«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өнеркәсіпті дамыту және индустриялық-инновациялық даму бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

          

                                

Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының

2024 жылғы  «___»____________

  № ___ бұйрығына

  6-қосымша

 

 

«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өнеркәсіпті дамыту және индустриялық-инновациялық даму бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Өнеркәсіпті дамыту және индустриялық-инновациялық даму бөлімі (бұдан әрі – бөлім) «Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде
    Абай облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі
  4. Бөлім: бөлім басшысы мен 3 бас маманнан тұрады (бөлімнің құрамына кіретін бөлімшелер жоқ).

 

  1. Бөлімнің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаттары:

1) Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу және өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау;

2) Өнеркәсіпті дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау және облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалын айқындайтын кәсіпорындарға проблемалық мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

3) Бөлім құзыреті шегінде облыс өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік қызметінің көрсеткіштерін талдау және мониторингілеу;

4) Облыс аумақтарын дамыту бағдарламасын, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын өнеркәсіп мәселелері бойынша іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Жоғарыда көрсетілген бағдарламаларды іске асыруға кедергі келтіретін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған актілердің күшін жою не өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде барлық меншік нысанындағы мемлекеттік мекемелерден және шаруашылық жүргізуші субъектілерден қажетті ақпаратты сұратуға;

3) Облыс кәсіпорындарының, ұйымдарының, қоғамдық құрылымдарының мамандарын олардың басшылығымен келісе отырып, облыс өнеркәсібін дамытудың бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу үшін тартуға құқылы;

4) Басқарма басшылығына Бөлімнің жұмысына қатысты ұсыныстар енгізуге;

5) Облыс әкіміне және жоғары тұрған органдарға және өнеркәсіп мәселелері бойынша ұсыныстар дайындауға қатысуға;

6) Өнеркәсіп мәселелері жөніндегі кеңестерге қатысуға.

7) Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді;

8) Бөлім қызметінің негізгі бағыттарын айқындай отырып, Басқарманың жұмыс жоспарын қалыптастыруға қатысады;

9) Бөлімнің құзыреті шегінде Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын орындау жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар Жоспарының тармақтарының орындалуы туралы ақпаратты дайындайды және жоғары тұрған органдарға ұсынады;

10) Өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының жұмысын талдауды жүзеге асырады;

11) Облыстың өнеркәсіп мәселелері бойынша кеңестер дайындауды және өткізуді жүзеге асырады;

12) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу.

  1. Функциялары:

1) Облыс аумағын дамытудың бес жылдық кезеңге арналған бағдарламасының салалық бөлімдерін бөлімдермен бірлесіп әзірлеу, оның іске асырылу барысын бақылау мен талдауды жүзеге асыру;

2) Басқармамен жетекшілік ететін мәселелер бойынша бөлімдермен бірлесіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу, оның іске асырылу барысын бақылау және талдауды жүзеге асыру;

3) Басқарма қызметінің мәселелері бойынша жиынтық материалдарды, есептерді, талдамалық жазбаларды, баяндамаларды, мақалаларды дайындау;

4) Облыстың өндіру және өңдеу өнеркәсіптік кәсіпорындарын дамыту бойынша талдамалық материалдар дайындау;

5) Облыстың тоқтап тұрған өнеркәсіптік кәсіпорындарының қызметін қалпына келтіру мониторингі;

6) Техникалық регламенттерді, стандарттарды, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдарда менеджмент жүйесіне арналған стандарттарды енгізу жөніндегі өңірлік жоспарды әзірлеуге және келісуге қатысу;

7) Кәсіпорындарда халықаралық стандарттар негізінде менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу мониторингін жүзеге асыру;

8) Сауда-экономикалық миссияларды, көрмелерді, жәрмеңкелерді, форумдарды, конкурстарды, семинарларды ұйымдастыруға қатысу және оларға қатысуға облыстың шаруашылық жүргізуші субъектілерін тарту;

9) Индустриялық аймақтардың жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;   

10) «Даму» қорымен, Абай облысының кәсіпкерлер палатасымен және екінші деңгейдегі банктермен «Қарапайым заттар экономикасы» тауарларын кредиттеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

 11) Абай облысы өнеркәсіптік кәсіпорындарының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

12) Инновациялар және жаңа технологиялар жөніндегі кеңестің, өңірлік экспорттық кеңестің, отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері жөніндегі облыстық комиссияның жұмысын ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады;

13) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптардың уақытылы және сапалы ұсыну;

 14) Аумақтарды дамыту бағдарламасы және өзге де бағдарламалық, стратегиялық құжаттар үшін облыстың инновациялық дамуы бойынша ақпаратты (талдау, нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер) дайындауды жүзеге асыру және бөлімнің қызметіне қатысты бөлігінде олардың мониторингін жүргізеді;

15) Өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыруды іске асыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;

16) Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелерінде консультациялық көмек көрсету;

17) «Ашық деректер» порталында ақпаратты уақтылы толтыру.

18) Бөлімнің құзыретіне жататын «Iprotocol» порталында тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындау;

19) Өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Бөлім басшысы уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін басқарма басшысы тағайындайтын бөлім қызметкері орындайды.
  3. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын бөлім басшы басқарады.
  4. Бөлім басшысы оның қызметіне жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  5. Бөлімнің басшысы Басқарманың басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
  6. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқарманың құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы бұрыштама қояды; басқа мемлекеттік органдарға не олардың құрылымдық бөлімшелеріне бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын адам бұрыштама қояды және оған жетекшілік ететін орынбасар не басқарма басшысы қол қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Келісілді»

Өнеркәсіпті дамыту және

индустриялық-инновациялық даму

бөлімінің басшысы

________________________________

(аты-жөні толық)

«__»_________________2024 жыл

                     

 

Дата публикации
15 марта 2023