Абай облысы әкімдігінің
2025 жылғы « _»______
№ __ қаулысына
қосымша
«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірісәкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
1) қолданыстағы заңнамада белгіленген шекте индустриялық-инновациялық дамыту, өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сауда саласында жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) экономиканың басым секторларын дамыту процесінде мемлекет пен бизнестің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
1) құқықтары:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген көлемде өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, ақпарат пен материалдарды мемлекеттік органдар мен ұйымдардан сұрату және алу;
басымдықтарды, тұжырымдамаларды, нормативтік материалдарды, нысаналы бағдарламаларды, талдамалық шолулар мен болжамдарды әзірлеуге қатысу үшін қажетті жағдайларда ғылыми қызметкерлер мен мамандарды тарту;
облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша облыстық коммуналдық мүлік құрамындағы акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру;
2) міндеттері
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес функцияларды жүзеге асыру.
1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;
2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;
3) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту және индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және оған жауапты болады;
4) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымы объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
5) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
6) сараптама кеңесінің қызметін ұйымдастырады;
7) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
8) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
9) өз құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты жылжытуды жүзеге асырады және шикізаттық емес экспортты дамыту үшін жағдайлар жасайды;
10) Абай облысының аумағында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
11) өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен Абай облысының кәсіпкерлікті қолдау картасын әзірлейді;
12) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетуге құқылы;
13) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
14) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарайды және өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын әзірлеушілердің, өңірлік палатаның және басқа да мүдделі тұлғалардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды
береді;
15) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есептер ұсынады;
16) реттеушілік әсерді талдау қорытындыларымен келіспеген жағдайда реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді;
17) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат береді;
18) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін және кен іздеушілікке жер қойнауын пайдалану құқығын береді;
19) қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісім бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, мемлекеттік меншіктегі темір жолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу үшін, сондай-ақ гидроқұрылысжайлар мен гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау және жөндеу үшін қолданылатын кең таралған пайдалы қазбаларды жазбаша рұқсат беру арқылы барлауға немесе өндіруге құқық береді;
20) жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге, кен іздеушілікке лицензиялар және Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттар шарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
21) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, кен іздеушілік жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
22) жер қойнауын пайдаланушылардың кен іздеушілік лицензиясында және Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінде көзделген кен іздеушілік шарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
23) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуды реттейді;
24) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат береді;
25) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге берілген лицензиялар және кен іздеушілікке берілген лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
26) жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің өтуіне рұқсат береді;
27) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) тіркеуді жүргізеді;
28) жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялардың тізілімін жүргізеді
29) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырады;
30) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастырады;
31) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге келісімшарттар бойынша комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
32) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
33) кен іздеушілік салдарын жою жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
34) заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
35) сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді;
36) өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асырады;
37) Абай облысының аумағында сауда қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды әзірлейді;
38) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді;
39) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөніндегі шараларды әзірлейді және іске асырады;
40) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
41) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
42) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
43) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сыйақы мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
44) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту бойынша ұсыныстар енгізеді;
45) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) Басқарма қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
3) Басқарманың бұйрықтарына қол қояды;
4) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, Басқарманың қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді, сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда Басқарманың мүддесін білдіруге сенімхаттар береді;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
7) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
«Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы.