Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша жадынама

  1. 10 қаңтарға дейін және тоқсан сайын күнтізбелік тоқсанның алдындағы айдың 1-15-күнінен бастап Жұмыс органы ДК немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізуге өтініштер қабылдауды жүзеге асырады.
  2. Өтініштерді қабылдау басталған күнге дейін кемінде 10 жұмыс күні облыстық өңірлік апта сайынғы БАСПА басылымында және өзінің интернет-ресурсында қабылдау мерзімдері мен орнын көрсете отырып, тізілімге енгізуге өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру жариялауды жүзеге асырады.
  3. Жылдық тізілім ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 қаңтарынан кешіктірілмей, сондай-ақ тоқсан сайын күнтізбелік тоқсанның алдындағы айдың 25 күнінен кешіктірілмей қалыптастырылады және ҰЭМ-ге жіберіледі.

Өтінімдерді қабылдау:

  1. Өтінімдерді қабылдау ДК-ның немесе заңды тұлғаның тіркелген жері (заңды мекен-жайы) бойынша жүзеге асырылады
  2. Өтінішпенқұжаттарқағазтүрінденемесеэлектрондықжеткізгіштердежәне/немесеэл.хабарландырудакөрсетілгенмекенжайбойыншақұжаттар жеке өзі,пошта,электрондықпоштаарқылынемесе2-қосымшадағынысан бойынша уәкілеттіөкіларқылықолыменмөрі бар, олар беру сәтіндежарамдыболуытиіс.
  3. Құжаттарды ұсынған күннен бастап құжаттарды өңдеуге 2 жұмыс күні беріледі
  4. Өтінім берушілер бас тартқан жағдайда өтінімді қайта бере алады (келесі отырысқа).

ДаракәсіпкернемесезаңдытұлғаоныТізілімгеенгізумақсатындаоблыстардың,

республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

  • осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);
  • дара кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізілімге енгізу үшін жүгінетін санатқа қарай құжаттар;
  • 3) өтініш берушінің уәкілетті тұлғасының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (сенімхат негізінде әрекет ететін өтініш берушінің өкілі құжаттарды берген жағдайда).

ССП ТІЗІЛІМІНЕ ЕНГІЗУГЕ АРНАЛҒАН САНАТТАР

1-санат - ЖБСЖ жұмыспен қамтылуына ықпал ететін ӘКС:

  • мүгедектігі бар адамдар;
  • мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер;
  • зейнеткерлер мен зейнеткерлік жас алдындағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жас толғанға дейін бес жыл ішінде);
  • он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен түлектері;
  • қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар - босатылғаннан кейін он екі ай ішінде;
  • белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар;
  • тұрмысы төмен, көп балалы немесе толық емес отбасыларына жататын ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер, сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
  • наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикалық белсенді заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар - оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде;
  • кандастар;

Қажетті шарттар (өткен жылға):

алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша осындай санаттардың кез келгеніне жататын адамдардың орташа жылдық саны (бір немесе бірнеше осындай санаттар),

ӘКС қызметкерлерінің арасында кемінде 50% құрайды (бірақ осындай санаттарға жататын кемінде 2 адам)

осынау санаттардың кез келгеніне жататын адамдарға еңбекақы төлеуге арналған шығыстардың үлесі (бір немесе бірнеше осындай санаттар),

еңбек ақы төлеу шығыстарында кемінде 25% құрайды:

Қажетті құжаттар:

  • 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • өтініш берілген күні қолданыстағы штаттық кестенің көшірмесі;
  • ЖСНЖ қатарындағы қызметкерлермен еңбек шарттарының көшірмелері;
  • 3-қосымшаға сәйкес қызметкерлердің ЖСНЖ-ға жатқызылғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
  • 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерлердің саны және ЖҚ туралы мәліметтер;

2-санат - бірінші санаттан ОЖҚЖ-ға тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді ұсынуға ықпал ететін ӘКС

Қажетті шарттар (өткен жылға):

Көрсетілген қызметтен түсетін кірістердің үлесі кірістердің жалпы көлемінің кемінде 50%

Таза табыстың үлесі көрсетілген табыстың кемінде 50% (болған жағдайда)

Қажетті құжаттар:

  • 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • 5-қосымшаға сәйкес ЖСНЖ өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу туралы мәліметтер;
  • 6-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша кірістер мен таза пайданың жалпы көлеміндегі кірістер үлесі туралы анықтама.

3-санат - бірінші санаттан ОЖҚЖ тауарларын өндіру, жұмыстарын орындау, қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ӘКС:

  • тұрмыстағы тыныс-тіршілікті қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету бойынша;
  • азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін күтімді ұйымдастыру, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу, жүйелі бақылау арқылы денсаулықты сақтауға және қолдауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсету бойынша;
  • әлеуметтік ортаға бейімделу үшін психологиялық жағдайды түзетуге көмек көрсетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету бойынша;
  • мінез-құлқындағы ауытқулардың алдын алуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсету бойынша;
  • жұмысқа орналасуға және еңбекке бейімделуге байланысты өзге де проблемаларды шешуге көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету бойынша;
  • коммуникативтік әлеуетті арттыруды, оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді, әлеуметтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша;
  • медициналық техниканы, протездік-ортопедиялық құралдарды, цифрлық денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ аурулардың алдын алу, мүгедектігі бар адамдарды оңалту, оның ішінде мүгедектігі бар балаларды медициналық абилитациялау үшін ғана пайдаланылуы мүмкін техникалық құралдарды өндіру және (немесе) өткізу бойынша;
  • мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлердің демалысын және сауықтыруды ұйымдастыру бойынша;
  • қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша;
  • әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, көлік құралдарын пайдалану, ақпаратты ұсыну кезінде әмбебап байланыс қызметтерін көрсету бойынша мүгедектігі бар адамдар мен халықтың аз қозғалатын топтары үшін жағдайлар жасау;

Қажетті шарттар (өткен жылға):

Көрсетілген қызметтен түсетін кірістердің үлесі кірістердің жалпы көлемінің кемінде 50%

Таза кірістің үлесі көрсетілген кірістің кемінде 50% -ы (болған жағдайда)

Қажетті құжаттар:

  • 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • 7-қосымшаға сәйкес ОЖҚБ үшін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру жөніндегі мәліметтер;
  • 6-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша кірістердің жалпы көлемінен кірістердің үлесі туралы және таза пайданың үлесі (болған жағдайда) туралы анықтама.

4-санат - жұмысты мынадай қызмет түрлерінде жүзеге асыратын ӘКС:

  • психологиялық-педагогикалық және отбасын нығайтуға, ана мен баланы қолдауға бағытталған өзге де қызметтер;
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің, ТжКБ-ның білім беру бағдарламаларын іске асыру;
  • кемтар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, бал. оқуда, дамытуда және әлеуметтік бейімделуде қиындықтарға ұшырағандарға әлеуметтік көмек;
  • біліктілікті арттыруға бағытталған әлеуметтік қызметкерлерді және әлеуметтік ҮЕҰ еріктілерін оқыту;
  • мәдени-ағарту қызметі (жеке мұражайлар, театрлар, кітапханалар, мұрағаттар, мектеп-студиялар, шығармашылық шеберханалар, ботаникалық және зоологиялық бақтар, мәдениет және халық шығармашылығы үйлері)
  • қоршаған ортаны қорғау;
  • ЖСНЖ гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық орталықтарын, СӨС жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет

Қажетті шарттар (өткен жылға):

Көрсетілген қызметтен түсетін кірістердің үлесі кірістердің жалпы көлемінің кемінде 50%

Таза кірістің үлесі көрсетілген кірістің кемінде 50% -ы (болған жағдайда)

 

Қажетті құжаттар:

  • 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық пайдалы мақсаттарға және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер;
  • 6-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша кірістердің жалпы көлемінен кірістердің үлесі туралы және таза пайданың үлесі (болған жағдайда) туралы анықтама.

1 санат – 2, 3, 4 қосымша.
2 санат –  2, 5, 6 қосымша.
3 санат –  2, 6, 7 қосымша.
4 санат –  2, 6, 8 қосымша.

Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша жадынама
Дата публикации
27 февраля 2025