|
|
Қазақстан Республикасы |
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);
2) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтер қамтылған электрондық деректер базасы;
3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – заңды тұлға (филиал мен өкілдік) және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
4) бизнес-жоба – кәсіпкердің өз бизнесін құру (тауарлар өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашатын, сипаттама, есеп-қисаптар, болжамдар нысанында орындалған, сондай-ақ жобаны іске асыру мерзімдері және бизнес-идеяларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын құру үшін берілетін мемлекеттік грант (бұдан әрі – мемлекеттік грант) көлемінің кемінде 20 %-ы деңгейінде кәсіпкердің өз қаражатымен (ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қоса қаржыландыру қамтылған жоспары;
5) бизнес-идея – тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама;
6) веб-портал – Интернет желісінде орналастырылған, субсидиялаудың ақпараттық жүйесін қолжетімді ететін интернет-ресурс;
7) грант беру туралы шарт – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) өңірлік үйлестіруші, қаржы агенттігі және кәсіпкер арасында электрондық түрде жасалатын, шарттары бойынша кәсіпкерге бизнес-идеяларды іске асыруға нысаналы мемлекеттік грант берілетін үшжақты келісім;
8) жеке кабинет – тізілімдегі пайдаланушының (кәсіпкердің, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның, ұлттық институттың, қаржы агенттігінің, өңірлік үйлестірушінің, конкурстық комиссияның) дербес веб-парағы;
9) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға үшін, оның ішінде қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
10) жеке шот – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ашылатын, тізілімде тіркелген пайдаланушы туралы ақпаратты көрсететін, оны тану (сәйкестендіру) үшін және оның жеке деректері мен баптауларды қолжетімді ету үшін қажетті шот;
11) жоба – кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын бизнестің түрлі бағыттарындағы іс-әрекеттер мен іс-шаралар жиынтығы;
12) кәсіпкер – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі, "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалисі болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
13) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган – жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
14) кворум – дауыс беру кезінде конкурстық комиссия мүшелері санының үштен екісінен астамының қатысуы;
15) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi оны басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;
16) конкурстық комиссия – мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі алқалы-кеңесші орган;
17) көрсетілетін қызметтерді беруші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес өңірлік үйлестіруші/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді және оны иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
18) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
19) мүдделер қақтығысы – конкурстық комиссия мүшесінің жеке мүдделері арасындағы қайшылық, бұл жағдайда конкурстық комиссия мүшесінің жеке мүдделері оның өз өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкелуі мүмкін;
20) өңірлік үйлестіруші – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның кәсіпкерлік саласындағы құрылымдық бөлімшесі;
21) өтінім – осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілетін электрондық нысандағы өтініш;
22) өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер, сондай-ақ пайдаланушылар туралы мәліметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
23) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық ретке келтірілген, мемлекеттік қолдау процестерін орындау жөнінде қызметтер көрсетуге арналған, "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімнің мемлекеттік қолдау көрсету шарттарына сәйкестігі тұргысынан оны автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін жиынтығы;
24) үлестес компаниялар/тұлғалар – "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 64-бабында айқындалған заңды тұлғаның үлестес компаниялары/тұлғалары, сондай-ақ жеке тұлғаның үлестес тұлғалары:
жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары (бұдан әрі – жақын туыстар);
осы жеке тұлға және (немесе) оның жақын туыстары өндірістік кооперативтің ірі акционері/ірі қатысушысы/мүшесі және (немесе) лауазымды тұлғасы болып табылатын заңды тұлға;
осы жеке тұлғаның және (немесе) оның жақын туыстарының бақылауындағы заңды тұлға;
осы тармақшаның 3) және 4) абзацтарында көрсетілген заңды тұлғалар ірі акционерлері (ірі қатысушылары) болып табылатын немесе мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға;
осы тармақшаның үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды тұлғалары;
25) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің электрондық нысанда көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізетін бірыңғай терезе болып табылатын ақпараттық жүйе;
26) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және ондағы мәліметтердің өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.
Мемлекеттік грант акцизделетін өнімге байланысты қызметті жүзеге асыратын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілмейді.
2-тарау. Мемлекеттік грант берудің тәртібі мен шарттары
1-параграф. Мемлекеттік грант берудің шарттары
Бұл ретте кәсіпкердің бизнес-жобасы тізілімде тіркелген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің қызмет саласына сәйкес келуге тиіс.
Бизнес-идеяларды іске асыруға арналған бизнес-жобаның міндетті шарттары:
1) кәсіпкердің жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде ақшалай қаражатпен, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы немесе жылжымайтын жеке мүлкімен қоса қаржыландыруы;
2) жаңа жұмыс орындарын құру;
3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және (немесе) жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы.
1) тауар шығару немесе қызметтер көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды (оның ішінде негізгі құралдарды салу/жаңғырту/реконструкциялау/ күрделі жөндеу), шикізат пен материалдарды сатып алу;
2) материалдық емес активтерді сатып алу;
3) технология сатып алу;
4) кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзингке) құқықтарды сатып алу;
5) зерттеу жұмыстарына және (немесе) жаңа технологияларды ендіруге байланысты шығыстар.
Мемлекеттік грант қаражатын өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.
Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған кезден бастап 18 (он сегіз) айдан аспауға тиіс.
Бұл ретте іске асыру бойынша көрсетілген мерзім ішінде кәсіпкердің қызметі жүзеге асырмаса, сатып алынған негізгі құрал өткізіліп, бизнес-жобаны іске қосу және одан әрі іске асыру үшін ұқсас/баламалы құралмен ауыстырылмаса, кәсіпкер мемлекеттік грант қаражатын толық көлемде өтеуге міндетті.
1) жылжымайтын мүлік және (немесе) жер учаскесін сатып алуға;
2) жалдау ақысын төлеу ретінде;
3) үлестес/байланысты компаниялардан/ тұлғалардан және (немесе) кәсіпкердің жақын туыстарынан ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалған) негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (көрсетілетін қызметтерді алуға/жұмыстарды орындауға);
4) бұрын пайдалануда болған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға пайдалануға болмайды.
Бұл ретте негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алу тиісті құжаттармен (шарт/келісімшарт/жабдық паспорты/сапа сертификаты) расталуға тиіс;
5) шанағы немесе кабинадан оқшауланған жүк платформасы бар, жүк тасымалдауға арналған автокөлікті, сондай-ақ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдері мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдауға және прокатқа алуға байланысты жобаларды қоспағанда, жеңіл автокөлік сатып алуға;
6) өңдеу өнеркәсібіне жататын тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі жобаларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі қара/ұсақ мал, құс, бал арасын, сондай-ақ өзге де ауыл шаруашылығы жануарларын) сатып алуға пайдалануға болмайды.
Кәсіпкердің бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын игеруі кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагент шотына қолма-қол ақшасыз төлем арқылы жүзеге асырылады (бұрын пайдалануда болған автокөлікті жеке тұлғадан сатып алуға жол беріледі).
1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатып қойылған;
2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;
3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын;
4) мемлекеттік грант алуға өтінім берген кезде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыруды растамаған;
5) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізілімінде тұрған;
6) конкурсқа қатысушының кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі бар;
7) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде мемлекеттік грант беру бойынша қолдау алған (оның ішінде бұрын қолданыста болған бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары қолданылған кезеңде);
8) конкурс өткізілетін өңірге сәйкес келмейтін басқа өңірде тіркелген және бизнес-жобаны іске асыруды жоспарлаған кәсіпкерлерге берілмейді.
Кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың бір болуы, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің толық және жан-жақты болуы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдар мен қаржы агенттігінің өкілдері конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды.
Конкурстық комиссияны жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-білім беру мекемелерінің, салалық сарапшылардың, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының кемінде 7 (жеті) адамнан тұратын өкілдері құрайды.
Конкурстық комиссияның құрамы жыл сайынғы негізде бекітіліп, конкурстық комиссия мүшелерінің бұрын бекітілген санының кемінде 50 (елу) пайызы жаңартылады.
Еңбек заңнамасына сәйкес конкурстық комиссия мүшесінің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның отырыстарын ұйымдастырады, атап айтқанда төрағамен келісу бойынша отырыстардың өткізілетін жерін, күнін және уақытын айқындайды, конкурстық комиссияның мүшелеріне алдағы отырыс туралы хабарлайды, оларға отырысты өткізуге қажетті материалдарды жеткізеді. Комиссия отырыстары бейнеконференцбайланыс режимінде өткізілуі мүмкін.
Конкурстық комиссияның хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.
Конкурстық комиссияның отырысы кворум болған кезде заңды болып саналады.
Конкурстық комиссияның отырысы кезеңінде мүдделер қақтығысы туындаған кезде конкурстық комиссияның мүшелері өздеріне бұл туралы белгілі болған кезде бірден конкурстық комиссияның төрағасын жазбаша нысанда хабардар етеді.
Конкурстық комиссияның төрағасында мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда оның өкілеттігі конкурстық комиссия төрағасының орынбасарына өтеді.
Бұл ретте конкурстық комиссияның төрағасы және (немесе) мүшесі мүдделер қақтығысы туындаған кәсіпкердің өтінімін қарау кезінде дауыс беруге қатыспайды.
Кәсіпкерлік бастамалардың жария болуын жоққа шығару мақсатында конкурстық комиссияның мүшелері мен хатшысы осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлердің мемлекеттік грант беруге өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурс шеңберінде кәсіпкерлік бастамалар туралы мәліметтерді жария етпеу туралы келісімге қол қояды.
1) өңірлік үйлестірушінің ресми сайтында, сондай-ақ веб-порталда осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды;
2) кәсіпкерлерге мемлекеттік грант түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілетін бүкіл мерзім ішінде арқылы жартыжылдық негізде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары жария етуді қамтамасыз етеді;
3) кәсіпкерлерге конкурсқа қатысу мәселелері және оны өткізуге қатысты мәселелер бойынша, мемлекеттік грант берудің шарттары мен тәртібі туралы консультация береді;
4) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес кәсіпкерлерден конкурсқа қатысуға өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды қабылдайды;
5) конкурсты ұйымдастырады және өткізеді;
6) хаттама жасалған күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы кәсіпкерлерді мемлекеттік грант берілгені туралы хабардар етеді;
7) мемлекеттік грант беруден бас тартылған жағдайда хаттама жасалған күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге веб-портал арқылы автоматты түрде хаттамадан үзінді және мемлекеттік грант беруден дәлелді бас тарту жібереді.
1) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Мемлекеттік гранттарды беру қағидаларына 3-қосымша сәйкес нысан бойынша (конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімге қосымша міндетті түрде толтырылады) бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беруге конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім беру.
"Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық өзара әрекеттеседі;
2) өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелу;
3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде кәсіпкердің жеке шотының болуы, оның деректерінің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара әрекеттесуі нәтижесінде расталуы.
Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы кәсіпкерге субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді өзінің тіркеуіне мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осындай тіркеу жүргізілген кезден бастап берілді деп есептеледі;
4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен мемлекеттік кірістер органдары ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара әрекеттесуі нәтижесінде алынған, мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынатын бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы мәліметтерді растау;
5) бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыруды растау мақсатында – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және "Жылжымайтын мүлік тізілімі" мемлекеттік деректер базасымен ақпараттық өзара әрекеттесуі нәтижесінде расталған кәсіпкердің жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында жер учаскесінің (учаскелерінің) немесе өзге де жылжымайтын мүлігінің болуы;
6) бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы мүлікті қоса қаржыландыруды растау мақсатында – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ауыл шаруашылығы техникасы мемлекеттік тізілімімен және (немесе) "Автомобиль" дерекқорымен ақпараттық өзара әрекеттемуі арқылы расталған, кәсіпкердің жылжымалы мүлігінің болуы.
Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтінім ғана беруге құқылы. Өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде қабылданады.
1) өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;
2) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландырудың бар екенін растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар-жоғы туралы банктік шоттан үзінді-көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;
3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалисі болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.
1) кәсіпкерлер, өңірлік үйлестіруші, қаржы агенттігі, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – пайдаланушылар) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өздері тіркелу үшін олардың ЭЦҚ болуға тиіс;
2) көрсетілетін қызметтерді берушіге өңірлік үйлестіруші ЭЦҚ бар жұмыскерлерінің өзектендірілген тізімдерін жыл сайын жібереді.
Пайдаланушылар жеке кабинетте тіркелу үшін мынадай мәліметтерді:
1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін – ЖСН, тегін, атын және әкесінің атын (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін – БСН, толық атауын; бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (бар болса) және ЖСН;
3) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктегі банктік шот деректемелерін көрсетеді.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде пайдаланушы бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетке енгізілген жеке шот деректерін өзгертеді.
Субсидиялаудың ақпараттық жүйесі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға онлайн-режимде өтеусіз негізде үнемі қолжетімді болады.
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне кіре алатын көрсетілетін қызметтерді берушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жауапты тұлғалардың тізімін жыл сайын жіберіп тұрады.
Өтінімді қалыптастыру және тіркеу жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 20-тармағы 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіліп, өтінім қалыптастырылады;
2) өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде кәсіпкердің ЭЦҚ-сымен қол қойылып тіркеледі және өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Егер өңірлік үйлестіруші өтінімді қабылдаған кезге дейін тіркелген өтінімде қате бар екені анықталса, кәсіпкер себебін көрсете отырып, өтінімді кері қайтарып алуға құқылы.
Кәсіпкер мемлекеттік грант беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтінім дайындау және құжат жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін өңірлік үйлестірушіге жүгінеді.
1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы кәсіпкерлердің мақұлданған өтінімдерінің тізбесін қалыптастырады;
2) ақпараттық жүйе арқылы осы Мемлекеттік грант беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күн тәртібін, күнін, уақытын көрсете отырып, мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының графигін қалыптастырады.
График қалыптастырылғаннан кейін өтінімдері мақұлданған өтінімдер тізбесіне енген барлық кәсіпкерлерге таныстырылымның күні, уақыты мен орны және кәсіпкерлердің жобалары бойынша дауыс беру туралы автоматты түрдегі хабарлама жіберіледі.
Конкурстық комиссия отырысында кәсіпкерлердің әрбір жобасы бойынша таныстырылым ұзақтығын өңірлік үйлестіруші айқындайды және осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының графигіне сәйкес белгіленеді;
3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде конкурстық комиссия мүшелерінің авторландырылуын қамтамасыз етеді;
4) мәлімделген жобаларды мақұлдау/мақұлдамау бойынша шешім қабылдау үшін конкурстық комиссияның мүшелерін кәсіпкердің мақұлданған өтінімдерін және электрондық құжаттамасын қарау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Бизнес-жобаны таныстыру кезінде конкурстық комиссия мүшелерін, хатшысын және байқаушыларды қоспағанда, үшінші тұлғалардың қатысуына тыйым салынады.
Конкурстық комиссияның отырысына саны 2 (екі) адамнан кем болмайтын байқаушылар шақырылады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың аккредиттелген өкілдері конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде қатыса алады.
Конкурстық комиссияның отырысы барысында байқаушылар өздерінің бизнес-жобаларын таныстыратын кәсіпкерлерге сұрақ қоймайды. Байқаушыларға конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кәсіпкерлердің дербес деректеріне, кәсіпкерлер қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жариялауға, техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
Кәсіпкерлік бастамалардың жария болуын жоққа шығару мақсатында байқаушылар осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлердің мемлекеттік гранттар алуға өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурс шеңберінде кәсіпкерлік бастамалар туралы мәліметтерді жария етпеу туралы тиісті келісімге қол қояды.
1) мәлімделген жобаны ұсынылған құжаттардың толықтығы мен анықтығы тұрғысынан қарайды;
2) бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкерді бағалаудың осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 5-қосымшада көрсетілген өлшемшарттарына сәйкес әрбір мәселе бойынша балл қою әдісімен дауыс береді;
3) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының дауыс беру нәтижелері мен конкурстық комиссияның қорытынды шешімі көрсетілген хаттамасына веб-портал арқылы қол қой ылады.
Кәсіпкерлерді іріктеу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің қалай дауыс бергені жөніндегі ақпарат жария етілмеуге тиіс.
Конкурстық комиссия өтінімдерді зерделеу кезінде өңірлік үйлестіруші арқылы тиісті мемлекеттік уәкілетті органдардан, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардан өтінімде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкестігі туралы ақпаратты сұратады.
1) бизнес-идеялардың әлеуметтік бағдарлану дәрежесі/"Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының өңірлік өнімі рейтингі;
2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарық сұранысының пысықталуы – маркетингтік талдау);
3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге әзірлігі (өндірісті ұйымдастыру мәселесінің пысықталуы, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі) негізінде (оның ішінде бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкердің жобасын бағалаудың осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 5-қосымшада көрсетілген өлшемшарттарын басшылыққа ала отырып) қабылдайды.
Бұл ретте бизнес-идеялардың әлеуметтік бағдарлану дәрежесі өлшемшартына жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін, кірістерді арттыруға бағытталған және халықтың әлеуметтік осал топтарына өзге де шаралар көрсететін, инклюзия, экологиялылық, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау, жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдану көзделген әлеуметтік қолдау саласындағы жобалар кіреді.
Конкурстық комиссияның хаттамасына қол қою кезінде қаралған өтінімдерге сәйкес қаржыландыру жоспарында бюджет қаражатының көлемін автоматты түрде резервтеу жүргізіледі.
2-параграф. Мемлекеттік грантт беру тетігі
1) грант беру туралы электрондық шартты қалыптастырады және оны конкурстық комиссияның хаттамасы бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне келісуге жібереді;
2) қаржы агенттігі грант беру туралы шарттың жобасын келіскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігімен кәсіпкердің грант беру туралы шартқа қол қоюын қамтамасыз етеді.
Мақұлданған өтінімдерді қаржыландыруға қаражат жетіспеген жағдайда өңірлік үйлестіруші грант беру туралы шартты қаражат түскеннен кейін қалыптастырады.
Мақұлданған өтінімдер бойынша бюджет қаражаты ішінара жетіспеген жағдайда бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі грант беру туралы шартты қалыптастырады. Қаражат траншқа жасалған өтінімдерге сәйкес аударылады, қаражаттың жетіспейтін қалдығы кәсіпкердің шотына қосымша қаржыландыру алынған кезде аударылады.
3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу
Қаржы агенттігінің функцияларына:
1) мемлекеттік гранттың нысаналы пайдаланылуын мониторингтеу;
2) қаржы агенттігі бекітетін мониторингтеу жөніндегі жоспарға сәйкес кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды орындау қызметін мониторингтеу;
3) кәсіпкердің жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шарттарды орындауын мониторингтеу;
4) кәсіпкердің грант беру туралы шарт талаптарын орындауын мониторингтеу жатады.
1) веб-порталда мемлекеттік гранттарды алушылар тізілімін жүргізеді (веб-порталда тиісті функционал іске асырылғаннан кейін);
2) кәсіпкерлер алған қаражаттың нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды іске асыруы жөнінде өңірлік үйлестірушіге есеп береді.
Кәсіпкердің мемлекеттік грант қаражатын нысаналы пайдаланбауы туралы алынған ақпарат негізінде бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі анықталған ескертулерді жою үшін бір мәрте қосымша мерзім беру туралы не кәсіпкермен арадағы грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдау үшін қаржы агенттігінің мониторингтік есебін алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей осы ақпаратты конкурстық комиссияның келесі отырысына шығарады, содан кейін өзінің шешімі туралы өңірлік үйлестіруші мен қаржы агенттігін веб-портал арқылы хабардар етеді.
Егер конкурстық комиссия берген қосымша мерзім өткеннен кейін жоба бойынша ескертулер жойылмаса, жоба іске асырылмайды, кәсіпкер грант қаражатын өңірлік үйлестірушінің бірінші жазбаша хабарламасы бойынша сол хабарламада көрсетілген тәртіппен және мерзімде қайтаруға міндетті.
1) егер қайтару сомасы 100 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) (қоса алғанда) дейін болса – 1 (бір) айға дейін;
2) егер қайтару сомасы 500 АЕК (қоса алғанда) дейін болса – 3 (үш) айға дейін;
3) егер қайтару сомасы 500 АЕК-тен асатын болса – 6 (алты) айға дейін.
Бұл ретте АЕК мөлшері конкурстық комиссияның мемлекеттік грант қаражатын қайтару туралы шешімі қабылданған күннен бастап есептеледі.