🌞 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Кеңгірбай би ауылындағы мектеп жанынан жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады.
Салтанатты ашылу рәсімінде ауыл әкімі Қ. Жарасбаев пен мектеп директоры Л. Балтиева балаларды мерекемен құттықтап, жазғы демалыстың қызықты әрі мазмұнды өтуіне тілектерін білдірді.
Балалардың қуанышын еселей түскен жеке кәсіпкер Тоғжан Жұманбаева демеушілік көрсетіп, бүлдіршіндерге тәтті балмұздақ таратты.
Балаларға шаттыққа толы жаз, көтеріңкі көңіл-күй және жарқын әсерлер тілейміз! ☀️🍦🎈
#БалалардыҚорғауКүні #1Маусым #КеңгірбайБиАуылы #ЖазғыЛагерь #БалаларМерекесі
Акцияның негізгі мақсаты – бұлақ көздерін тазалау және абаттандыру, жағалау аумақтарын, өзендер мен су айдындарын тазарту, сондай-ақ халықты, қоғамды және жастарды су ресурстарына ұқыпты қарауға тарту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және су объектілерін сақтау жауапкершілігін арттыру болып табылады.
“Таза Қазақстан” жалпыұлттық акциясы аясында Кеңгірбай би ауылында 46 терек ағашы егілді.
Абай ауданы Саржал ауылында өткен дзюдодан өткен аудандық жарыста Малгаждар Шахкәрім, Маратұлы Ерқанат жүлделі І орында иеленді
Маратұлы Ерқанат Алматы қаласында дзюдодан өткен «KAZAKHSTAN INTERNATIONAL TOURNAMENT KHAMZA OPEN CUP-2026» Республикалық турнирде 3-орын иеленді
ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – БІЗГЕ МІНДЕТ “Тазалық – иманның жартысы” деген дана сөзді ұстанған Қарауыл ауылының тұрғындары және мекеме қызметкерлері ата-баба рухын құрметтеп, ауылдағы зираттарды тазалау жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл игі іске атсалысқан барлық ауыл азаматтарына, мекеме қызметкерлеріне шексіз алғысымызды білдіреміз. Ауылдың көркін ашатын тазалықты сақтап, қоршаған ортаны таза ұстау – әр тұрғынның парызы. Барлық ауыл азаматтарын үй аулаларында және айналада тазалық сақтауға, өз ауылымыздың көркеюіне үлес қосуға шақырамыз!
🌿 «Таза Қазақстан» акциясы аясында
Ауылдық округтегі саябақтар мен парктерде көктемгі ағаштарды ағарту жұмыстары жүргізілді. 🌳
Бұл жұмыстар табиғатты қорғауға, ағаштардың өсуін жақсартуға және қоршаған ортаның көркеюіне бағытталған.
Таза әрі жасыл орта – бәрімізге ортақ міндет!
Ауданның даму бағыттары аппараттық кеңесте талқыланды
Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлының төрағалығымен 2026 жылдың алғашқы аппараттық кеңес отырысы өтті. Жиынға мәслихат төрағасы Мақсат Нұрсұлтанұлы, мекеме, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Мейіржан Серікбосынұлы аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшыларының 2025 жылғы есептері мен 2026 жылға арналған жоспарларын тыңдады. Жиында өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, бюджет атқарылуы және алдағы жылға қойылған негізгі міндеттер талқыланды.
2025 жылы бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерде оң нәтижелерге қол жеткізілді. Бюджет қаражаты мақсатты әрі тиімді игеріліп, әлеуметтік сала, инфрақұрылым, жол және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағыттарында жоспарланған жұмыстар атқарылды.
Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын, мінез-құлық қағидаларын сақтау шаралары мен ветеринариялық-профилактикалық жұмыстардың атқарылуы, аудандағы эпизоотиялық жағдай туралы мәселелері де қаралды.
Аудан әкімі 2026 жылға арналған жоспарларды нақты әрі нәтижеге бағытталған етіп орындауды, сондай-ақ жоспарға сәйкес жұмыстардың жүйелі, сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Telegram мобильді қосымшасында нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың жаңа тетігі енгізілді. «EgovKzBot2.0» бот-платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға арналған осы функцияны енгізуге бастамашы және әзірлеуші болды.
Ыңғайлы интерфейсі бар функцияны қолдану арнайы дағдыларды талап етпейді. Енді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде күрделі мәселелер туындаған жағдайда азаматтар «EgovKzBot2.0» Telegram-ботына мемлекеттік қызметті беруші мекеменің деректерін енгізіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын немесе шағымдарын жібере алады.Мемлекеттік қызметті алу барысында артық құжаттарды талап ету, негізсіз бас тарту немесе уақтылы қызмет көрсетпеу және басқа дафактілер бойынша өтініш жіберуге болады.
Барлық келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды жауапты тұлғалар қарастырып, кері байланысты қамтамасыз ету арқылы мәселелерді қысқа мерзімде шешеді.
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдеу тәртібі өзгерді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін алғаш рет алу қызметі енді «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді болғанын хабарлайды.
Енді алғаш рет жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтар өтінішті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тікелей «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Жүйе медициналық анықтамасының бар-жоғын, автомектепті аяқтау туралы куәлігін және шектеулердің болуын мемлекеттік деректер базасы арқылы автоматты түрде тексереді.
Өтініш жіберілгеннен кейін азамат өзіне ыңғайлы уақытта теориялық және практикалық емтихандарға жазыла алады. Осылайша, мемлекеттік баж төлемі емтихандарды сәтті тапсырған соң мамандандырылған ХҚКО бөлімінде төленеді. Бұл тәсіл рәсімдеу процесін оңтайландырып, азаматтар үшін анағұрлым қолайлы жағдай жасайды.
Пилоттық жоба Ішкі істер министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығы аясында жүзеге асып жатыр. Құжат жүргізуші куәліктерін беру тәртібін жаңартып, цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге бағытталған.
Қазіргі уақытта жаңа қызмет еліміздің барлық өңірінде қолжетімді. Пилоттық жобаның мерзімі 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін белгіленген. Осы кезеңде қызметтің тиімділігі мен қолайлылығы бағаланып, талдау нәтижесінде жаңа тәртіпті тұрақты түрде енгізу мәселесі қаралады.
Жаңа рәсімдеу форматы жүргізуші куәлігін алғаш рет алатындар үшін бұл процесті бұрынғыдан да жеңіл, ыңғайлы және қолжетімді етті.
Сонымен қатар, «ЦОН» мобильді қосымшасы болашақ жүргізушілерге қосымша мүмкіндіктер ұсынады: қолданушылар теориялық және практикалық емтихандарға, сондай-ақ сынақ емтиханына жазыла алады. Бұдан бөлек, қосымшада көлік сатып алу-сату шартын рәсімдеу, автокөлік тарихын тексеру және өзге де электрондық қызметтерді пайдалану сияқты пайдалы функциялар қамтылған.