Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округі бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінің құрамына үш елді мекенкіреді: Преображенка, Үкілі қыз және Черноярка. Ауылдық округ аумағы - 48 837га. Халық саны 1245 адам. Қосалқы шаруашылықпен 418 отбасы айналысады. Округ аудан орталығы Көкпектіден 28 шақырымда орналасқан.
2024 жылға округ бойынша бөлінген субвенция көлемі 99 746,0 мың теңге. 2023 жылдан пайдаланылмаған бюджеттік қалдықтар 3 346,6 теңге.
2024 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде:
Ауылдық округ бойынша жеке меншік қаражаты есебінен тартылған инвестиция 446 076 500 теңгені құрайды.
|
№ |
Кәсіпорын атауы |
Техника атауы |
Саны |
суммасы |
|
1 |
«Өрнек» ЖШС |
Самосвал-зерновоз SHACMAN X3000 с утиль.сбором |
2 |
64072500 |
|
2 |
«Өрнек» ЖШС |
Самосвальный прицеп SHANDONG SDT9406Q |
2 |
25000000 |
|
3 |
«Өрнек» ЖШС |
Пресс-подборщик Entry 120 |
1 |
16050000 |
|
4 |
«Өрнек» ЖШС |
Сдвижной полуприцеп АТЛАНТ ТЗП22 |
1 |
38955000 |
|
5 |
«Өрнек» ЖШС |
Вакумный полуприцеп цистерна ВНЦ 16/2 |
1 |
28229000 |
|
6 |
«Өрнек» ЖШС |
Фронтальный погрузчик ХСМG LW 500FN |
1 |
23970000 |
|
7 |
«Өрнек» ЖШС |
Трактор Zoomlion RG1804 |
2 |
74000000 |
|
8 |
«Өрнек» ЖШС |
Комбайн зерноуборочный Essil-750, ЖЗК 7-5 |
2 |
175800000 |
|
|
Барлығы: |
|
12 |
446076500 |
2024 жыл бойынша ауыл шаруашылығы саласына алынған субсидия мөлшері 345 870 866 теңгені құрайды.
Округ бойынша бюджетке салықтық түсімдерді арттыру жұмысы жүргізілуде. 2024 жылы жергілікті өзін-өзі басқарудан салықтық түсімдер 10 152 400 теңгені құрайды. Оның ішінде мүлік салығы және жер салығы – 720 400 теңге, транспорттық салық – 5 242300 теңге және жеке табыс салығы – 2 849 200 теңге. Түскен түсімдер округті абаттандыруға, көше шамдарын ауыстыруға, орталық көшедегі шарбақтарды бояуға, жолдарды қардан тазалау мен қоқыс шығару, баннер дайындауға жұмсалды.
2024 жылы округ бойынша 15 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Ауылдық округте тұрғындармен 3 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Олар жалғызбасты қарттарға және мүгедек балаларға көмек көрсетеді.
Ауылдық округте екі мектеп: «Преображенка орта мектебі» КММ мен Воздвиженка шағын бастауыш мектебі жұмыс істейді. Оқушылардың жалпы саны – 227 адам.«Өрнек» жекеменшік балабақшасындағы тәрбиеленетін бүлдіршіндер саны- 60 бала.
Тұрғындарға медициналық көмек Преображенка ауылындағы Дәрігерлік амбулатория тарапынан көрсетіледі. 2024 жылы туу көрсеткіші 19 нәрестені құраса, өлім саны - 7адам.
Бүгінгі таңда округ бойынша 9 шаруа қожалығы мен 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелген. Округте 3286 бас ірі қара, 3487 бас ұсақ мал, 897 бас жылқы бар. Азық-түлік және тұрмыстық заттар сатумен айналысатын, жолаушы тасымалы мен жүк тасымалын жүзеге асыратын, мал өсірумен шұғылданатын 19 жеке кәсіпкер тіркелген. Әкімшілік тарапынан күнделікті тұтынатын тауар бағасын реттеу мақсатында арнайы комиссия құрылды. Әкімшілікке берілген құзыреттіліктерді пайдалана отырып шаруа қожалықтарының ұйымдасуына көмек берудеміз, ауылшаруашылық кешенін дамытуға арналған қолданысқа енген және жоспарланған мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіледі.
2024жылы ірі қара малының арасында бруцеллез ауруының 28фактісі тіркелді, оның ішінде 18 бас- ІҚМ және 10 бас - ҰМ. Осы орайда профилактикалық шаралар өткізіліп, екпе жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Черноярка ауылындағы «Диханшы» ЖШС мүйізді ірі қара малының арасынан бруцеллез ауруының 66 фактісі тіркелді. Округ әкімінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 1 шешіміне сәйкес, бруцеллез инфекциялық ауруына қарсы ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізу және ошақты жою үшін шектеу іс-шаралары белгіленді.
Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округі бойынша 2024 жылы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасына сәйкес келесі жобалар іске асырылды: