GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту
09 октября 2026
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурс туралы ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАНДЫРУ

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурс туралы ХАБАРЛАМА

Конкурсты ұйымдастырушы:
«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ.
Мекенжайы: Семей қаласы, Абай көшесі, 97.
Байланыс телефондары: +7 (705) 530-51-73 (Әзіз), +7 707 977 0790 (Азамат)

Конкурс мәні:
Мемлекеттік гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисті болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі.

Грант мөлшері: 5 млн теңгеге дейін
Бюджет: 
116,3 млн теңге

Конкурс құжаттамасын ұсыну тәртібі:
Қатысу үшін үміткерлер электрондық үкімет порталы арқылы бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурс құжаттарының толық пакетін электрондық түрде ұсынады.
Өтінімдер мына сілтеме бойынша қабылданады: 
https://www.Kezekte.kz

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
202
6 жылғы 19 қазаннан бастап 23 қазан аралығында (қоса алғанда).
Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

Маңызды ескерту:
Қағидалардың 25-тармағына сәйкес, егер кәсіпкер толық емес құжаттар пакетін тапсырса немесе сенімсіз мәліметтер берсе, сондай-ақ нысандарға сай келмейтін құжаттарды ұсынса, өңірлік үйлестіруші нақты кемшіліктер көрсетілген түрде құжаттарды кері қайтарады.
Кәсіпкер оларды өтінім қабылдау аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей қайта тапсыруы тиіс.

Хабарландыру мына ресурстарда жарияланады:

·         https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kasipkerlik

·         Инстаграм парақшасы: @abai_kasipker

Қосымша ақпарат алу үшін жүгінуге болады:
Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы
Мекенжайы: Семей қ., Абай көшесі, 97
Тел: +7 (705) 530-51-73 (Әзіз)
, +7 707 977 0790 (Азамат)

Kezekte.kz веб-порталы арқылы электрондық өтінімді беру тәртібі

Тіркелу үшін көрсетілетін деректер:

·         Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: ЖСН, ТАӘ

·         Заңды тұлғалар үшін: БСН, ұйым атауы, басшының ЖСН, ТАӘ

·         Байланыс деректері (мекенжай, телефон, эл. пошта)

·         Екінші деңгейдегі банктегі шот деректері

Қатысушылар:
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисті болып табылатын ШОК субъектілері.

Қажетті құжаттар (PDF форматында):

1.    Жұмысшылардың орташа саны туралы анықтама (басшының қолы және мөрі)

2.    Кемінде 20% теңгеге тең қаржылық/материалдық қосымша қаржыландыруды растайтын құжаттар

3.    Әлеуметтік кәсіпкерлік немесе «Бір ауыл – бір өнім» финалисті мәртебесін растайтын құжат

4.    Мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, салық және басқа да қарыздар туралы ақпарат автоматты түрде жүйеден алынады

Маңызды талаптар:

·         Бір кәсіпкер тек бір өтінім бере алады

·         Қажет болған жағдайда кәсіпкер өтінімді кері қайтарып, себеп көрсете отырып қайта тапсыра алады

·         Өңірлік үйлестіруші өтінімнің қабылданғанын 4 жұмыс күні ішінде растауы тиіс (ЭЦҚ арқылы)

·         Кәсіпкер өз бизнес-жобасын байқау комиссиясы алдында жеке түрде немесе онлайн форматта таныстыруы керек

·         Үшінші тұлғалардың қатысуына тыйым салынады

·         Бизнес-жоба таныстырылымы аудио немесе бейнежазбаға жазылады

·         Кемінде 2 бақылаушы қатысады (мысалы, депутаттар, БАҚ өкілдері, қоғамдық ұйымдар)

Бақылаушылардың құқығы:
Олар кәсіпкерлерге сұрақ қоя алмайды, конкурс барысына кедергі келтіретін әрекеттерге жол берілмейді. Персоналдық деректерді жария етуге, бейнетүсірілім жасауға тыйым салынады.

 

     Ережеге сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2400000754#z2389

Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту
14 сентября 2026
Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде кәсіпкерлік субъектілері үшін «Бірыңғай есеп беру күні» өткізіледі.

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде кәсіпкерлік субъектілері үшін «Бірыңғай есеп беру күні» өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылды нығайту, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылау.

Іс-шара барысында бақылау және қадағалау органдарының өкілдері ағымдағы жылдың қаңтар–тамыз айлары аралығында атқарылған жұмыстардың қорытындыларын баяндап, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап береді, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптары бойынша тиісті түсіндірмелер ұсынады.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:
+7 707 977 0790
+7 705 530 5173
+7 707 710 0605

Инвестицияларды тарту
08 сентября 2026
Абай облысында 14 инвестициялық жоба мақұлданды

✅Абай облысында 14 инвестициялық жоба мақұлданды

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен инвестиция тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиында Семей қаласында тәулігіне 250 тонна жемдік ұн өндіретін бидай мен арпаны қайта өңдеу зауытын, қосалқы көлік қызметі нысандары бар қойма кешенін, жүктерді қоймалау және сақтауға арналған қойма үй-жайларын, сауықтыру-санитарлық кешенін, шағын өнеркәсіптік паркі бар көлік-логистикалық орталықты, бес жұлдызды қонақ үй-мейрамхана кешенін және күндізгі стационары бар заманауи көпсалалы емхана салу жобалары қаралды.

Сондай-ақ «Семей – Павлодар» автомобиль жолының бойында жол бойы сервисі кешенін және кемпинг, Восточный кентінде жол бойындағы сервисі бар кемпинг, Семей қаласында заманауи сауықтыру кешенін салу жобалары таныстырылды.

Жаңасемей ауданында ірі қара мал өсіруге арналған мал шаруашылығы кешенін ұйымдастыру, тамшылатып суару әдісімен жүгері және кондитерлік күнбағыс өсіру, көкөніс, майлы және бұршақ дақылдарын өсіруге арналған айналмалы типтегі жаңбырлатып суару машиналары мен тамшылатып суару жүйелерін сатып алу жобалары ұсынылды. Бұдан бөлек, Бесқарағай ауданында ағаштар мен көпжылдық дақылдарды өсіруге арналған тәлімбақ салу жобасы қаралды.

Кеңес қорытындысында жалпы сомасы 20,6 млрд теңгені құрайтын, 600-ден астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 14 инвестициялық жоба мақұлданды.

Облысқа инвестиция тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру бағытында қарқынды жұмыс жүргізілуде. Қазіргі таңда жалпы құны 34,6 млрд теңге болатын 14 жоба іске қосылып, 598 жаңа жұмыс орны құрылды.

Өнеркәсіптік және индустриялық-инновациялық даму
08 сентября 2026
Облыс аумағында Семей қаласында «Өндіріс» индустриялық аймағы (бұдан әрі – ИА) 2007 жылы құрылды, 2024 жылдан бастап «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ балансында тұр.  Анықтама: 2024 жылғы 11 шілдедегі Абай облысы әкімдігінің № 133 қаулысына сәйкес, «Өндіріс» индустриялық аймағының басқарушы компаниясы болып «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ бекітілді. 
Облыс аумағында Семей қаласында «Өндіріс» индустриялық аймағы (бұдан әрі – ИА) 2007 жылы құрылды, 2024 жылдан бастап «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ балансында тұр. 
Анықтама: 2024 жылғы 11 шілдедегі Абай облысы әкімдігінің № 133 қаулысына сәйкес, «Өндіріс» индустриялық аймағының басқарушы компаниясы болып «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ бекітілді. 
ИА-ның аумағында жұмыс істемей тұрған әкімшілік корпусы 
(1000 шаршы м), электр беру тораптары және трансформаторлық кіші станциясы, сумен жабдықтау және кәріз желілері бар.
Индустриялық аймақта 3 жоба іске асырылуда: 
«SUTO KAZAKHSTAN» ЖШС - чиптер мен электрондық құрылғылар өндіру жөніндегі индустриялық парк салу, ауданы – 20 га. Инвестициялар сомасы 27 млрд теңге, 500 жаңа жұмыс орнын құру көзделген;
«УНИВЕРСАЛ-СМ» ЖШС - Ағаш өңдеу кешені. Орман ағашын қайта өңдеу, ауданы – 56 га. Жоба сомасы 7,5 млрд теңге, 500 жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Алайда басқарушы компания тарапынан бір ай мерзім ішінде нақтыланған бизнес-жоспарды ұсыну туралы тапсырма берілді. Белгіленген мерзімде толық әрі нақты бизнес-жоспар ұсынылмаған жағдайда жер учаскесін қайтарып алу мәселесі қаралатын болады.
«KZ. Golden Field» ЖШС, ауданы - 4,6 га., жоба соммасы - 500 млн теңге, 
18 жаңа жұмыс орнын құру көзделген).
Бүгінгі таңда инвесторлардың жоғары қызығушылығының арқасында «Өндіріс» индустриялық аймағының аумағын 96 гектардан 190 гектарға дейін кеңейтілді. Осы бастама аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған шағын өнеркәсіптік паркті құру мүмкіндігі де қарастырылуда. Алайда жоспарланған кеңейтуге қарамастан, өндіріс орындарын орналастыруға бизнес тарапынан тұрақты сұраныс байқалуда, бұл қосымша өнеркәсіптік алаңдарды құрудың қажеттілігін растайды.
Мақаншы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешен саласына бағытталған, аумағы 100 гектарды құрайтын өңірлік индустриялық аймақты құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда осы жоба аясында «Di-Nur company» ЖШС-нің майлы дақылдарды қайта өңдеу және тазартылған күнбағыс майын өндіру жобасы іске асырылды. Жобаның жалпы құны 7 млрд теңгені құрайды. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, қажетті өндірістік жабдықтар орнатылған. 
Сондай-ақ ауданның өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын күшейтуге бағытталған тағы екі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
«Harvest Agro» компаниясы жүгері мен сояны қайта өңдеуге арналған 
2 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жобалардың жалпы инвестициялық көлемі шамамен 48,5 млрд теңгені құрайды. 
Мақаншы ауданының логистикалық әлеуеті жоғары болып табылады. Атап айтқанда, Аягөз – Бақты теміржол желісінің іске қосылуы арқылы бұл әлеует одан әрі артады. Сонымен қатар, жеке индустриялық аймақ құруға қызығушылық білдірген шетелдік инвестор да бар. Өңірде өндіріс нысандарын дамытуға, бизнес үшін қолайлы жағдай жасауға және экономиканың дамуына үлес қосуды көздейді. 
Облыстың аудандарын кешенді дамыту мақсатында Аягөз ауданында да жалпы аумағы 100 гектарды құрайтын индустриялық аймақ құру жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, қосымша өнеркәсіптік алаңдарды құрудың қажеттілігін ескере отырып, арнайы экономикалық аймақты құру жобасын іске асыру ұсынылып, ағымдағы жылдың 21 мамырында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.А. Бектеновтың төрағалығымен өткен Инвестициялар тарту кеңесі отырысында аталған жоба келісім алды. Жоспарланған аймаққа 600 гектар жер телімі қарастырылып, кейіннен 1 000 гектарға дейін ұлғайту көзделген. 
Хаттамалық тапсырманы орындау мақсатында Абай облысы әкімдігі тарапынан ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрілігіне «Семей» арнайы экономикалық аймағын (бұдан әрі – «Семей» АЭА) құру тұжырымдамасын енгізді (2026 жылғы 26 мамырда 02/5005/СК-2334).
Қазіргі кезеңнің өзінде арнайы экономикалық аймақ аумағында өндіріс орындарын орналастыруға мүдделі болып отырған бірқатар әлеуетті резиденттер бар. Атап айтқанда, мынадай ірі инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде: 
«Qazken Minerals» ЖШС-нің титан өндіру зауытын салу жобасы. Оның аясында өңірде алғаш рет титан өнімдерін өндіретін заманауи өндіріс іске қосу көзделіп отыр. Жалпы жоспарланған инвестициялар көлемі – 150 млрд теңге, 
1 500 жұмыс орны қамтамасыз етіледі. 
Сонымен қатар, «Verum Group Holding Ltd» компаниялар тобына кіретін «Verum Smelting» ЖШС пирометаллургиялық зауыт салу жобасын әзірлеп жатыр. Жобаның жалпы құны 200 млрд теңгені құрайды, 600 жаңа жұмыс орны құрылады. 
«Harvest Agro» компаниясы 30 мың гектар суармалы және жайылымдық жерді кезең-кезеңімен игеру арқылы соя мен жүгері өндірісін дамытып, өндірілген өнімді арнайы экономикалық аймақта қайта өңдеуді жоспарлап отыр. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 48,5 млрд теңге, 150 жаңа жұмыс орны ашылады.
Аталған салалардан бөлек, тамақ өнеркәсібі, химия өндірісі және қағаз өнімдерін шығару бағыттарында да жобаларды жүзеге асыруға ниетті инвесторлар бар.
Жобалардың жалпы құны – шамамен 400 млрд теңге. Нәтижесінде 2 500-ден астам жаңа жұмыс орны құрылып, жобаларды 2030 жылға дейін іске қосу көзделуде. 
Жоспарланған арнайы экономикалық аймақта өндірістік қуаттарын орналастыру аумақтың жоғары инвестициялық тартымдылығын және бизнес тарапынан сұранысқа ие екенін дәлелдейді.
Сонымен қатар, «Қазақстан–Қытай Индустриялық Паркі» ЖШС Қытай Халық Республикасымен шекарада, Абай облысы, Мақаншы ауданы аумағында орналасқан «Бақты» өткізу пункті жанында индустриялық-логистикалық паркін салу жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. 
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрілігі тарапынан «Бақты» кентінде арнайы экономикалық аймақ құруды және «Қазақстан–Қытай Индустриялық Паркі» ЖШС-нің барлық басқару функцияларын жеке ұйым ретінде беру мүмкіндігі ұсынылған. Бұл жағдайда компания инвестор ретінде де, сондай-ақ парктің барлық болашақ резиденттері де заңнамада көзделген барлық жеңілдіктер мен преференцияларды ала алады.
«Қазақстан–Қытай Индустриялық Паркі» ЖШС жобаның бастамашысы әрі инвесторы ретінде барлық қажетті инфрақұрылымның құрылысын жүзеге асырады. Парктің жалпы аумағы 3 000 гектарды құрайды, жобаның жалпы инвестиция көлемі 1 млрд АҚШ долларынан асады. 
Облыс аумағында индустриалды аймақтар мен өндірістік алаңдарды тиімді пайдалану жұмыстары тұрақты бақылауда.
Жер қойнауын пайдалану
08 сентября 2026
Абай облысының кен іздеушісі алғаш рет алтын шикізатын аффинажға тапсырды.

Абай облысының аумағында кен іздеушілік жұмыстары қарқынды жүргізіліп, бұл бағытта заңды негізде жұмыс істейтін кәсіпкерлер саны артып келеді.

Осы бағыттағы маңызды жетістіктердің бірі – Абай облысының кен іздеушісі кен іздеушілік нәтижесінде өндірілген 484,2 грамм алтын құрамды шикізатты «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытына алғашқы болып өткізуін атап өте аламыз.

Бұл – кен іздеушілердің өндірген бағалы металдарын заңды түрде отандық аффинаж кәсіпорнына өткізу тетігінің іс жүзінде жүзеге асқанын көрсететін маңызды мысал. Аталған тәжірибе өңірдегі кен іздеушілік қызметтің ашық әрі заңды түрде дамуына ықпал етеді.

Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту
26 августа 2026
Абай облысы кәсіпкерлерінің назарына!

2026 жылдың 1-15 қыркүйек аралығында дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға конкурс өткізілетін болады.

Ұйымдастырушы: «Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ;

Орналасқан жері: Абай облысы, Семей қаласы, Абай көшесі, 97;

Өтінімдерді қабылдау мәні: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға конкурс өткізіледі.

Өтінім беру орны: «Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ, Семей қаласы, Абай көшесі 97 немесе abay.msb@mail.ru электрондық поштасы арқылы;

Байланыс телефоны:8 707 977 07 90 (Азамат Серікұлы), 8 705 530 51 73 (Әзіз Асқарұлы)

Электрондық пошта мекен-жайы: abay.msb@mail.ru

03 августа 2026
Абай облысында жаңа индустриялық жобаның құрылысы басталды

Абай облысында жаңа индустриялық жобаның құрылысы басталды

Аягөз ауданында «Aidarly Mining» ЖШС жүзеге асыратын «Айдарлы» тау-кен байыту комбинатының құрылысына ресми түрде старт берілді. Жоба өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, инвестиция тартуға және жаңа өндірістерді дамытуға бағытталған ірі бастамалардың бірі болып табылады.

Кәсіпорын толық қуатына шыққанда жылына 75 млн тонна кен өңдеп, 226 мың тонна мыс және 3,55 мың тонна молибден концентратын өндіреді. Жоба аясында 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылып, бюджетке түсетін жиынтық салық көлемі 1,43 трлн теңгеден асады деп күтілуде.

Заманауи өндіріс экологиялық талаптарға сай салынып, жабық су айналымы жүйесі мен жерді рекультивациялау технологиялары қолданылады. Бұл жоба Абай облысының инвестициялық тартымдылығын арттырып, тау-кен металлургия саласының дамуына және өңір экономикасының тұрақты өсуіне жаңа серпін береді.

#АбайОблысы #Кәсіпкерлік #Индустрия #Инвестиция #AidarlyMining #Өнеркәсіп #Экономика #AbaiAqparat

Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту
03 августа 2026
Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық нығая түсуде

Омбы қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің XXII өңіраралық ынтымақтастық форумында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту, көлік-логистика инфрақұрылымын жетілдіру, инвестиция тарту және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Форум аясында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, цифрлық көлік дәліздерін дамыту және екі ел арасындағы өзара тиімді серіктестікті одан әрі кеңейтуге ерекше назар аударылды. Өңіраралық форум жаңа бастамаларды жүзеге асыруға және өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретін маңызды алаң болып қала береді.

Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту
19 мая 2026
Абай облысы кәсіпкерлерінің назарына!

2026 жылдың 1-15 маусым аралығында дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға конкурс өткізілетін болады.

Ұйымдастырушы: «Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ;

Орналасқан жері: Абай облысы, Семей қаласы, Абай көшесі, 97;

Өтінімдерді қабылдау мәні: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына  сәйкес дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға конкурс өткізіледі.

Өтінім беру орны: «Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы»  ММ, Семей қаласы, Абай көшесі 97 немесе abay.msb@mail.ru электрондық поштасы арқылы;

Байланыс телефоны:8 707 977 07 90 (Азамат Серікұлы), 8 705 530 51 73 (Әзіз Асқарұлы) 

Электрондық пошта мекен-жайы: abay.msb@mail.ru

Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту
18 февраля 2026
Абай облысы кәсіпкерлерінің назарына!

2026 жылдың 01-15 наурыз аралығында дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға конкурс өткізілетін болады.

Ұйымдастырушы: «Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ;

Орналасқан жері: Абай облысы, Семей қаласы, Абай көшесі, 97;

Өтінімдерді қабылдау мәні: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына  сәйкес дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға конкурс өткізіледі.

Өтінім беру орны: «Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы»  ММ, Семей қаласы, Абай көшесі 97 немесе abay.msb@mail.ru электрондық поштасы арқылы;

Байланыс телефоны:8 707 977 07 90 (Азамат Серікұлы), 8 705 530 51 73 (Әзіз Асқарұлы) 

Электрондық пошта мекен-жайы: abay.msb@mail.ru

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы