Ауыл шаруашылығы саласы

Ауылдық округке қарасты статистикалық мәліметтерге сәйкес жер көлемі 180 905 гектар. Елді мекен жері 17 304,7 га.

Шаруа қожалықтарға тиесілісі 121 135 гектар, оның ішінде 510 гектар шабындық, 120 645 гектар жайылымдық жерлер. Ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен 71 шаруа қожалық, 5 ЖШС, 107 жеке меншік қосалқы шаруашылық айналысуда. 27 жеке кәсіпкер жұмыс істеуде.

Жалпы статистикалық мәліметке сәйкес МІҚ 10 137, ұсақ мал 22 087, ІҚ  5 659 бас.

Малдардың генетикалық әлеуетін арттыру мақсатында округ бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын 13 қожалық бар (ұсақ мал 6, МІҚ 6, ІҚ 1). Ауылшаруашылық техникалары бойынша 43 ауылшаруашылық техникасы, 10 тіркеме округке қарасты қожалықтарда есепке алынған.

2023 жылға ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бойынша 32 млн 170 мың теңгеге 4 шаруа қожалық ауылшаруашылық техникаларымен жаңартылды.

 
Ауылшаруашылығы саласы
Дата публикации
23 февраля 2024