Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Инженерлік инфрақұрылым жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) аяқталмаған құрылыс – тапсырыс беруші пайдалануға беру үшін белгіленген тәртіппен қабылдамаған және мақсатына сай (тұру, қызметтер көрсету, өнім шығару, пайда алу және басқа да пайдалану түрлері) пайдаланылмайтын құрылыс объектісі;
2) бюджеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – БИЖ) – жаңа объектілерді құру (салу) не қолда барларын реконструкциялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді іске асыруға арналған ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін қоспағанда, ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту үшін бағытталған, бюджет қаражаты есебінен тікелей бюджеттік бағдарлама әкімшісі белгілі бір уақыт кезеңі ішінде іске асыратын және аяқталған сипаты бар, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекция белгілі бір уақыт кезеңі ішінде іске асыратын және аяқталған сипаты бар іс-шаралар жиынтығы;
3) бюджеттік инвестициялық жобаларды мониторингтеу – бюджет қаражаты бөлінген кезден бастап пайдалануға берілген кезге дейін жаңа объектілер тұрғызу (салу), жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялау, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту барысы туралы ақпаратты тұрақты және жүйелі түрде жинау мен талдау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
4) бюджет процесі – мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу, бюджеттік есеп және бюджеттік есептілік, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, бюджеттік мониторингтеу және нәтижелерді бағалау жөніндегі қызметі;
5) жеке кабинет – тізілімдегі пайдаланушының (кәсіпкер, уәкілетті орган, өңірлік үйлестіруші, өңірлік үйлестіру кеңесі, бюджеттік бағдарлама әкімшісі) дербес веб-парақшасы;
6) жеке шот – тізілімдегі өтінімдерді тіркеу және олармен операцияларды есепке алу мақсатында кәсіпкерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалардың жиынтығы;
7) жеке қаржыландыру жоспары – мемлекеттік мекеменің шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер бойынша жеке жоспар, төлемдер бойынша жеке жоспар нысанында қалыптастырылатын негізгі құжаты;
8) жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкiмi айқындайтын, жергiлiктi атқарушы органның бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты құрылымдық бөлiмшесi;
9) заманауи форматтағы сауда объектілері – арнаулы немесе аралас тауарлар ассортиментінің атауы (бірліктері) бір мыңнан басталатын және одан асатын, дәстүрлі қызмет көрсету әдісімен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету әдісімен, сондай-ақ саудада қосымша қызметтер көрсете отырып жұмыс істейтін, төлем карталарын пайдаланып төлем жүргізуге арналған жабдығы (құрылғысы) бар, еңбек өнімділігі және сауда алаңының шаршы метріне қатысты сату өнімділігі жоғары, аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарының тұрағына арналған алаңның болуы көзделген, кемінде 500 (бес жүз) шаршы метр сауда алаңы бар стационарлық сауда объектілері;
10) инженерлік инфрақұрылым – халықтың тыныс-тіршілігіне, сондай-ақ өндірістің орнықты жұмыс істеуіне немесе тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айналымына қалыпты жағдай жасайтын кәсіпорындардың (ұйымдардың), объектілердің (ғимараттар мен құрылысжайлардың), коммуникациялар мен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету желілерінің жиынтығы;
11) кәсіпкер – өз қызметін Кодекске сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;
12) көрсетілетін қызметтерді беруші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес өңірлік үйлестіруші айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді және оны иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
13) қаржылық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ҚЭН) – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың орындылығы, негізділігі туралы мәліметтер және нәтижені бағалау қамтылған құжат;
14) құрылыс жобасы – көлемдік-жоспарлау, конструкциялық, технологиялық, инженерлік, табиғатты қорғау, экономикалық және өзге де шешімдер, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыруға және жүргізуге, аумақты инженерлік дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептер қамтылған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама (құрылыс жобаларына аяқталмаған объектілердің құрылысын консервациялау және өз ресурсы сарқылған объектілерді сүріп тастау жобалары да жатады);
15) құрылыстың сметалық құны (бұдан әрі – сметалық құн) – сомасы жобалық материалдар мен сметалық-нормативтік база негізінде айқындалатын, объект салуды жүзеге асыру үшін қажетті ақша;
16) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган – тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте стратегиялық, экономикалық және бюджеттiк жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
17) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзiрлеу және қалыптастыру, сондай-ақ өңiрлiк даму саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
18) нəтижелер көрсеткіштері – стратегиялық жоспарды, аумақтарды дамыту бағдарламасын және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік орган қызметін сипаттайтын нысаналы индикаторлардың, тікелей жəне түпкілікті нəтижелердің жиынтығы;
19) объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi – бекiтiлген жобаға және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес объект құрылысының аяқталғанын және объектiнiң пайдалануға толық әзірлігін растайтын құжат;
20) өңірлік үйлестіруші – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын кәсіпкерлік саласындағы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
21) өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, қатысушылардың жалпы санының кемінде 50 %-ы бизнес-қоғамдастықтың өкілдерінен тұратын консультативтік-кеңесші орган;
22) өтінім – осы Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген қағаз немесе электрондық нысандағы өтініш;
23) өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер, сондай-ақ кәсіпкерлер туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
24) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық ретке келтірілген, мемлекеттік қолдау процестерін орындау жөнінде қызметтер көрсетуге арналған, «электрондық үкімет» веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімнің мемлекеттік қолдау көрсету шарттарына сәйкестігі тұргысынан оны автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін жиынтығы;
25) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін, интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;
26) техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) – негізгі техникалық, технологиялық және өзге де шешімдер туралы мәліметтер, сондай-ақ негізгі техникалық-экономикалық параметрлерді айқындап, пайда мен шығынды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы мен тиімділігін зерделеу нәтижелері қамтылатын құжат;
27) тікелей нәтиже – көзделген бюджет қаражаты шегінде орындалатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы, оларға қол жеткізу толығымен осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымның қызметіне байланысты;
28) түпкiлiктi нәтиже – мемлекеттiк орган қызметiнiң тікелей нәтижелерiне қол жеткiзуге негізделген стратегиялық жоспардың, аумақтарды дамыту бағдарламасының және (немесе) бюджеттiк бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді санмен өлшейтін бюджеттік бағдарлама көрсеткіші;
29) «электрондық үкімет» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің электрондық нысанда көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізетін бірыңғай терезе болып табылатын ақпараттық жүйе;
30) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және ондағы мәліметтердің өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.
2-тарау. Жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу тәртібі
1-параграф. Жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды
жүргізу шарттары
1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 200 (екі жүз) миллион теңгеден асады;
2) инфрақұрылым салудың (реконструкциялаудың) құны 50 (елу) миллион теңгеден асады, бұл ретте Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша жобалар үшін 5 (бес) миллиард теңгеден аспайтын сомадағы инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды) қоспағанда, инфрақұрылымды (коммуникациялардың барлық түрлеріне) салудың (реконструкциялаудың) ең көп сомасы 1 (бір) миллиард теңгеден аспауға тиіс;
3) жобалар құрылысының әзірлік дәрежесі 30 %-дан кем болмауға тиіс.
1) жобаға салынған инвестиция көлемі 10 (он) миллиард теңгеден кем емес;
2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 1 (бір) миллиард теңгеден кем емес, бірақ 10 (он) миллиард теңгеден аспайды;
3) жобалар құрылысының әзірлік дәрежесі кемінде 30 %.
1) Астана, Алматы және Шымкент қалаларында – сауда алаңы кемінде
3 (үш) мың шаршы метр;
2) облыстарда – сауда алаңы кемінде 1 (бір) мың шаршы метр.
Жергілікті атқарушы органдар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің және индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу кезінде қатысушыларға халықты жұмыспен қамту орталықтарының бағыттары бойынша құрылыс (реконструкциялау) кезінде жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10 %-ын береді.
1) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары және веб-портал арқылы ұлттық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде кәсіпкерлердің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыру түрінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету барысын ауық-ауық жариялап тұруды қамтамасыз етеді;
2) кәсіпкерлердің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыру шарттары мен тәртібі бойынша кәсіпкерлерге консультация береді.
2-параграф. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды алу үшін қатысушылардың өзара іс-қимылы
1) бизнес-жоспар;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы
5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і;
3) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама;
4) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектісі бойынша жобалау-сметалық құжаттама;
5) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектісі бойынша орындалған жұмыстардың актілері;
6) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде шеккен шығыстар бойынша төлем шоттары.
1) кәсіпкердің жобасын осы Инженерлік инфрақұрылым жүргізу қағидаларының шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
2) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
3) құжаттардың толық топтамасымен қоса кәсіпкерлер жобаларының тізімін ӨҮК қарауына енгізеді;
4) ӨҮК отырысы күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, өткізілетін күнін, уақытын және орнын айқындайды, ол туралы ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.
ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан кезде өткізіледі. Шешімді қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісі қабылдайды.
1) кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың осы Инженерлік инфрақұрылым жүргізу қағидаларының өлшемшарттарына сәйкестігін тексереді;
2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкердің жобасы мен қоса беріліп отырған құжаттарды, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салық түсімдері, өнім өндіру көлемі туралы болжамды ақпаратты қарайды және талқылайды;
3) талқылаудың нәтижелері бойынша ӨҮК осы Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан инженерлік инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды) қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
1) осы Инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының 13, 15 және
16-тармақтарының өлшемшарттарына сәйкес келетін кәсіпкерлердің мақұлданған жобалары және индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобалары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға;
2) жергілікті бюджет қаражаты есебінен инженерлік инфрақұрылым жүргізуді жоспарлап отырған және құрылыс құнының 10 %-ы мөлшерінде жобаларды қоса қаржыландыруды көздейтін кәсіпкерлердің мақұлданған жобалары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
1) бюджет процесі шеңберінде бюджеттік өтінімнің осы Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының шарттарына және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкестігін қарайды;
2) қажет болған жағдайда жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен БИЖ-ді іріктеу бойынша неғұрлым толық талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратады;
3) құжаттардың толық топтамасы бар БИЖ тізбесін қалыптастырады;
4) шығыстар көлемін негіздеу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жиынтық бюджеттік өтінім жібереді;
5) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджет комиссиясы қарауының қорытындысы және шешімі бойынша инженерлік инфрақұрылымды салуды (реконструкциялауды) қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы ақпарат береді.
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы табиғи нормалар мен стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбiр бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлерiн есептегенде басшылыққа алу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған бағалардың дерекқоры да пайдаланылады.
Бюджеттік өтінім жасалуы және ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық/жергілікті уәкілетті орган оны бюджеттік бағдарлама әкімшісіне қарамай қайтаруға міндетті;
2) материалдарды қарау нәтижелері бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырып, оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді;
3) уәкілетті органды/жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін бюджет комиссиясының шешімі туралы хабардар етеді;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің/жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды іске асыру/жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы жобасын әзірлейді.
3-параграф. Индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жөніндегі жобаларға жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды алу үшін қатысушылардың өзара іс-қимылы
ӨҮК жоба осы Инженерлік инфрақұрылым жүргізу қағидаларының өлшемшарттарына, жергілікті кәсіпкерліктің мүмкіндіктеріне сәйкес келген жағдайда оң шешім шығарады.
4-параграф. Кәсіпкердің «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық өтінім беруі
1) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы осы Инженерлік инфрақұрылым жүргізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беру.
«Электрондық үкімет» веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді тіркеу;
3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде кәсіпкердің жеке шотының болуы, оның деректерінің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің «Заңды тұлғалар» немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара әрекеттесуі нәтижесінде расталуы.
Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы кәсіпкерге субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді өзінің тіркеуіне мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осындай тіркеу жүргізілген кезден бастап берілді деп есептеледі.
1) бизнес-жоспар;
2) Қағидаларға сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і;
3) сараптаманың оң қорытындысы бар жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.
Веб-портал (бұдан әрі – жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне қолжетімділік беру үшін:
1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетінше тіркелуі үшін кәсіпкерлерде ЭЦҚ болады;
2) өңірлік үйлестіруші көрсетілетін қызметтерді берушіге
ЭЦҚ бар өз жұмыскерлерінің өзектілендірілген тізімдерін, сондай-ақ ӨҮК мүшелерінің өзектілендірілген тізімдерін жыл сайын жібереді.
1) жеке кәсіпкерлер үшін – жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын және әкесінің атын (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын; бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (бар болса) және ЖСН;
3) байланыс деректерін (пошта мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелерін көрсетеді.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде кәсіпкер бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.
1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің осы Инженерлік инфрақұрылым жүргізу қағидаларының 47-тармағы 3) тармақшасының талаптарын тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіліп, өтінім қалыптастырылады;
2) өтінім кәсіпкердің ЭЦҚ-мен қол қоюы арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Өңірлік үйлестірушінің веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімнің қарауға түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
Өңірлік үйлестіруші өтінімді ӨҮК қарауына жіберген кезге дейін тіркелген өтінімде қателіктер анықталған жағдайда кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді кері қайтарып алады.
1) тиісті хабарламаға ЭЦҚ-ны пайдаланып қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды (бұл хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады);

3) ӨҮК барлық мүшелерін өтінім бойынша дауыс беру қажеттігі туралы хабардар етеді. Бұл хабарлама ӨҮК әрбір мүшесінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Дауыс беруді ӨҮК әрбір мүшесі отырыс өткізбей субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өздері жүзеге асырады.
1) осы Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан кәсіпкердің жобалары мен қоса берілетін құжаттарды, сондай-ақ кәсіпкерлердің жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салықтық түсімдер, өнім өндіру көлемдері туралы болжамды ақпаратты қарауды;
2) «қолдаймын» немесе «қарсымын» деген тармақтарды белгілеу әдісімен дауыс беруді және жобаларды конкурсқа жіберуді жүзеге асырады.
Дауыс беру қорытындысы бойынша дауыстар саны қосылады және субсидиялаудың ақпараттық жүйесі автоматты түрде қорытынды шешімді айқындайды.
Кәсіпкердің жобасына субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген ӨҮК мүшелері санының үштен екісінен кемі дауыс берген жағдайда субсидиялаудың ақпараттық жүйесі хаттама қалыптастырмайды және өңірлік үйлестірушіге конкурстың өткізілмегені туралы хабарлама жібереді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділігі бар көрсетілетін қызметтерді берушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жауапты тұлғалардың тізімін жыл сайын жібереді.
3-тарау. Инженерлік инфрақұрылымды жүргізуді мониторингтеу
1) БИЖ-дің іске асырылу барысы туралы ақпарат жинау;
2) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп дайындау;
3) БИЖ бойынша қаржы қаражатының игерілген сомасы жөнінде ақпарат жинау көзделеді.
Есептің PDF форматындағы сканерленген көшірмесін өңірлік үйлестіруші осындай есепті уәкілетті орган/жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне жүктейді.
Жиынтық ақпаратта:
1) республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын БИЖ туралы ақпарат;
2) республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері және кредиттер есебінен іске асырылатын жергілікті БИЖ туралы ақпарат қамтылады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері БИЖ-ді іске асырудың жылдық мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылғы 1 (бір) сәуірге дейін ұсынады.
Жиынтық ақпаратта:
1) жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын БИЖ туралы ақпарат;
2) аяқталған және өтпелі жобалар, әзірленетін ЖСҚ саны бойынша ақпарат;
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті қаражатының және облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен қаржыландырылатын БИЖ тізбесі, қаржыландыру жоспарының сомалары, жобалардың нақты орындалуы, аяқталған жобалар саны, игерілмеген сомалар мен оның себептері туралы ақпарат қамтылады.
__________________________
Инженерлік инфрақұрылым
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Экономиканың басым секторларының тізбесі
|
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды |
Атауы |
|
1 |
2 |
|
Ауыл, орман және балық шаруашылығы |
|
|
01 |
01.11 «Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді» қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету |
|
03 |
Балық аулау және балық өсіру |
|
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу |
|
|
08.12.1 |
Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу |
|
09 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету |
|
Өңдеу өнеркәсібі |
|
|
10 |
Тамақ өнімдерінің өндірісі |
|
11.06 |
Уыт өндірісі |
|
11.07 |
Алкогольсіз сусындар, минералды сулар және шөлмекке құйылған басқа да сусындар өндірісі |
|
13 |
Текстиль бұйымдарының өндірісі |
|
14 |
Киім өндірісі |
|
15 |
Былғары және оған жататын өнім өндірісі |
|
16 |
Жиһаздан басқа, ағаш және тоз бұйымдарының өндірісі; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі |
|
17 |
Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі |
|
18 |
Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін тыңдап-көрсету |
|
20 |
Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі |
|
21 |
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндірісі |
|
22 |
Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі |
|
23 |
Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндірісі |
|
24 |
Металлургия өндірісі |
|
25 |
Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарының өндірісі |
|
26 |
Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі |
|
27 |
Электр жабдықтарының өндірісі |
|
28 |
Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі |
|
29 |
Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндірісі |
|
30 |
Басқа көлік құралдарының өндірісі |
|
31 |
Жиһаз өндірісі |
|
32 |
Өзге де дайын бұйымдар өндірісі |
|
33 |
Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату |
|
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондицияланған ауамен жабдықтау |
|
|
35.11.2 |
Гидроэлектр станцияларының электр энергиясын өндіруі |
|
35.11.4 |
Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі |
|
35.11.5 |
Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі |
|
35.11.9 |
Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі |
|
Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, |
|
|
38 |
Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) |
|
39 |
Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер |
|
Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу |
|
|
45.2 |
Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу |
|
Көлік және қоймаға жинау |
|
|
49.3 |
Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі |
|
49.41 |
Жүк автомобиль көлігінің қызметі |
|
50 |
Су көлігінің қызметі |
|
52 |
Жүктерді қоймаға жинау және қосалқы көлік қызметі |
|
53 |
Пошта және курьер қызметі |
|
Тұру және тамақтану бойынша қызметтер көрсету |
|
|
55.10 |
Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызметтер көрсетуі |
|
55.20 |
Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне баспана беру |
|
55.30 |
Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызметтер көрсетуі |
|
Ақпарат және байланыс |
|
|
58 |
Баспа қызметі |
|
59.14 |
Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет |
|
61 |
Телекоммуникациялар |
|
62 |
Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер |
|
Жылжымайтын мүлікпен операциялар |
|
|
68.20.1 |
Жеке меншік немесе жалға алынған жылжымайтын тұрғын үй мүлкін жалдау (қосалқы жалдау) және басқару |
|
68.20.2 |
Жеке меншік немесе жалға алынған бизнес орталығын, офистік үй-жайларды, әкімшілік ғимаратты жалдау (қосалқы жалдау) және басқару |
|
Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет |
|
|
69.2 |
Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру |
|
71 |
Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет |
|
72 |
Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер |
|
74 |
Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет |
|
75 |
Ветеринариялық қызмет |
|
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет |
|
|
77.11 |
Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг* |
|
81 |
Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру қызметі |
|
Білім беру |
|
|
85 |
Білім беру |
|
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету |
|
|
86 |
Денсаулық сақтау саласындағы қызмет |
|
87 |
Халыққа тұруын қамтамасыз ете отырып әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызмет |
|
88 |
Халыққа тұруын қамтамасыз етпей әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызмет |
|
Өнер, ойын-сауық және демалыс |
|
|
91 |
Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызмет |
|
93 |
Спорт, демалысты және ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет |
|
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну |
|
|
95 |
Компьютерлерді, жеке тұтыну заттарымен тұрмыстық тауарларды жөндеу |
|
96.01 |
Текстиль және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау |
* осы экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға алуды және олардың лизингін көздейді.
__________________________
Инженерлік инфрақұрылым
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды
қаржыландыруға өтініш
_____________________________________________(бұдан әрі – кәсіпкер) (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы;
дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), паспорт деректері)
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның орналасқан жері, пошта мекенжайы; дара кәсіпкердің тұрғылықты жері)

(жоба іске асырылатын жер)

(қала (аудан) коды көрсетілген байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)

(банк деректемелері)

(қызметтің бейінді бағыттары көрсетіледі)

(экономика саласы, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) көрсетіледі)

(ұйымның басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, байланыс телефоны)

(жобаның жауапты орындаушысы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, байланыс телефоны)

қажетті ақша қаражаты (меншікті қаражаты, қарыз қаражаты)

инфрақұрылымды жүргізу немесе жақсарту қажеттігінің негіздемесі:
жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыру үшін конкурстық іріктеуге қатысатыны туралы мәлімдейді. Кәсіпкер конкурстың шарттарымен танысты және Инженерлік инфрақұрылым жүргізу қағидаларына сәйкес қажетті құжаттарды қоса беріп отыр.

қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
20___жылғы «___» __________ «____» сағ. «____» мин өтініштің №____.
Мен өзім ұсынған мәліметтердің анық екендігін растаймын және ӨҮК мәліметтерді тексеруіне қарсы емеспін.
Осы өтінімге қол қою арқылы кәсіпкер мынаны мәлімдейді және оған кепілдік береді:
Кәсіпкер осы арқылы мыналарға келісімін береді:
________________________ ____________________________
Басшы (дара кәсіпкер) (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы).
__________________________
Инженерлік инфрақұрылым
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған конкурстық іріктеуге қатысуға электрондық өтінім
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке кәсіпкердің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
заңды тұлға үшін:
атауы _________________________________________________________
БСН ___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________
басшының ЖСН ________________________________________________
мекенжайы ____________________________________________________
телефон (факс) нөмірі ___________________________________________
дара кәсіпкер үшін:

ЖСН __________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі _________________________________________________________
кім берді ______________________________________________________
берілген күні ___________________________________________________
мекенжайы _____________________________________________________
телефон (факс) нөмірі ____________________________________________
Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама:
орналасқан жері _________________________________________________
хабарланған күні ______________________________________________ .
Банк деректемелері: _____________________________________________
Банктің атауы: __________________________________________________
БСК ___________________________________________________________
ЖСК___________________________________________________________

Кбе ____________________________________________________________
жобаның атауы __________________________________________________
жобаның қысқаша сипаттамасы ____________________________________
жоба іске асырылатын жер ________________________________________
қызметтің бейінді бағыты (*жоба облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады): _________________
қажетті инфрақұрылым түрі _______________________________________
инфрақұрылымды жүргізу немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесі ____________________________________________________________________
құрылыстың құны, мың теңге _____________________________________
жобаның құны (инвестициялар), мың теңге __________________________
салық салу жүйесі: _______________________________________________
экономика саласын көрсету: _______________________________________
экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ):________________________________________________________
жалдамалы жұмыскерлер саны ____________________________________
|
Р/с № |
Жылдар |
Факт |
Болжам |
||
|
ағымдағы жыл |
1-ші жыл |
2-ші жыл |
3-ші жыл |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
Құрылатын жұмыс орындарының саны, адам |
|
|
|
|
|
2 |
Салықтар түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге |
|
|
|
|
|
3 |
Шығарылатын өнімнің көлемі, мың теңге |
|
|
|
|
|
Р/с № |
Құжаттың атауы |
Электрондық файлдың атауы (pdf форматында) |
|
1 |
2 |
3 |
|
1 |
Бизнес-жоспар |
|
|
2 |
Жобаның ТЭН-і |
|
|
3 |
Жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама |
|
Мыналарға:
1) өңірлік үйлестірушінің алғаш талап етуі бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және ашуға;
2) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда өңірлік үйлестірушіні дереу хабардар етуге міндеттенемін.
Мен:
1) өңірлік үйлестіруші мен ӨҮК ұсынылған мәліметтерге тексеру жүргізілетінмен;
2) өңірлік үйлестіруші көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес екенімен;
3) осы өтінімде қамтылған мәліметтер, сондай-ақ барлық талап етілген құжаттар жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыру үшін ғана ұсынылғанымен;
4) көрсетілген деректер мен ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда осы өтінім оны қараудың кез келген кезеңінде қабылданбайтынымен;
5) өңірлік үйлестіруші осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына ұсынатынымен;
6)

6) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімді қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.с.с.) өңірлік үйлестірушінің қаржыландыруды беру немесе кәсіпкер шеккен шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайтынымен келісемін.
Конкурс шарттарымен және Инженерлік инфрақұрылым жүргізу қағидаларымен таныстым.
Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық мәліметтер ұсынбағаным үшін жауаптылық туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп шығаруға және пайдалануға келісім беремін.
Өтініш беруші 20__ жылғы «___» _____ сағ. 00:00 қол қойып, жіберді:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Өңірлік үйлестіруші 20__ жылғы «___» __________ сағ. 00:00-де қабылдады:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты.
__________________________
өңірлік үйлестірушінің осы өтінімді қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.с.с.) өңірлік үйлестірушінің қаржыландыруды беру немесе кәсіпкер шеккен шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайтынымен келісемін.