Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
Абай облысының кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы Е-лицензиялау (e-license) электрондық порталы арқылы келесі мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша жұмыс жүргізуде:
Жер қойнауын пайдалану бөлімі:
- барлауға лицензия беру, қарау мерзімі - 7 жұмыс күні.
2022 жылы - 1 лицензия; 2023 жылы - 21 лицензия; 2024 жылы - 18 лицензия; 2025 жылдың 10 айында - 6 лицензия (оның ішінде: беру - 5, мерзімін ұзарту - 1), жұмыста - 1 өтініш.
Бас тартылды: 2022 жылы - 1; 2023 жылы - 7; 2024 жылы - 6; 2025 жылдың 10 айында - 4.
- кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу, қарау мерзімі - 2 жұмыс күні
2022 жылы - 3; 2023 жылға - 3; 2024 жылы - 3.
Бас тартылды: 2023 жылы - 3.
- алдағы құрылыс учаскесінде пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе маңызының аздығы туралы қорытынды беру, көрсету мерзімі 9 жұмыс күні;
2022 жылы - 3; 2023 жылы - 17; 2024 жылы - 23; 2025 жылғы 10 айда - 53, жұмыста - 1.
Бас тартылды: 2023 жылы - 3, 2024 жылы - 7, 2025 жылдың 10 айында - 21.
- пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру, көрсету мерзімі 9 жұмыс күні.
Сондай-ақ, кеңсе арқылы жасырын мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
КТПҚ барлауға және өндіруге рұқсаттар:
2022 жылы - 12; 2023 жылы - 36; 2024 жылы - 20; 2025 жылдың 10 айында - 2.
КТПҚ өндіруге арналған лицензия:
2023 жылы - 3, мерзімдерін ұзарту - 2; 2024 – 13; 2025 жылдың 10 айында 7 лицензия берілді, жұмыста - 4 өтініш.
Жер қойнауын пайдалану бөлімі 2025 жылғы тамыздан бастап жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында (minerals.e-qazyna.kz) «Болашақ құрылыс учаскесінде пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
2025 жылдың 10 айында 25 өтініш келіп түсті, оның ішінде:
- 3 өтініш бойынша пайдалы қазбалардың жоқтығы туралы қорытынды берілді;
- 20 өтініш бойынша бас тарту шығарылды (алдағы құрылыс учаскесінде пайдалы қазбалардың болуына байланысты).
- 2 өтініш қаралуда.
Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму бөлімі:
- заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру, көрсету мерзімі 15 жұмыс күні.
2024 жылы - 2 рұқсат; 2025 жылдың 10 айында - 11 рұқсат.
Бас тартылды: 2024 жылы - 11; 2025 жылдың 10 айында - 4.
Жеке кәсіпкерлікті қолдау және сауда бөлімі Kezekte.kz электрондық порталы арқылы мынадай мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша жұмыс жүргізуде:
5 млн. теңгеге дейін өтеусіз негізде мемлекеттік грант беру
Мемлекеттік гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, «Бір ауыл - бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі.
2022 жылы - 18 жеңімпаз; 2023 жылы - 22 жеңімпаз; 2024 жылы - 23 жеңімпаз, 2025 жылы - 24 жеңімпаз.
Инвестициялар тарту жөніндегі бөлім:
- инвестицияларды жүзеге асыруды және «заттай нысандағы мемлекеттік грант» түрінде инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу бойынша келісім беру, көрсету мерзімі 10 жұмыс күні.
2025 жылы - 1 жоба.