
Мәдениет және спорт саласы бойынша Көкбай ауылының тумасы, жеке кәсіпкер Қуантханұлы Бақытжан көп балалы , аз қамтылған 25 отбасының балаларына жаңа жылдық сыйлықтар таратты, қамқорлықтың негізі мақсаты-көп балалы, мүмкіндігі шектеулі, жалғызбасты адамдарға көмек көрсету боп табылады. Соның дәлелі ауылымыздың жомарт кәсіпкер азаматы Қуантханұлы Бақытжан 25 отбасыға 1 тоннадан көмір таратып, сауапты іс жасады. Көкбай ауылының 1987 жылы туған азаматтарының марқұм сыныптастарын еске алуға арнап ұйымдастырған кіші футбол ұйымдастырды. Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өткен ересектер арасында допты хоккейден өткен аудандық жарыста Көкбай ауылы командасы 2 орын алды. Көкбай орта мектеп оқушылары Семей қаласында өткен Халықаралық «Жаңғыру» фестиваліне қатысып, бас жүлде иеленіп «ALAKOL FEST-2025» халықаралық байқау-фестиваліне жолдама алды. Жетекшісі Б.Төлеубаева. 20 ақпан Абай ауданының тұрғыны болған, электр жүйесі мекемесінде қызмет атқарған марқұм Қылышбеков Анар Төлеуғалиұлын еске алуға арналған допты хоккейден аудандық жарыста Көкбай командасы 2 орын иеленді. Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өткен қыздар арасындағы волейболдан аудандық жарыста Көкбай ауылы командасы 3 орын алды. 1 наурыз алғыс айту күніне байланысты «Әлеуметтік бұрыш» арқылы жалғыз басты ана Солтабаева Жанарға азық-түлік себеті берілді. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Аналар-көктем шуағы» атты мерекелік іс-шара өтіп, биылғы жыл «Жұмысшылар» жылына байланысты әр мекеме өз жұмысшыларына сый-сияпат көрсетті. 1996 жылы туған ауыл азаматтары марқұм сыныптастары Арман Нағашыбаев еске алуға арналған 2 тур шағын футбол ұйымдастрды. 1991 жылы туған ауыл азаматтары марқұм сыныптастары Арман Төлеутаев еске алуға арналған 3 тур шағын футбол өткізді. 19 наурыз күні Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Оразғали батыр көшесі тұрғындары 3 киіз үй, алтыбақан құрып, ауызашар беріп, спорттық ойындар ұйымдастырды. 21 наурыз күні 1984 жылы туған азаматтардың демеушілігімен «Қош келдің –Әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтті. Қазақтың салт-дәстүрлерінен көріністер, спорттық ойындар ұйымдастырылып, ақшалай, заттай сыйлықтар берілді. 85 жастан асқан қарттарды құттықтап, арнайы ұлтық тағамдардан жинақталған сый-сияпат себеттері табысталды. Абайдың ақындық мектебінен нәр алған жыр дүлдүлі- Көкбай Жанатайұлына арналған аудандық «Көкбай оқулар» байқауы өтті. Тыл ардагері, еңбек ардагері Сұлташев Мұрат атамыздың 90 жасқа толуына орай «Ел алғысы» төсбелгісі , сый-сияпат табысталды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт кемелұлы Тоқаевтың «Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік төсбелгісі 5 тыл ардагерлеріне табысталып, тыл ардагерлері мен Ауған Соғыс ардагерлеріне 1993 жылы туған азаматтар жемістер себеттерінен сый- сияпат жасады. Ауылымдағы «Ел бірлігін сақтаған, Ел сенімін ақтаған» тақтасына Ұлы Отан Соғысының ардагерлері Мұқажанов Мұқағали, Орынханов Медетбек, Алдажаров Тойшыбай ескерткіш тақталары қойылды. Көктемгі тазалық айлығы бойынша орталық саябақта, балалар ойын алаңы, «Азалы ана» аллеясында, «Көкбай Жанатайұлы» атындағы саябақта, көшелерде, барлық мекемелерде тазалық жұмыстары сенбіліктер жүргізілуде. Ағаш,гүлдер отырғызылды.Көше жарықтары және саябақтардағы жарықтар толық жанып тұр. Тазалық айлығы жүргізіліп жатқандығы, үйлеріңіздің маңайын, аулаңызды таза ұстап, (тұрғын үй, қора, қақпа, шарбақ) сылау сырлау,өзеннің маңайын ластауға, боқтықты өртеуге,тұрмыстық қатты қалдықтарды (пластмасса сусындардың ыдыстарын, полиэтилен, шыны ыдыстарды, қағаз қалдықтарын) далаға шығарып күл-қоқысқа шашып тастауға болмайтындығы туралы ескерту парақтары таратылған. Қоқысын өртеген ауыл тұрғынына айыппұл салынса, белгіленбеген орындарға қоқыс тастаған тұрғын анықталып, қоқысын тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын орынға апару керек екені ескертілді, орнын тазалады. Қатты қалдықтарды төгуге болмайтын және төгетін орындарға 10 белгі қойылды. Ауыл ішінде, қатты қалдықтарды шығару жұмысы жалғасуда. «Таза Қазақстан» акциясы бойынша тазалық жұмыстарына «Дерикар» ЖШС техникалары SHACMAN автокөлігі-3, погручигімен 35 тұрғын үйдің күл-қоқыстарын (бағасы 1 борты 10000 тг) тазартты. «Қуат» шаруа қожалығы, «Шалипа» шаруа қожалығы, ауыл тұрғыны Нұрмұхаметұлы Тілек КАМАЗ- автокөлігі-1дана,ЗИЛ-автокөлігі-1 дана, Газ 53 автокөлігі-2 дана, МТЗ-80- 3 дана, погручик-1 дана техникалары жұмылдырылып, бүгінгі күнге 1810 тонна күл-қоқыс шығарылды. Бағаны тұрақтандыру мақсатында Семей қаласындағы «Северный», «Жоламан» сауда орталықтарында және Қарауыл ауылына ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне қатысып, қой еті, жылқы еті сиыр еті, құрт, қатық, сүт -, қайнатылған құрт , сары май , тоң май арзандатылған бағада сатылды. Көкбай орта мектебінің «Жас Ғанишылар» еріктілер тобы әрқашан жалғызбасты аналардың отын- суын кіргізіп, қарын аршып, аулаларын тазартып беріп отырады. Мәдениет үйіне лед экран орнатылды. Оразғали батыр» көшесінен «Бірлік» азық-түлік дүкені ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Өткен іс-шаралар «Абай елі» газетіне, kokbay_akim_apparaty инстаграм желісінде жарияланып тұрады. «Баспасөз -2025» жылға Семей таңы-90 дана, Егеменді Қазақстан- 3 дана, Ұлылар елінің ұрпақтары-5 дана, Абай журналы- 1 дана, Абай елі- 220 дана