Ауыл әкімі Құрмет Қайратұлы ауылымыздың тұрғыны, көп балалы ана Есімханова Еркежан Тоқтарханқызын "Алтын алқа" марапатымен құттықтап, арнайы табыстады.
Еркежан Тоқтарханқызы бірнеше бала тәрбиелеп отырған ардақты ана, үлгілі отбасының ұйытқысы. Бұл марапат – оның көпжылдық еңбегі мен ел болашағына қосқан зор үлесінің белгісі.
Ағымдағы жылы бұл – ауылымызда "Алтын алқа" иеленіп отырған екінші көп балалы ана. Бұл қуанышты оқиға – ауылымыздағы отбасы құндылығы мен аналар еңбегінің бағалануының айғағы.
Ауыл әкімі марапат иесіне зор денсаулық, отбасына амандық, береке-бірлік тіледі. Осындай алтын құрсақты аналарымыз көбейе берсін!