«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің туризмді дамыту және сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының

2024 жылғы  «___»____________

  № ___ бұйрығына

  3-қосымша

 

 

 

«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің туризмді дамыту және сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Туризмді дамыту және сыртқы экономикалық байланыстар бөлімі (бұдан әрі – бөлім) «Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде
    Абай облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі
  4. Бөлім: бөлім басшысы мен 2 бас маманнан тұрады (бөлімнің құрамына кіретін бөлімшелер жоқ).

 

  1. Бөлімнің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаттары:

1) Туризмді дамыту, халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық байланыстар саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) Қалалық және аудандық атқарушы органдармен, облыстық статистика департаментімен және туризмді дамыту және сыртқы экономикалық байланыстар мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

3) Туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Облыстың туризмді дамыту, халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық байланыстар жобаларын іске асыру туралы мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардан ақпарат сұратуға және алуға;

2) Басқарма басшылығының қарауына туризмді дамыту, халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық байланыстар жөнінде ұсыныстар енгізуге;

3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер шақыруға;

4) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу;

5) Туризмді дамыту, халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық байланыстарда мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы басшылықты хабардар етуге міндетті;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

  1. Функциялары:

1) Облыс аумағында туристік қызмет саласында үйлестіруді жүзеге асыру;

2) Туризмді дамытудың өңірлік бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

3) Туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіру;

4) Облыс аумағында қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін уәкілетті органға тоқсан сайын ақпарат беру;

5) Облыс аумағында туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімімен жұмыс жүргізу;

6) Туристік қызметтер нарығына талдау жүргізу және облыс аумағында туризмді дамыту туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсыну;

7) Туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;

8) Коммерциялық және әлеуметтік туризмді, туристік инфрақұрылымды, демалыс аймақтары мен табиғи-қорғау аймақтарын дамыту жөніндегі жобаларды сүйемелдеу;

9) Өңірлік және республикалық көрмелерде өңірдің туристік инфрақұрылымын таныстыру үшін ақпараттық және әдістемелік материалдар әзірлеу;

10) Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері үшін облыс аумағында ақпараттық-консультациялық, таныстыру-көрме іс-шараларын өткізу, олардың республика аумағында және одан тыс жерлерде форумдарға, конференцияларға, слеттерге, фестивальдарға, көрмелерге қатысуын ұйымдастыру;

11) Облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысу;

12) Туристер бірлестіктерінің қызметіне және дербес туризмді дамытуға жәрдем көрсету;

13) Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру;

14) Е-лицензиялау порталы арқылы туроператорлық қызметке лицензия алуға жеке және заңды тұлғалардан құжаттар қабылдауды жүргізу;

15) Е-лицензиялау порталы арқылы туроператорлық қызметке лицензияларды ресімдеу және беруді жүзеге асыру;

16) Облыс аумағында лицензияланатын қызмет түрінің жай-күйіне мониторинг жүргізу;

17) Лицензиялар тізілімін және лицензиялар беру журналын жүргізу;
          18) Заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиаттардың лицензиялық ережелерді сақтауына мониторингті жүзеге асыру;

19) Сыртқы экономикалық байланыстардың, шет елдермен ғылыми-техникалық және экономикалық ынтымақтастықтың прогрессивті нысандарын дамыту бойынша ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлеу бойынша басшылықты жүзеге асырады;

20) Сыртқы экономикалық қызмет бойынша мәселелерді шешу үшін келген шетелдік және отандық ұйымдардың өкілдерін белгіленген тәртіппен қабылдауды ұйымдастырады;

21) Сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа нысандарын дамыту бойынша ұсынымдар әзірлейді;

22) Ұйымның басшылығы үшін сыртқы экономикалық байланыстардың барлық мәселелері бойынша ақпарат дайындайды;

23) Бөлімнің құзыретіне жататын жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптардың уақытылы және сапалы беру;

24) Бөлімнің құзыретіне жататын «Iprotocol» порталында тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындау;  

25) «Ашық деректер» порталында ақпаратты уақтылы толтыру;

26) Өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Бөлім басшысы уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін басқарма басшысы тағайындайтын бөлім қызметкері орындайды.
  3. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын бөлім басшы басқарады.
  4. Бөлім басшысы оның қызметіне жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  5. Бөлімнің басшысы Басқарманың басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
  6. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқарманың құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы бұрыштама қояды; басқа мемлекеттік органдарға не олардың құрылымдық бөлімшелеріне бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын адам бұрыштама қояды және оған жетекшілік ететін орынбасар не басқарма басшысы қол қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Келісілді»

Туризмді дамыту және сыртқы экономикалық

байланыстар бөлімінің басшысы

________________________________

(аты-жөні толық)

«__»_________________2024 жыл

 

                                                      

 

Дата публикации
22 мая 2024