Бюджет

Бюджет

2024 жылға округ бойынша бөлінген субвенция көлемі 99 746,0 мың теңге. 2023 жылдан пайдаланылмаған бюджеттік қалдықтар 3 346,6 теңге.

2024 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде:

  • «Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу» бағдарламасы бойынша 10 000,0 мың теңге.
  • «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша – 4 840,0 мың теңге.
  • «Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша – 3 500,0 мың теңге:қоқыс алаңын итеру жұмыстары Преображенка ауылы – 1 500,0 мың теңге; Үкіліқыз ауылы – 500 мың теңге; Қоқыс шығару жұмыстары – 1 500,0 мың теңге.
  • «Елді елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша – 15 170,0 мың теңге;
  • «Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша – 5 000, 0мың теңге.

Ауылдық округ бойынша жеке меншік қаражаты есебінен тартылған инвестиция 446 076 500 теңгені құрайды.

2024 жыл бойынша ауыл шаруашылығы саласына алынған субсидия мөлшері 345 870 866 теңгені құрайды.

Округ бойынша бюджетке салықтық түсімдерді арттыру жұмысы жүргізілуде. 2024 жылы жергілікті өзін-өзі басқарудан салықтық түсімдер 10 152 400 теңгені құрайды. Оның ішінде мүлік салығы және жер салығы – 720 400 теңге, транспорттық салық – 5 242300 теңге және жеке табыс салығы – 2 849 200 теңге. Түскен түсімдер округті абаттандыруға, көше шамдарын ауыстыруға, орталық көшедегі шарбақтарды бояуға, жолдарды қардан тазалау мен қоқыс шығару, баннер дайындауға жұмсалды.

 

Дата публикации
08 января 2025