«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің (ШОБ) ЕРЕЖЕСІ

Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының

2024 жылғы  «___»____________

  № ___ бұйрығына

  7-қосымша

 

 

«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімі (ШОБ) (бұдан әрі – Бөлім) «Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде
    Абай облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
  4. Бөлім: бөлім басшысы мен 2 бас маманнан тұрады (бөлімнің құрамына кіретін бөлімшелер жоқ).

 

  1. Бөлімнің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаттары:

1) Жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы іс-қимылдарын үйлестіру;

2) Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру; 

3) Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар қалыптастыру;

4) Кәсіпкерлік саласындағы тәжірибені талдау және жалпылау және заңнаманы қолдану, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген мерзімдерде жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпорындардан шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы ақпарат сұратуға және алуға;

2) Басқарма басшылығының қарауына жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер шақыруға;

4) Жеке кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруда мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы басшылықты хабардар етуге;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;

6) Жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі бөлім мен басқарманың жылдық жұмыс жоспарларын әзірлеу;

7) шағын және орта бизнесті дамытуға жәрдемдесу;

8) басқарма іске асыратын бизнесті қолдаудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламалары шеңберінде қаржылық және өзге де қызметтер көрсету бөлігінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге, облыс кәсіпкерлеріне ақпараттық және консультациялық көмек көрсетуді жүзеге асыруға;

9) жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша кеңестер мен конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысуға;

10) есептерді дайындауға және оларды белгіленген мерзімде облыстық басқармалар мен жоғары тұрған мемлекеттік органдарға ұсынады;

11) Жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерімен, Екінші деңгейдегі банктермен,
микроқаржы ұйымдарымен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;

12) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу.

  1. Функциялары:

1) Кәсіпкерлікті дамыту бөлігінде республикалық және жергілікті деңгейлердің стратегиялық, бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге қатысу;

2) Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының салалық бөлімін әзірлеу;

3) Бөлімнің құзыретіне қатысты бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын үйлестіру және мониторингілеу, олар бойынша есептер дайындау;

4) Әлеуметтік кәіпкерлік реестрна кірген шағын жіне орта бизнес тұлғаларына мемлекеттік гранттар беру;

5) Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу;

6) Бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді әзірлеу үшін материалдар жинауды және ұсынуды ұйымдастыру;

7) Кәсіпкерлік қызметті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді азайтуға жәрдемдесу;

8) Облыста шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мониторингін жүзеге асыру;

9) Жалпы үйлестіру, консультациялық көмек көрсету (экономикалық, заңдық және т.б.) және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын сүйемелдеуді ұйымдастыру;

10) Микрокредит түрінде уәкілетті өңірлік ұйым берген бюджет қаражатын қайтару мониторинг жүргізу;

11) Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін бөлінетін бюджет қаражатының қозғалысына мониторинг жүргізу;

12) Бизнесті қолдау бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруды ұйымдастыру;

13) Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу мәселелерін қарау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

14) Кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту, әкімшілік кедергілерді азайту саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

15) Мемлекеттік органдар өкілдерінің қоғамдық ұйымдар мен облыс кәсіпкерлерімен кездесулерін өткізуді ұйымдастыру;

16) Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдармен, даму институттарымен, облыстық және аумақтық ұйымдармен, қалалар мен аудандардың  әкімдіктерімен жұмысты ұйымдастыру;

17) Облыс аумағында кәсіпкерлік субъектілері үшін ақпараттық-консультациялық, презентациялық-көрмелік іс-шаралар өткізу, олардың республика аумағында және одан тыс жерлерде форумдарға, конференцияларға, көрмелерге қатысуын ұйымдастыру;

18) Шағын және орта бизнес мәселелері бойынша облыстық комиссиялардың, жұмыс топтарының, сараптамалық кеңестердің және т.б. жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

 19) Бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызметтер мен кәсіпорындардың мұқтаждары үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жанынан өндірісті құруды және дамытуды ұйымдастыруға жәрдемдесу;

20) Құрылыс-монтаждау жұмыстарында сертификатталмаған материалдарды сатып алуды болдырмау үшін дайындалатын өнімді сертификаттау мәселесі бойынша жергілікті өндірушілермен өзара іс-қимыл жасау;

21) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптарды уақтылы және сапалы қарауды, ұсынуды бақылауды жүзеге асыру;

22) «Ашық деректер» порталында ақпаратты уақтылы толтыру;

23) Бөлімнің құзыретіне жататын «Iprotocol» порталында тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындау;

24) Өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Бөлім басшысы уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін басқарма басшысы тағайындайтын бөлім қызметкері орындайды.
  3. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын бөлім басшы басқарады.
  4. Бөлім басшысы оның қызметіне жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  5. Бөлімнің басшысы Басқарманың басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
  6. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқарманың құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы бұрыштама қояды; басқа мемлекеттік органдарға не олардың құрылымдық бөлімшелеріне бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын адам бұрыштама қояды және оған жетекшілік ететін орынбасар не басқарма басшысы қол қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Келісілді»

Жеке кәсіпкерлікті қолдау және

дамыту бөлімінің (ШОБ) басшысы

________________________________

(аты-жөні толық)

«__»_________________2024 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Келісілді»

Жеке кәсіпкерлікті қолдау және

дамыту бөлімінің (ШОБ) басшысы

________________________________

(аты-жөні толық)

«__»_________________2024 жыл

 

Дата публикации
15 марта 2023