Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының
2024 жылғы «___»____________
№ ___ бұйрығына
5-қосымша
«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің cауда бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1) Жергілікті атқарушы органдардың сауда қызметін қолдау және дамыту жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіру;
2) Сауда қызметін қолдау мен дамытудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын іске асыру.
1) Бөлім заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардан сауданы дамытуға байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға құқылы;
2) Бөлім бөлімнің құзыретіне жататын бөлім басшысы және басқа да мемлекеттік органдар өткізетін отырыстар мен кеңестерге қатысуға құқылы;
3) Бөлім өз құзыреті шегінде сауда субъектілерінің қызметіне бақылауды жүзеге асыруға құқылы;
4) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу;
5) Бөлім сауда мәселелері бойынша анықталған заңнама бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы басшылықты хабардар етуге міндетті.
1) Бағдарламалық құжаттардың немесе олардың салалық бөлімдерінің іске асырылуын үйлестіру және мониторингілеу, олар бойынша есептер дайындау;
2) Бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді әзірлеу үшін материалдар ұсыну;
3) Ішкі сауданың дамуына талдау жасау;
4) Азық-түлік тауарларының баға жағдайы туралы аналитикалық ақпарат дайындау;
5) Өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыру;
6) Облыстың қалалары мен аудандарының кәсіпкерлік бөлімдерімен сауда қызметі саласындағы реттеу және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек және көтерме бағалардың мониторингін жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
7) Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту бойынша есепті жүзеге асыру және уәкілетті органға ұсыныстар беру;
8) Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру және белгіленген бағаларға бақылауды жүзеге асыру;
9) Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
10) Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
11) Абай облысында азық-түлік тауарлары бағасының барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
12) Облыс шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармай материалдарының бағасын тұрақтандыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
13) Абай облысының Азаматтық қорғаудың облыстық сауда және тамақтану қызметтерінің, жанар-жағармай материалдарының жұмысын ұйымдастыру;
14) Азаматтық қорғау бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізуге қатысу;
15) Орталық және жергілікті атқарушы органдардың тапсырмаларын, бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша кеңестердің республикалық және облыстық хаттамаларын орындау бойынша ақпарат дайындау;
16) Мекемелердің, ұйымдардың сұраныстары бойынша ақпарат дайындау;
17) Функционалдық міндеттерге жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, әкім шешімдерінің жобаларын әзірлеу;
18) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптарды уақтылы және сапалы қарау, ұсыну;
19) Бөлімнің құзыретіне жататын «Iprotocol» порталында тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындау;
20) «Ашық деректер» порталында ақпаратты уақтылы толтыру;
21) Өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Келісілді»
Сауда бөлімінің басшысы
________________________________
(аты-жөні толық)
«__»_________________2024 жыл