«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік-қаржы бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының

2024 жылғы  «___»____________

  № ___ бұйрығына

  1-қосымша

 

 

«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік-қаржы бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Әкімшілік-қаржы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) «Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде
    Абай облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
  4. Бөлім: бөлім басшысы мен 3 бас маманнан тұрады (бөлімнің құрамына кіретін бөлімшелер жоқ).

 

  1. Бөлімнің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаттары:

1) Басқарманың қаржы-шаруашылық қызметін жүргізу, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және жүргізу;

2) Басқарманың қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын қолдану бойынша заңдылықтың және түсіндіру жұмыстарының сақталуын қамтамасыз ету;

3) Басқарманың кадрлық іс жүргізуін ұйымдастыру және жүргізу.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Басқарманың қаржы-шаруашылық қызметін жүргізу, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және жүргізу;

2) Басқарманың қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын қолдану бойынша заңдылықтың және түсіндіру жұмыстарының сақталуын қамтамасыз ету

3) Басқарманың кадрлық іс жүргізуін ұйымдастыру және жүргізу.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

2) Басқарма басшысының келісімі бойынша үйлестіру, кеңес беру, консультативтік және басқа да органдарды құруға және олардың жұмысына қатысуға, бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жұмыс топтары мен комиссиялардың құрамына кіруге міндетті;

3) Басқарма мен бөлім қызметін жақсарту мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен ұсыныстар әзірлеуге және енгізуге;

4) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

  1. Функциялары:

1) Бухгалтерлік есепті және қаржы-шаруашылық қызметті жүргізу;

2) Жалақы, салық және басқа да міндетті төлемдерді, зейнетақы, сақтандыру жарналарын және өзге де төлемдерді есептеу және аудару бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру;

3) Қаржы құрылымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, келісу және ұйымдастыру. Қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы жылдық, тоқсандық, ай сайынғы есептілікті жасау;

4) қаражат шығыстары туралы жедел жиынтық есептерді жасауды қамтамасыз ету;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыру, мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттардың жобаларын әзірлеу, тауарлар, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін өнім берушілермен және мердігерлермен есеп айырысуды жүзеге асыру, бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік өтінімдерді жасау және бекіту, мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті жасау, «Ашық бюджеттер» порталында ақпаратты уақтылы орналастыру;

 6) Бюджет және уәкілетті органдар ұсынған ақпарат негізінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында және интернет-ресурста орналастырады; тауарларды, жұмыстарды және басқа да құжаттарды мемлекеттік сатып алу бойынша бұйрықтардың, хаттамалардың, шарттардың және өзге де құжаттардың жобаларын дайындайды және келіседі;

7) Конкурстық өтінімдердің енгізілуіне және қайтарылуына және мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

8) Қызметте туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылардың, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларына дайындалуын бақылау;

9) Наразылық шағымдарының, сот істері бойынша хабарламалардың қорытындылары бойынша талдауды және жинақтауды бақылау;

10) Құқықтық сипаттағы мәселелерді қарау кезінде сотта, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда белгіленген тәртіппен басқарманың мүдделерін білдіруге;

11) Басшыға қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, қаулылардың және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеруге және оларға бұрыштама қояды;

12) Басқарма қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру;    

13) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;

14) Өңірлік және мемлекеттік бағдарламаларды, әкімдік қаулылары мен облыс әкімі өкімдерін, облыстық мәслихат тапсырмаларын және басқа да заңнамалық актілерді орындау, басшылық құжаттары мен тапсырмаларының орындалуын бақылау және мониторингтеу, олардың уақтылы және сапалы орындалуы;

15) Өтініштерге уақтылы және сапалы жауап беруді, «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу тәртібін сақтауды бақылау;

16) Басқарманың, бөлімдердің ережесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

17) Басқармада, оның ішінде персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі «Е-қызмет» арқылы кадрлық іс жүргізуді жүргізу;

18) Қызметте еңбек заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету, кадр бұйрықтарын ресімдеу;

19) мемлекеттік қызметшілермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек көрсету;

20) Бөлім қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдау, жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

21) Мемлекеттік қызметшілер басқармасының бағалау әдістемесі негізінде жұмыс жүргізу;

22) «Iprotocol» порталында басқарма басшыларының (басқарма басшысы және оның орынбасарлары) азаматтарды жеке қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және бөлімнің құзыретіне жататын тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындау;

23) Өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Бөлім басшысы уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін қаржы-шаруашылық қызметінің функциялары бар немесе басқарма басшысы тағайындайтын қызметкер орындайды.
  3. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын бөлім басшы басқарады.
  4. Бөлім басшысы оның қызметіне жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  5. Бөлімнің басшысы Басқарманың басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
  6. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқарманың құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы бұрыштама қояды; басқа мемлекеттік органдарға не олардың құрылымдық бөлімшелеріне бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын адам бұрыштама қояды және оған жетекшілік ететін орынбасар не басқарма басшысы қол қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Келісілді»

Әкімшілік-қаржы бөлімінің басшысы

________________________________

(аты-жөні толық)

«__»_________________2024 жыл

Дата публикации
22 мая 2024