«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

 

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 – бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, жеке кәсіпкерлік және сауда салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ "Абай облысының мемлекеттік мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы"Абай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 шілдедегі                    № 4 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 ақпанда № 19982 болып тіркелген) Басқарма мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 7 түрін көрсетеді.

1) «Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы заңнама шеңберінде «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары»;

2) «Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы заңнама шеңберінде Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидалары», кіші түрлері:

3) Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия беру, кіші түрлері:

3-1) Көшпелі туризм саласында;

3-2) Кіру және ішкі туризм саласында.

4) Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу;

5) Алдағы құрылыс учаскесінің астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың болмауы немесе олардың шамалы болуы туралы қорытынды беру;

6) Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарды салуға рұқсат беру;

7) Ізденуге лицензия беру.

7 мемлекеттік қызметтің 5-і «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы баламасыз (электрондық (толық автоматтандырылған) қызметтер www.egov.kz алу тәсілі басқару тұлғасындағы жергілікті атқарушы орган, ЭҮП, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – АК) болып табылатын баламалы қалғандары. 5 қызмет тегін негізде және 2 қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсетілуге өтініш саны 367 құрады, оның ішінде электрондық түрде – 359, Мемлекеттік орган арқылы – 8«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 0, көрсетілген 73, бас тартылған – 294

1) «Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы заңнама шеңберінде «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары»; мемлекеттік қызметі ең сұранысқа ие болып қала береді, оның 2023 жылы ЖБ 100 млн. тг. - ден бөлінді, 10-15 шілде аралығында Kezekte.kz сайты арқылы құжаттарды қабылдау жүзеге асырылды, 302 өтініш келіп түсті, оның конкурстық комиссияның нәтижелері бойынша 22 жоба мақұлданды (жеңімпаздар тізімі ресми сайтта және инстаграмдағы Басқару бетінде жарияланған), 280 бас тартылды.

2) Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу бойынша 2023 жылы 2 отырыс өткізілді, онда 8 өтініш түсіп, оның 7  мақұлданды, 1 бас тартылды. Бүгінгі таңда 2 жоба («Мәуліт» ШҚ 32,4 млн. тг. және «Диана» ШҚ 44,6 млн. тг.) ЖБ-дан қаржы алды, мердігер жұмыстарды аяқтады, электр энергиясын қосу процесі жүріп жатыр.

3) Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия берудің кіші түрі кіру және ішкі туризм саласында – 3 оң қаралды, бас тартылған жоқ.

4) Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу – 6 өтініш түсіп, оның: 3 оң қаралды, 3 бас тартылды;

5) Алдағы құрылыс учаскесінің астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың болмауы немесе олардың шамалы болуы туралы қорытынды беру -20 өтініш түсіп, оның: 17 оң қаралып, 3 бас тартылды;

6) Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарды салуға рұқсат беру – өтініш түскен жоқ;

7) Кен ізденушілікке арналған лицензия беру – 28 өтініш түсіп, оның 21 оң қаралды, 7 бас тартылды.

Есепті кезеңде басқарма мен бөлімдердің басшысы бірнеше рет азаматтарды қабылдап, БАҚ-тың қатысуымен сұхбат және «Instagram» әлеуметтік парақшасы арқылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде Абай облысының кәсіпкерлерін қолдау мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заңнаманы түсіндіру бөлігінде онлайн түсініктемелер берді.

«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» бағыты бойынша басқарма қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және бақылауда болады.

 

 

Абай облысының кәсіпкерлік және

индустриялық-инновациялық даму

басқармасының басшысы                                                   Р. Ворошилов

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 мая 2024