Абай ауданында өткен MIX волейболдан аудандық жарыста Көкбай ауылының құрама командасы жүлделі 3- орынды иелендік
Абай ауданы әкімінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған ересектер арасында допты хоккей жарысынан жүлделі 2 орынды иелендік және «Үздік қорғаушы» номинациясымен Физулиев Жарас марапатталды.
Абай ауданы мекемелері арасында өткен ересектерге арналған допты хоккей жарысынан жүлделі 1 орынды иелендік, Үздік шабуылшы номинациясымен Берікұлы Арнұр марапатталды.
Аңсар Төлеуғалиұлын еске алуға арналған допты хоккейден аудандық жарысынан Көкбай ауылынын комондасы жүлделі 1-орын иеленіп және «Үздік ойыншы» номинациясымен Әділханов Берік марапатталды.
Садырбай Ақылтай Қалиоллаұлы мен Жақсылықов Роллан Маратұлын еске алуға арналған «Ер есімі – ел есінде» атты футзалдан аудандық турнирде 2 орынды иелендік, Үздік шабуылшы номинациясымен Берікұлы Арнұр марапатталды.
Мектеп оқушылары арасында волейболдан аудандық біріншілікте Көкбай орта мектебінің қыздары жүлделі 3 орынды иеленді. «Үздік ойыншы» номинациясымен Қуанышқызы Еркежан марапатталды.
8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай «Көктем нұры» атты мерекелік іс-шара өтіп, іс шараға келген барлық нәзік жандыларға гүл шоқтары таратылды.
Ауылымыздың 1981 және 2002 жылғы азаматтарының ұйымдастыруымен ауылішілік волейбол жарысы өтті. 1 орынды-1979 жылғы азаматтар, 2 орынды – 1999 жылғы азаматтар, 3 орынды – 1997 жылғы азаматтар иеленді.
Саржал ауылында өткен аудандық жасөспірім қыздар арасында волейбол жарысынан Көкбай атындағы орта мектептің командасы жүлделі 1 орынды иеленді. «Үздік ойыншы» номинациясымен Кәрімова Дильназ марапатталды.
Наурызнаманың 10 күндігі аясында, 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай, 18 жастан асқан ересектер арасында қол күресінен аудандық жарыста 70 кг салмақ дәрежесінде 1 орын-Амантаев Лаззат, 90 кг салмақ дәрежесінде 3 орынды- Төлеубеков Мағжан иеленді.
Абай ауданы әкімінің жүлдесі үшін өткен қол күрес жарысынан жүлделі 2 орынды,асық атудан жүлделі 2 орынды және тоғызқұмалақ ойынынан жүлделі 3 орынды иелендік.
Абай ауданы әкімінің жүлдесі үшін өткен көкпар ойынынан жүлделі 3 орынды, тай жарысынан 1 орын Бекбосынов Ерасыл «Айжұлдыз»,2 орынды Тұрғазин Қуаныш «Айжұлдыз» иеленді.
Наурыз мейрамына орай 1985 жылғы ауыл азаматтарының демеушілігімен 85 жастан асқан қарияларымызға «Наурыз дәмі» таратылды.
22 наурыз күні ауылымызда 13 қазақ үй тігіліп,дастархан жайылып, «Үздік шеру-2026» байқауы өткізілді. Байқауға 5 көше 2 мекеме қатысып,
1 орынды – Оразғали батыр көшесі, 2 орынды Үкіжан ұстаз көшесі, 3 орынды Сұлташ батыр көшесі иеленді.Сонымен қатар қазақ күресінен «Көкбай барысы-2026» Шәкебай Әлем иеленді.
Ауылымызда әр жұма сайын ауылымыздың жанашыры,жомарт азамат Қуантханұлы Бақытжан ауыл тұрғындарына 100 дана нанды тегін таратады.
Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай 1994 жылы туған азаматтардың демеушілігімен «Ерлік-елдің тірегі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.Тыл ардагерлері мен Ауған Соғыс ардагерлеріне 1994 жылы туған азаматтар демеушілікпен жемістер себеттерінен сый- сияпат жасады.
«Шолпан жұлдыздары» аудандық ән-би байқауында «Балауса» бөбекжайының тәрбиеленушілері «Әр ұлттар» биін билеп жүлделі 3 орын,Айдынқызы Сафия «Ана» әнімен жүлделі 1 орын, Абзал Айзия «Алғыс» әнімен жүлделі 1 орынды, Айдар Айза заманауи қазақ биімен жүлделі 1 орынды иеленді.
Абайдың ақындық мектебінен нәр алған жыр дүлдүлі- Көкбай Жанатайұлының туғанына 165 жыл толуына орай арналған аудандық,облыстық «Көкбай оқулар» байқауы өтті.
Көкбай азаматтарының ұйымдастыруларымен ай сайын өтетін футбол жарысының ауыспалы кубогі сарапқа салынып, әр жылғы түлектер арасында футбол жарысы өтіп жатыр.
Көктемгі тазалық айлығы бойынша орталық саябақта, балалар ойын алаңы, «Азалы ана» аллеясында, «Көкбай Жанатайұлы» атындағы саябақта, көшелерде, барлық мекемелерде тазалық жұмыстары сенбіліктер жүргізілуде. Ағаш,гүлдер отырғызылды.Көше жарықтары және саябақтардағы жарықтар толық жанып тұр. Тазалық айлығы жүргізіліп жатқандығы, үйлеріңіздің маңайын, аулаңызды таза ұстап, (тұрғын үй, қора, қақпа, шарбақ) сылау сырлау,өзеннің маңайын ластауға, боқтықты өртеуге,тұрмыстық қатты қалдықтарды (пластмасса сусындардың ыдыстарын, полиэтилен, шыны ыдыстарды, қағаз қалдықтарын) далаға шығарып күл-қоқысқа шашып тастауға болмайтындығы туралы ескерту парақтары таратылған. Қоқысын өртеген ауыл тұрғынына айыппұл салынса, белгіленбеген орындарға қоқыс тастаған тұрғын анықталып, қоқысын тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын орынға апару керек екені ескертілді, орнын тазалады. Қатты қалдықтарды төгуге болмайтын және төгетін орындарға 10 белгі қойылды. Ауыл ішінде, қатты қалдықтарды шығару жұмысы жалғасуда. «Таза Қазақстан» акциясы бойынша тазалық жұмыстарына «Дерикар» ЖШС техникалары SHACMAN автокөлігі-3, погручигімен 35 тұрғын үйдің күл-қоқыстарын (бағасы 1 борты 10000 тг) тазартты. «Қуат» шаруа қожалығы, «Шалипа» шаруа қожалығы, ауыл тұрғыны Нұрмұхаметұлы Тілек КАМАЗ- автокөлігі-1дана,ЗИЛ-автокөлігі-1 дана, Газ 53 автокөлігі-2 дана, МТЗ-80- 3 дана, погручик-1 дана техникалары жұмылдырылып,ГАЗ-53 автомашинасының рейсі- 5000 теңгеден, ЗИЛ автомашинасы- 6 000 теңге, КАМАЗ- 9 000 теңгеден шығарылды. Бағаны тұрақтандыру мақсатында Семей қаласындағы «Северный», «Жоламан» сауда орталықтарында және Қарауыл ауылына ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне қатысып, қой еті, жылқы еті сиыр еті, құрт, қатық, сүт -, қайнатылған құрт , сары май , тоң май арзандатылған бағада сатылды. Көкбай орта мектебінің «Жас Ғанишылар» еріктілер тобы әрқашан жалғызбасты аналардың отын- суын кіргізіп, қарын аршып, аулаларын тазартып беріп отырады. Өткен іс-шаралар «Абай елі» газетіне, kokbay_akim_apparaty инстаграм желісінде жарияланып тұрады. «Баспасөз -2026» жылға Семей таңы-80 дана, Егеменді Қазақстан- 9 дана ,Айқын -6 дана, Ана-тілі- 6 дана, Ұлан- 2 дана, Қазақ әдебиеті- 3 дана, Литер- 1 дана,Қазақстан дәуірі- 6 дана, Абай журналы- 6 дана, Абай елі- 220 дана.