Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 – бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, жеке кәсіпкерлік және сауда салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ "Абай облысының мемлекеттік мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы"Абай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 4 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
11) «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары»;
2) «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидалары», кіші түрлері:
2-1) Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылым алу;
2-2) Индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жөніндегі жобаларға жетіспейтін инфрақұрылым алу.
3) Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия беру, кіші түрлері:
3-1) Көшпелі туризм саласында;
3-2) Кіру және ішкі туризм саласында.
4) Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу;
5) Алдағы құрылыс учаскесінің астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың болмауы немесе олардың шамалы болуы туралы қорытынды беру;
6) Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарды салуға рұқсат беру;
7) Ізденуге лицензия беру.
7 мемлекеттік қызметтің 5-і «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы баламасыз (электрондық (толық автоматтандырылған) қызметтер www.egov.kz алу тәсілі басқару тұлғасындағы жергілікті атқарушы орган, ЭҮП, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – АК) болып табылатын баламалы қалғандары. 5 қызмет тегін негізде және 2 қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 502 құрады, оның ішінде электрондық түрде – 502, Мемлекеттік орган арқылы – 0, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 0, көрсетілген 27, бас тартылған – 475.
«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес – идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары» мемлекеттік қызметі ең сұранысқа ие болып қала береді, оның саны 2022 жылы – көрсетілген қызметтердің жалпы санының 493 немесе 98,2% - құрады.
Есепті кезеңде басқарма мен бөлімдердің басшысы бірнеше рет азаматтарды қабылдап, БАҚ-тың қатысуымен сұхбат және «Instagram» әлеуметтік парақшасы арқылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде Абай облысының кәсіпкерлерін қолдау мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заңнаманы түсіндіру бөлігінде онлайн түсініктемелер берді.
«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» бағыты бойынша басқарма қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және бақылауда болады.