Әлеуметтік қорғау
Ауылда халықтың әлеуметтік осал топтарындағы отбасыларды материалдық және әлеуметтік қолдау шаралары ұдайы жүргізілуде. Кеңгірбай би ауылындағы аз қамтылған отбасыларға жыл басынан бері 100-200 дана шөп арзан бағамен түсірілді. Екі рет Семейден жем-шөп әкеліп, бағасын 200 теңгеге түсіріп, халыққа өткізген. Жыл ішінде 12 адамға 12 тонна көмір тегін түсірілді. Сондай-ақ, ауылдық округтің еңбеккерлері мұқтаж жандардың қираған үйлерін жөндеуде.
Ауылымыздың тұрғындары қайырымдылық шараларын белсенді түрде жүзеге асыруда.
Ауылда туған қарт және кіші азаматтар қайырымдылық қорларын белсенді түрде құрып, мұқтаж жандарға түрлі деңгейдегі материалдық көмек көрсетуде.