылғы оқу жылын 16 түлектер бітірсе, соның ішінде 3 түлек қызыл аттестат иегерлері.

 

Преображенка орта мектебі бойынша білім сапасы 2024-2025 оқу жылының    қорытындысы бойынша 64%-ды құрайды, 2025-2026 оқу жылының 1 тоқсанымен салыстырғанда 1% -ға өсті `(65%).

 

2025-2026 оқу жылында педагог кадрлардың сапалық құрамы 49 педагогты құрайды. Оның 40 - жоғары білімді, 9- орта арнаулы білімді педагог. Санаттар бойынша: шебер санатында - 0 мұғалім, зерттеуші санатында- 6, сарапшы санатында -17, модератор санатында-17, педагог-9 мұғалім.

 

Преображенка орта мектебінде  ерекше білім беру қажеттіліктері бойынша 3 оқушы оқиды, үйден оқыту бойынша -2 оқушы оқиды.

 

Преображенка орта мектебінде аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 30 (16,9%) оқушы үшін жаппай оқыту қорынан ыстық тамақ ұйымдастырылады. Бюджеттен 9 млн.теңге бөлінді.

 

2024 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында 82 тармағының және Абай облысы әкім аппараты басшасының м.а. А. Жакупованың «Тегін ыстық тамақ беру бөлігінде Әлеуметтік әмиянды енгізу бойынша өңірлерге арналған қадамдық іс-қимыл жоспары» орындалуын қамтамасыз ету үшін  мектепте «Әлеуметтік әмиян» жобасы енгізілді. Соған мектептің асхана жалға алушылар арқылы ваучерларды тіркейді. «Әлеуметтік әмиян» жобасына 5-11 сыныптыға 30 оқушы кірді.

 

Үкілі қыз және Черноярка ауылдарының оқушылары үшін тасымалдау ұйымдастырылған. Жеткізу 25 оқушы үшін жүзеге асырылады.

 

Преображенка орта мектебінде спорт залы, шеберхана, мұражай, оқуға арналған 18 оқу кабинеттері жұмыс атқаруда.

5 бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі: көркем-эстетикалық, музыкалық-эстетикалық, спорт-туризм, әлеуметтік-педагогикалық, техникалық бағытта.

 

Мектепте 25 үйірмелер мен спорттық секцияларда 177 бала қамтылған.

 

 

 

Мектепте 22 бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. ЦОУ-ға қосылған.

Бөлек дәретханалармен, базалық ауыз сумен және қол жууға арналған базалық құралдармен 100% қамтылды.

 

Мектепте Абай кабинеті, қазақ тілі мен әдебиет кабинеті спонсорлық көмегімен ашылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12 ноября 2025
Алаяқтар алдаудың жаңа тәсілдерін меңгеруде! Сақ болыңыздар!

Алаяқтар алдаудың жаңа тәсілдерін меңгеруде!

Сақ болыңыздар!

 

Цифрлық технологиялардың белсенді дамуы жағдайында Интернет желісі арқылы мемлекеттік, қаржылық және өзге де электрондық қызметтерге азаматтардың қол жеткізу ауқымы күннен күнге кеңейе түсуде. Алайда, мұнымен қатар интернет-алаяқтық саласындағы қылмыстардың түрлі әдіс-тәсілдері де қарқынды даму үстінде. Сіздерді аса сақ болуға шақырамыз – алаяқтар жылдам дамып келе жатқан жасанды интеллект мүмкіндіктерін белсенді пайдаланып, бейнелер, аудиожазбалар және адамдардың бет-әлпеті мен дауысын дәл беретін кескіндер жасайды. Әлеуметтік желілерде зейнетақы жинақтарын әр түрлі облигацияларға, акцияларға және қаржылық операцияларға салу туралы шындыққа сәйкес келмейтін жарнамалары мен ұсыныстары бар роликтер жиі таралуда. Азаматтардың ресми құрылымдарға деген сенімін пайдалана отырып, алаяқтар психологиялық қысым көрсетіп, жеке және қаржылық ақпаратқа қол жеткізу мақсатында өздерін көбінесе мемлекеттік органдардың, банктердің, құқық қорғау органдарының, байланыс операторларының және басқа ұйымдардың, соның ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері ретінде таныстырады.

Осыған байланысты, "БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы активтерін инвестициялаумен Ұлттық банк (ҚРҰБ) айналысатынын еске салады. Ол Үкімет бекіткен инвестициялық декларацияға сәйкес зейнетақы жинақтарын әр түрлі қаржы құралдарына салатын сенімді басқарушы ретінде әрекет етеді. Зейнетақы активтерін басқаруға ҚРҰБ-тан басқа инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) қатыса алады, оларға жинақтардың бір бөлігін аударуға мүмкіндік бар. ИПБ-ның басқаруына аударуды тек "БЖЗҚ" АҚ порталы арқылы жасауға болады, бұл үшін ешқандай делдал қажет емес.

Алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында және сіздің қауіпсіздігіңіз үшін «БЖЗҚ» АҚ  төмендегілерді ескертеді:

  • Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін ешқандай делдалдың көмегі қажет емес, комиссиялық төлем алынбайды;
  • БЖЗҚ қызмет көрсеткені үшін өтемақы алмайды, барлық төлемдер қатаң түрде заң аясында жүзеге асырылады;  
  • Жинақтардың бір бөлігін тұрғын үйге немесе емделу ақысын төлеу мақсатында пайдалану тек уәкілетті оператор (екінші деңгейдегі банктер) арқылы жүзеге асырылады;  
  • Мемлекеттік органдардың, банктердің, құқық қорғау құрылымдарының, байланыс операторларының және БЖЗҚ-ның қызметкерлері телефон, электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы дербес деректерді, банк карталарының деректемелерін, SMS-кодтарды және өзге де құпия ақпаратты ешқашан талап етпейді;
  • Егер қоңырау шалушы сіздің аты-жөніңізді, тұрғылықты мекенжайыңызды және жұмыс орныңызды білсе, ол оның ресми тұлға екендігін білдірмейді. Қажетті деректердің барлығын түрлі тәсілдермен алуға болады.
  • "БЖЗҚ" АҚ қызметкерлері өз жинақтарын аудару, қаржы құралдарына салу, сондай-ақ қандай да бір акциялар сатып алу туралы ұсыныстар жасалатын түрлі роликтерге қатыспайды.

БЖЗҚ қатаң ескертеді! Ақпаратты ресми көздерден алыңыздар және тек заң шеңберінде әрекет етіңіздер.  

 

 Барлық сауалдарыңызға жауап алып, зейнетақы жинақтарыңыздан төлем алу және аударуға қатысты ақпараттың дұрыстығын БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да:

  • kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы,
  • байланыс орталығының 1418 көп арналы тегін байланыс нөміріне қоңырау шалу жолымен немесе +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы,
  • БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Х және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы да  тексере аласыз.

 

Жақындарыңызды, әсіресе қарт туыстарыңызды ақпараттық қауіпсіздік ережелерімен таныстырыңыздар.

Сақтық шараларын алдын ала қабылдаңыз, осылайша сіз өзіңіздің жеке деректеріңіздің берік қорғалуын, қауіпсіздігін және құпиялылығын қамтамасыз етесіз.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

06 ноября 2025
Азаматтар енді өз өтінімдерінің орындалу барысын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылай алады

Азаматтар енді өз өтінімдерінің орындалу барысын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылай алады

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру үдерісі аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасына жаңа мүмкіндік қосты. Енді азаматтар мемлекеттік қызметке берген өтінімдерінің мәртебесін нақты уақыт режимінде көре алады.

Өтінім мәртебесін көру үшін қолданушы қосымшадағы «ХҚКО қызметтері» немесе «Арнайы ХҚКО қызметтері» бөлімін таңдап, өтінім нөмірін енгізуі керек. Бұл жаңашылдық қызмет көрсету процесін барынша ашық етіп, азаматтарға өтінімнің қай сатыда тұрғанын және нәтижені қашан алуға болатынын нақты білуге мүмкіндік береді. Ең бастысы – енді өтінім мәртебесін білу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ.

Жаңа функция азаматтардың уақытын үнемдеп, мемлекеттік қызметтерге деген сенімді арттырады. Әр қолданушы өз өтінімінің қаралу кезеңін көріп, кез келген өзгеріс туралы жедел хабардар бола алады.

«Өтінім мәртебесін бақылау жүйесін енгізу – мемлекеттік қызметтерді жаңғыртудың маңызды қадамы. Бұл шешім ашықтықты арттырып, халыққа қызмет көрсетудің қолайлылығын күшейтеді. Мұндай цифрлық бастамалар Президент Жолдауында айтылған цифрлық трансформация міндеттерімен үндесіп, мемлекеттік қызмет сапасын жаңа деңгейге көтереді», – деді Арман Кенжеғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы.

Қосымшада сонымен бірге электронды қолхаттарды сақтау және көру мүмкіндігі іске қосылған. Бұл қолхат – өтінімнің қабылданғанын немесе қызметтің көрсетілгенін растайтын ресми құжат. Ол автоматты түрде «Тапсырыс тарихы» бөлімінде сақталады.

Мемлекеттік корпорация алдағы уақытта да азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта жылдам әрі ыңғайлы түрде ұсынуға бағытталған жаңа цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастырады.

 

24 октября 2025
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдеу тәртібі өзгерді

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдеу тәртібі өзгерді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін алғаш рет алу қызметі енді «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді болғанын хабарлайды.   

Енді алғаш рет жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтар өтінішті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тікелей «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Жүйе медициналық анықтамасының бар-жоғын, автомектепті аяқтау туралы куәлігін және шектеулердің болуын мемлекеттік деректер базасы арқылы автоматты түрде тексереді.

Өтініш жіберілгеннен кейін азамат өзіне ыңғайлы уақытта теориялық және практикалық емтихандарға жазыла алады. Осылайша, мемлекеттік баж төлемі емтихандарды сәтті тапсырған соң мамандандырылған ХҚКО бөлімінде төленеді. Бұл тәсіл рәсімдеу процесін оңтайландырып, азаматтар үшін анағұрлым қолайлы жағдай жасайды.

Пилоттық жоба Ішкі істер министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығы аясында жүзеге асып жатыр. Құжат жүргізуші куәліктерін беру тәртібін жаңартып, цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге бағытталған.

Қазіргі уақытта жаңа қызмет еліміздің барлық өңірінде қолжетімді. Пилоттық жобаның мерзімі 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін белгіленген. Осы кезеңде қызметтің тиімділігі мен қолайлылығы бағаланып, талдау нәтижесінде жаңа тәртіпті тұрақты түрде енгізу мәселесі қаралады.

Жаңа рәсімдеу форматы жүргізуші куәлігін алғаш рет алатындар үшін бұл процесті бұрынғыдан да жеңіл, ыңғайлы және қолжетімді етті.

Сонымен қатар, «ЦОН» мобильді қосымшасы болашақ жүргізушілерге қосымша мүмкіндіктер ұсынады: қолданушылар теориялық және практикалық емтихандарға, сондай-ақ сынақ емтиханына жазыла алады. Бұдан бөлек, қосымшада көлік сатып алу-сату шартын рәсімдеу, автокөлік тарихын тексеру және өзге де электрондық қызметтерді пайдалану сияқты пайдалы функциялар қамтылған.

24 октября 2025
«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

Қазақстан демографиялық қартаю дәуіріне аяқ басып келеді және ғасырдың орта тұсына қарай ол демографиялық қартаю деңгейі өте жоғары елдер санатына енеді: республика халқы санының 2050 жылдың соңына қарай 26,5 млн адамға дейін өсуі мүмкін екенін ескерсек, елдің әрбір алтыншы тұрғыны 60 жастан асады – егде жастағы адамдардың үлесі халықтың жалпы санының 18,8% құрайды.

Бұл ретте БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушылардың саны 2025 жылдан 2050 жылға дейінгі кезеңде 4 есеге артады - 520 мыңнан 2 млн-ға дейін. Бұл деректер "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) жариялаған "2024 жылғы актуарлық есепте" (бұдан әрі – есеп) келтірілген. Онда Қазақстанның зейнетақы жүйесін одан әрі дамытуға байланысты кешенді актуарлық есептеулер мен болжамдардың нәтижелері көрсетілген.

 

Демографиялық өзгерістердің зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне салатын  салмағы айтарлықтай. Сондықтан мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі – халықаралық стандарттарға сай келетін және лайықты зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ететін зейнетақы жүйесін қалыптастыру. Жүйенің тиімділігі есепте талданып, болжанатын бірқатар көрсеткіштер бойынша бағаланады. Ұсынылған жылдық актуарлық есеп мемлекеттік органдар, сарапшылар және жалпы жұртшылық үшін маңызды деректер көзі саналады.

 

Демографиялық трендтер 

Есептің бірінші бөлімінде демографиялық өзгерістер және олардың зейнетақы жүйесіне әсері сипатталған. Есепте 2025 жылдың басындағы демографиялық жағдай және стохастикалық және детерминистік модельдерді қолдана отырып жасалған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді болжамдар келтірілген. Жалпы тенденциялар – өмір сүру ұзақтығы артады, туу деңгейі төмендейді – болжам бойынша 2050 жылға қарай халықтың құрылымындағы егде жастағы азаматтардың үлес салмағы өседі, ал еңбекке қабілетті халықтың саны азаяды. Бұл өзгерістер зейнетақы жүйесінің жинақтаушы компонентінің рөлін арттыруды талап етеді.

 

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі

Есептің екінші бөлімі Қазақстанның қолданыстағы көпдеңгейлі зейнетақы моделін сипаттауға, оны халықаралық рейтингтерде бағалауға, сондай-ақ барабар зейнетақы табысын қалыптастыру үшін зейнетақы жарналарының оңтайлы мөлшерлемелерін талдауға арналған. Республикада Қаржы нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастырудың бастауында тұрған сарапшылардың жүйені одан әрі жетілдіру жолдары туралы пікірлері келтірілген.

 

Зейнетақы ағындарына болжам

Үшінші бөлімде зейнетақы ағындарын модельдеу және болжау нәтижелері, атап айтқанда KazPRESTO кешенді актуарлық моделі және оның болжамды нәтижелері, демографияны, еңбек нарығын, міндетті зейнетақы жарналарының 10% есебінен зейнетақы төлемдерін модельдеу көрсетілген. Болжамды есептеулер жинақтаушы жүйедегі зейнетақы ағындарының ұзақмерзімді перспективада тұрақты өсуін көрсетеді. Сонымен қатар, жинақтарды мерзімінен бұрын пайдалану саясатын бақылау, жарналардың жүйелілік деңгейін арттыру, халықты зейнетақы жүйесімен қамту, сондай-ақ инвестициялық басқарудың тиімділігін арттыру қажеттілігіне, әсіресе нақты табыстылығы төмен болған кезде баса назар аударылады.

 

БЖЗҚ-ның жылдық актуарлық есебі – Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамытудың ағымдағы жай-күйі мен ұзақмерзімді перспективаларын кешенді бағалауға мүмкіндік беретін маңызды құжат. Ондағы тұжырымдар зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын және зейнетақы төлемдерінің лайықтылығын арттыруға бағытталған тиімді шешімдерді әзірлеу үшін негіз болады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

17 октября 2025
Болашаққа инвестиция: кәмелетке толған қазақстандықтар "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша 22,29 млн доллардан астам қаражат пайдаланды

Болашаққа инвестиция: кәмелетке толған қазақстандықтар

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша 22,29 млн доллардан

астам қаражат пайдаланды

 

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бағдарлама басталған сәттен бері (2024 жылғы 1 ақпан) уәкілетті оператор 22,29 млн АҚШ долларынан астам сомаға 156 956 өтініш орындады. Қаражат уәкілетті операторларға өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін аударылды. Оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешу үшін 14,14 млн доллар сомасына 98 046 өтініш, білім алу ақысын төлеуге шамамен 8,15 млн доллар сомасына 58 910 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Пайдаланылмаған қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) сақталады.

 

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыруға 13,85 млн АҚШ долларына 95 786 өтініш, тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізуге 101,44 мың АҚШ долларына 755 өтініш және азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу) 69,88 мың АҚШ долларына 553 өтініш орындалды. 

Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (7,38 млн АҚШ долларына 52 574 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (527,67 мың АҚШ долларына 4 477 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (194,54 мың АҚШ долларына 1 526 өтініш орындалды).

 

          Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.

 

Нысаналы жинақтар төлемін алу үшін алушыға не оның заңды өкіліне БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасаған уәкілетті операторға жүгіну қажет. Өтінішті "Отбасы банкі" АҚ, "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ның бірінің интернет-ресурсы немесе   мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Айта кетейік, 01.08.2025ж. бастап аталған тізім "Банк ЦентрКредит" АҚ жаңа уәкілетті операторымен толықтырылды.

 

Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға биыл 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағындағы қаражат 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94  АҚШ доллары жинақталды.

 Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады.

Нысаналы жинақтар төлемін рәсімдеу үшін алушы не оның заңды өкілі БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасалған уәкілетті операторға жүгінуі қажет. Өтінішті интернет-ресурс немесе "Отбасы банк" АҚ (тұрғын үй жағдайларын жақсарту және білім беру ақысын төлеу мақсатында), "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім беру ақысын төлеу мақсатында) уәкілетті операторларының бірінің мобильді қосымшасы арқылы беруге болады.

 

kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM  сілтемесі бойынша көруге болады.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Public services
15 октября 2025
Кәмелетке толған азаматтарға қамқоршылар туралы цифрлық құжат eGov Mobile қосымшасында қолжетімді болды

eGov Mobile мобильді қосымшасында кәмелет жасына толған азаматтарға қамқоршылық жасайтын тұлғалар туралы мәліметтері бар цифрлық құжат қолжетімді болды. Бұл құжат «Е-Собес» ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде жасалады, онда тіркелген барлық қамқоршылар, қорғаншылар және олардың қамқорлығындағы азаматтар туралы мәліметтер сақталады.

Құжатта келесі деректер қамтылған: қамқоршының ЖСН мен ТАӘ, туған күні, сондай-ақ қамқорлығындағы азаматтың ЖСН мен ТАӘ, туған күні, қамқоршыны тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні, сонымен қатар «Жарамды күні» туралы ақпарат бар. Құжаттың түпнұсқалығын растау үшін QR-код қарастырылған: оны сканерлеген кезде бір тәулік бойы жарамды цифрлық нұсқасы ашылады.

Құжат «Цифрлық құжаттар» бөлімінде «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басқаннан кейін, заңды өкіл мәртебесі расталған қолданушыларда автоматты түрде пайда болады.

Қамқоршы мәртебесін ресми түрде растау қажет болатын жағдайларда – мемлекеттік төлемдерді алу, банкке, медициналық мекемелерге және басқа ұйымдарға жүгіну кезінде – бұйрықтың электрондық нұсқасы қажет болуы мүмкін.

Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile мобильді қосымшасына кіріп, авторизациядан өтіп, «Цифрлық құжаттар» бөліміне өту;
  • «Отбасы» санатынан қамқоршылық немесе қорғаншылық туралы мәліметтермен танысу;
  • егер құжат көрсетілмесе – «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басу қажет.

Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ынтымақтастығымен жүзеге асырылды.

Public services
15 октября 2025
Қамқоршылар мен қорғаншылар енді қамқорлығындағы азаматтардың мүлкін басқаруға рұқсатты eGov Mobile арқылы рәсімдей алады

Қамқоршылар мен қорғаншылар енді қамқорлығындағы азаматтардың мүлкі мен әлеуметтік төлемдерін басқаруға рұқсат алу қызметін тек eGov.kz порталынан ғана емес, eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы да пайдалана алады.

Қызмет сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі әрекетке қабілетті деп танылған кәмелетке толған азаматтардың заңды өкілдеріне арналған. Ол тегін көрсетіледі және зейнетақы мен жәрдемақыны алу, мүлікті сату сияқты түрлі әрекеттер үшін рұқсат рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияның арқасында өтінішті толтыру кезінде кейбір деректер автоматты түрде жүктеледі. Бұл өтініш беру үдерісін жеңілдетіп, қателік жасау ықтималдығын төмендетеді.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile мобильді қосымшасына кіріп, «Қызметтер» – «Жеңілдіктер, жәрдемақы және зейнетақы» бөлімін таңдау қажет;
  • «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкіне иелік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуына рұқсат ету» қызметін таңдау;
  • өтініштегі қажетті жолдарды толтыру;
  • басқару түрін таңдап, тиісті ақпаратты толтырып, «Келесі» батырмасын басу;
  • қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен өтінішті растау қажет.

Өтініш қаралғаннан кейін жеке кабинеттегі «Қызметті көрсету тарихы» бөлімінде электрондық түрде бұйрық немесе дәлелді бас тарту көрсетіледі. Шешім бес жұмыс күні ішінде беріледі.

Қызмет eGov.kz порталында да қолжетімді. Іске қосылған сәттен бастап бұл қызметті 460-тан астам рет пайдаланды.

Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы ынтымақтастық аясында іске қосылды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы